Коучинг тақырыбы: «Оқушылардың оқу белсенділіктерін арттыру үшін қандай бағалау түрлерін қолдануға болады?»
Коучинг тақырыбы: «Оқушылардың оқу белсенділіктерін арттыру үшін қандай бағалау түрлерін қолдануға болады?»
Коучинг тақырыбы | Оқушылардың оқу белсенділіктерін арттыру үшін қандай бағалау түрлерін қолдануға болады?
|
Жалпы мақсаты | «Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау» модулі жайында түсіндіре отырып, нәтижеге қол жеткізуде топпен ынтымақтастықта жұмыс жасау. Мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығының қарқынды жұмыс істеуіне, топтық жұмысты енгізуіне, оқыту тәжірибесін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыс жүргізілуіне ықпал ету. |
Күтілетін нәтиже | — Мұғалімдердің формативті бағалауды қолдануы нәтижесінде оқушылар оқу үдерісіне тартылады. — Мұғалімдер оқыту мен оқу үдерісінде формативті бағалау тәсілін тиімді қолдануды біледі. — Мұғалімдер формативті бағалаудың рөлін түсінеді , өзін-өзі және өзара бағалауды, кері байланыс жасауды тиімді қолданады. |
Табыс критерийлері Сіз қалай анықтадыңыз? | Бірлескен оқу.Топпен жұмыс.Топтық бағалау.Топтық жұмысты қорғау. Мұғалімдер сабақ үдерісінде формативті бағалау тәсілін пайдалана отырып оқушының сабаққа деген қызығушылықтары артады, оқушылар сабаққа ынталанады, сыныпта ынтымақтастық жағдай қалыптасады. Мұғалімдер сабақ үдерісінде формативті бағалау тәсілін пайдалана отырып, өзін-өзі бағалайды, бірін-бірі бағалайды, кері байланыс жасауды үйренеді.
|
Әдіс-тәсіл | Топтық жұмыс, жеке жұмыс, кері байланыс, постер қорғау, рефлексия |
Негізгі идеялар | «Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бағалауы болып табылады. Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Берілген анықтаманың маңызды элементтерінің бірі оқушылардың деректерді қолдануына баса назар аударту болып табылады. Бұл жерде мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аудартылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы қажет, мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, бұл үдеріске оқушылар да белсенді қатысуы керек. Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әреет етуді қажет етеді. Аталған тұжырым оқыту мен оқу тәжірибесі үшін өте маңызды да, өзекті.
|
Ресурстар | Коучинг жоспары, АКТ, бейнероликтер, стикер, флипчарт, МАН, маркер, таныстырылым |
Жалпы мақсат бойынша табысқа жету нәтижелері (бағалау жоспары, комментарий) | Әріптестер тобымен «Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау» модулі жайында білді. Мұғалімдер оқу үдерісінде формативті бағалау тәсілін тиімді қолдануды білді. Мұғалімдер формативті бағалаудың рөлін түсінді , оқушылардың өзін-өзі және өзара бағалауды, кері байланыс жасауды тиімді қолдану дағдысын дамыта алады.
|
Сабақтың барысы | |||
Сабақтың кезеңдері | Коучтің іс-әрекеті | Мұғалімдердің іс-әрекеті | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі | Сергіту сәтін ұйымдастыру | Мұғалімдер сергіту сәтінде көрсетілген тапсырманы орындайды, қайталайды. | Бейнеролик |
Мұғалімдерді топтарға бөлу. «гуманитарлық» және «жаратылыстану» деп топтастыра отырып, топқа бөлініп отырады. | Мұғалімдер қағазға жазылған пән аттары бойынша «гуманитарлық» және «жаратылыстану» сәйкесінше топтарға бөлініп отырады. | Қағазға жазылған пән аттары | |
Ой қозғау. /жеке жұмыс/ | Мұғалімдерге жеке ақ қағаз таратып беру. Көктемнің көрінісін бейнелейтін сурет салу. Салған суреттерін бағалау. | Мұғалімдерді жеке жұмыс, топтық жұмыстар арқылы әрекетке жетелеу, тапсырмалар беру, постер қорғау. «Бағалау» термині жайында, бағалаудың түрлері, оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау мен олардың арасындағы айырмашылықты ашып түсіндіру.
| Ақ қағаз, түрлі түсті маркерлер, стикерлер, қайшы.
Таныстырылым |
Топтық жұмыс | Баға, бағалау дегеніміз не? Бағалаудың қызметі. Бағалаудың қандай түрлері бар? Бағалаудың тиімді, тиімсіз жақтары қандай? сұрақтары бойынша флипчартқа топтың жұмысын түсіру. | Берілген сұрақтар бойынша топтар флипчартқа жобаларын түсіреді. | Флипчарт, маркер |
Топтық жұмысты қорғау | Топтар аталған сұрақтар бойынша постер қорғау. | Мұғалімдер топтық жұмысты қорғайды. | Постер |
Топтық бағалау | Топтар өзара бірін-бірі топтық жұмысты «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау | Топтар өзара «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды. | «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі |
Кері байланыс | Сіз бүгінгі коучинг-сессиядан не алдыңыз? | Мұғалімдер «Не үйрендім?», «Не қиын болды?», «Қалай қолданамын?» сұрақтары бойынша кері байланыс ұсынады. | Кері байланыс парақтары |