Топ жұмысындағы ынтымақтыстықтың маңыздылығы
Сабақтың тақырыбы | Топ жұмысындағы ынтымақтыстықтың маңыздылығы |
Сабақтың мақсаты | Топтарда бірлескен жұмыс жүргізу ережесін жасау.Топ жұмысындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын түсіну. Мұғалімдердің топтарда жұмыс жүргізу тәжірибелерін жетілдіру. Бірлескен оқудың мәнін түсінуге кәсіби қолдау көрсету |
Табыс критерийлері | Б. Бірлескен және топтық жұмыс туралы тұжырымдаманы біледі. Т. Топта ынтымақтасықтық орнатудың маңыздылығын түсінеді. Қ. Қарым қатынасты ұйымдастыру қағидаттарын талдайды. Т. Топ мүшелерінің жұмысын айқындайды. Ж. Әртүрлі әдіс тәсілдерді қиыстырады. Топ ішінде байланыс орнатып, жоспарды жинақтайды. Б. Критерийлер негізінде жұмыс сапасын бағалайды.
|
Оқу нәтижесі | Белгілі бір тапсырмаларды орындау кезінде мұғалімдердің шағын топтарда бірлескен жұмысты ұйымдастыру әдістемесін игереді. Ынтымақтастық табысқа жетудің бастауы екенін айқындайды. |
Жаттығулар | Сергіту сәті. ,,Австралия жаңбыры,, Дене қимылдары арқылы тырсылдап басталған жаңбырдың үдеп, нөсерлетіп барып басылғанын көрсетеді.\Жайлы ахуал қалыптасып, мұғалімдерді тынышталдыру мақсатында ұйымдастырылады.\ 5 мин Топта жұмыс істеу ережесін бірлесіп құрып алу. Топ ережесіне бағыну ынтымақтстықтың негізгі бастауы екенін айқындайды.10 мин ,,Бірлескен және топтық жұмыстағы ынтымақтастықтың маңыздылығы,, \презентация\ 8 мин Топқа бөлу. \Пазлдарды құрастыру арқылы топқа бөлу\ 2 мин Талқылау сұрағы 7мин ,, Не үшін ынтымақтастықта және өзара әрекеттесіп жұмыс істеу қажет,,\маңыздылығын атап өту\ Практикалық жаттығу. 10 мин Әр топқа жыл мезгілдерін суреттейтін әдемі суреттер таратылады Әр топтың мүшесіне суретке қарап, екі жоғары деңгейлі сұрақтар әзірлеуді тапсыру Жұппен жұмыс. Жұппен отырып құрған сұрақтарына жауап береді. Топта талқылауға салып, ортақ шешімге келеді, жауаптарын біріктіріп., біртұтас әңгіме құрады Әңгімелерін оқиды.
|
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл | Топтың құрамын қайта құрастыру.\ пазлдардың артына сандарды жазып, сол сандар бойынша топты қайта құру\ 3 мин Әр топқа төмендегідей тапсырмаларды ұсынады.\топта талқыланады, ұжыммен бөліседі\10 мин І топ. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады. ІІ топ. Оқу тапсыраларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталауды емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді. ІІІ топ. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі.. Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады. ІҮ топ. Бірлескен оқу ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұғалімдердің пікірлерін талқылау Кері байланыс.Блум таксономиясы бойынша 5мин |
Ресурс көздері | Нұсқаулық.78- бет, Білім беру платформасы\ интернет желісі\ |