Орта мерзімді сабақ жоспарын жасаудың тиімділігі
Тақырыбы: Орта мерзімді сабақ жоспарын жасаудың тиімділігі.
Мақсаты:
Деңгейлік бағдарламаны басшылыққа ала отырып, оқыту үдерісін жоспарлауды, тізбектелген сабақтар топтамасын жасаудың тиімді жолдарын көрсету.
Оқыту нәтижесі: Мұғалімдер оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді өз тәжірибесіне қалай ықпалдастыру керектігін ,орта мерзімдісабақ жоспарын қалай жасау керектігін түсінеді.
1.Амандасу – Коучинг мұғалімдердің бір-бірімен амандасуынан басталды;
- Презентация арқылы «Оқу бағдарламасы», «қысқа мерзімді сабақ жоспары», «орта мерзімді жоспар» тақырыбына өз ойларын білдіру
- Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау ұғымдарымен таныстыру.
5 «Орта мерзімді жоспар» тақырыбына постер қорғау.
6 | 7 | 2 |
1 | 5 | 9 |
8 | 3 | 4 |
5 | 6 | 1 |
0 | 4 | 8 |
7 | 2 | 3 |
Күні | 18.10.2014ж | ||
Тақырыбы | Орта мерзімді сабақ жоспарын жасаудың тиімділігі | ||
Мақсаты | 7 модульді байланыстыра отырып, оқыту үдерісін жоспарлауды, орта мерзімді сабақ топтамасын жасаудың тиімді жолдарын көрсету | ||
Күтілетін нәтиже | Мұғалімдер оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді өз тәжірибесіне қалай ықпалдастыру керектігін түсінеді | ||
Түйінді идеялар: | Коучингтер арқылы орта мерзімді сабақ жоспарын жасаудың тиімділігін.алдыңғы қатарлы тәжірибелерді үйренеді. | ||
Сабақта қолданылатын материалдар | Үлестірмелі материалдар, А3 қағазы, стикер, АКТ | ||
Оқыту әдістері | Топтық жұмыс Жеке жұмысы Бірін-бірін бағалау Кері байланыс | ||
Уақыты | Коучтың іс-әрекеті | Мұғалімнің іс-әрекеті | |
2 мин | «Амандасу» арқылы психологиялық дайындық | Мұғалім өзінің оң жағындағы , алдындағы әріптесіне амандасады. | |
3 мин | Топқа бөлу. «Сиқырлы шаршы» арқылы топқа бөлу. | «Сиқырлы шаршы» бойынша топқа бөлінеді. | |
7мин | Презентация арқылы тізбектелген сабақтар топтамасын жасау үдерісін жақсарту. | Презентация арқылы «Оқу бағдарламасы», «орта мерзімді жоспар», «қысқа мерзімді сабақ жоспары» тақырыбына өз ойларын білдіреді.
| |
5мин
| Тізбектелген сабақтар топтамасы, орта мерзімді жоспар, қысқа мерзімді жоспар ұғымдарымен таныстыру | Тізбектелген сабақтар топтамасы, орта мерзімді жоспар, қысқа мерзімді жоспар ұғымдарымен танысады. | |
3мин | Фритч Мұғалімдерге орта мерзімді жоспарлау үлгілерін көрсету. | Әркім өз ойларын ортаға салады. | |
2мин
| Сергіту сәті | «Екі жарты» бейнежазбасының әуеніне билеп көңіл көтереді. | |
10 мин | «Орта мерзімді жоспар» тақырыбына постер қорғау. | Әр топ постер қорғап, дәлелдейді. | |
5 мин
| Бағалау | Әр топ бірін-бірі бағалайды, өз ой-пікірімен бөліседі | |
5мин | «Екі жұлдыз, бір тілек» | Коучингтен алған әсерін стикерге жазады. | |
- Қорытынды: Стикер тарату «Екі жұлдыз, бір тілек» жасалды. Мұғалімдер коучингтен түйген ойларын ортаға салды. Өздерін толғандырып жүрген сауалдарына жауап алды.