Коучинг – сабақ тақырыбы: Lesson study әдісін сабақта қолданудың тиімділігі
Коучинг – сабақ тақырыбы: Lesson study әдісін сабақта қолданудың тиімділігі
Мақсаты: Мұғалімдердің кәсіби деңгейін жоғарлатуда, бірлесіп оқушыларды жан — жақты зерттеу арқылы жұмыс жасайтын педагогикалық тәсіл туралы білуге, тәжірибе алмасуға бағыттайды.
Күтілетін нәтижелері:
- Lesson Study тәсілімен танысады ;
• Бұл тәсілдің мұғалімдер мен оқушыларға, оқу мен оқыту сапасын көтеруге мүмкіндік беретін тиімді жақтарымен танысады.
• Өз тәжірибелерінде қолдануға мүмкіндік алады.
Басты идеясы: Визуалды және ауызша түрдегі негізгі ақпарат ұстаздардың тәуелсіз ойлауына және олардың ой қорыту, өзіндік түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Топпен болашақта оқушыларды зерттеу сабағын жүргізудегі тиімді жолдарын қарастырады. Сабақта қолданылатын материалдар: үлестірмелі материалдар, бейнежазбалар, А4, А3 қағаздары, маркерлер, интерактивті тақта
Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер, АКТ, СТО
- Диалог 2.Жұптық жұмыс 3.Топтық жұмыс
- Дерек көздері: Интернет материалдар, МАН
Тапсырмалар: Сұрақтар, салыстыру, зерттеу, түйіндеу
Оқуға арналған тапсырма: Мұғалімге арналған нұсқаулық
Уақыты | Коучинг – сабақ барысы | Коучтің іс- әрекеті | Мұғалімнің іс- әрекеті |
5 минут
| Құрметті мұғалімдер «Lesson study әдісін сабақта қолданудың тиімділігі» атты тақырыпта жүргізілетін коучингке қош келдіңіздер! Сергіту сәті. Топқа бөлу Алдарыңыздағы тұрған қағаздардағы сөздерді таңдай отырып «Көңілді күн» әнінің көрсетілімі қосылғанда сәйкес келетін сөз тіркестерімен жұп бойынша топтасып, өздеріңізді бір билеп сергіп алып орындарыңызға жайғассаңыздар! Рахмет! Яғни, топқа бөліне отырып, сергіту сәті жүргізіледі. | Менің сөздерімнің тереңіне үңіледі, өз еріктерімен жұмыс жасайды, мені қолдайды
| Мұғалімдер арасында психологиялық ахуал туады.
Ынтымақтастық та топқа бөлінеді
|
1минут
3 минут | «Еліміздің ертеңі — білімді ұрпақтың қолында, білімді ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында — демекші құрметті мұғалімдер дамыған елдің қатарына қосылуымыз үшін білімді ұрпақты дайындау үшін мұғалім қауымы шебер болу керек деген ойдамын, енді сіздермен мынандай «Ашық және жабық сұрақтар» жүргізбекшімін! Өз ойларыңызды айтсаңыздар. · Тақырыпты ашуға бағытталған ашық , жабық сұрақтар: | Коуч тақырыпқа қатысты сұрақтар қоя отырып жетелейді
Коуч ары қарайғы іс -әрекетті түсіндіреді | Қатысушылар коучинг мақсатын анықтайды,
Жеке жұмыс, ойланады, өз пікірін айтады, өзгенің пікірінің құндылығына үңіледі.
Ынтымақтастық та топпен талқылай отырып жауап береді |
15 минут
| «Lesson Study» атты тақырыпта презентация түсіндіріледі, сол туралы бейнежазба тыңдалынады. | Коуч тақырып бойынша презентацияны түсіндіреді | Мұғалімддер тақырып аясында ой түйеді |
13 минут
Әр топта 7 минуттан қорғалады | — Құрметті әріптестер, енді бәріңізге «Lesson Study-дің сабақта қолданылу тиімділігі» тұрғысынан тапсырмалар беріледі, сол тапсырмаларды орындауларыңызды сұраймын. Топтарға берілетін тапсырмалар: 1. Lesson Study-дің басты мақсаты қандай? 2. Lesson Study сабақта қалай жүргізіледі 3. Бірінші Lesson Study-ді жоспарлау және «бақылаудағы» оқушыларды анықтау 4. Lesson Study-ден кейінгі талқылау (сабақтан кейін бақылаудағы оқушылардың пікірін білу) 5. Әріптестерді Lesson Study-дің нәтижелерімен ресми түрде таныстыру мен оны мектеп -интернат бағдарламасына енгізу. Осы тапсырмалар бойынша әр топ презентация дайындайды. | Ынтымақтастықта жұмыс істеу, жауапкершілікті сезіну
Коуч түсініксіз сұрақтар бойынша бағыт- бағдар береді. | Ынтымақтастық та өз пікірін айта отырып, өзгенің пікірінің құндылығына үңіледі.
Топ мүшелері ынтымақтастық пен дайындалады
Топтар Lesson Study-дің кезеңдерін түсіндіреді, өзара талдайды |
10 минут | «Lesson study әдісін сабақта қолданудың тиімділігі» атты тақырыпқа кластер құру. Бүгінгі коучинг — сабақ бойынша қорытындылайды. | Топтардың кластер құруына коучинг — сабақ бойынша кластер құруына бағыттайды. | Топтар кластерлерін қорғайды |
5 минут | Топтар өзара бағалау жүргізеді | Топтарға бір -бірлерін бағалауды ұсынады | Әр топтар кезектесіп, өзара бағалау арқылы пікрілерін айтады. |
2 минут | Бағдаршамға екі жұлдыз, бір тілек жазу арқылы кері байланыс алынады. | Тақтаға бағдаршам іледі | Әрбір қатысушы жеке жұмыс. Яғни, екі тілек пен бір ұсыныс қалдырады. |