Өтебай Тұрманжанов «Қаңбақ пен жантақ»
Батыс Қазақстан облысы
Шыңғырлау ауданы
Л.Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Самиева Балкенже Оңғарбекқызы
Пән: Әдебиеттік оқу
Сабақтын тақырыбы: Өтебай Тұрманжанов «Қаңбақ пен жантақ»
Мақсаты:
а) Оқушыларға «Қаңбақ пен Жантақ» мысалымен таныстыру, кейіпкерлерді салыстыруға үйрету
Түрі: Топтық жұмыс. Тапсырмалар: Сөзжұмбақ, Карточкалар, постер қорғау, Венн диограммасы, Блум әдісі
Әдісі: топтық жұмыс, ойын, Венн диограммасы, сұрақ-жауап Блуш таксаномиясы.
Көрнекілігі: Автор суреті, мақал-мәтел, қаңбақ пен жантақтың суреті. Постер, маркер.
Барысы:
Сабқтың кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Кіріспе І.Ұйымдастыру бөлімі | Психологиялық дайындық а) Сәлемдесу рәсімі.
ә) Дөңгелене күн жасап, достық шеңберіне тұрайық. — Бір-біріміздің қолдарымыздан ұстайық . Не сездіңдер? — Достарымыздан жылу алып, көңіл-күйіміз қандай болды? — Олай болса, орнымызға 2 топқа бөлініп отырайық. I – топ «Бірлік» II – топ «Достық» (әр топтан топ басшысын сайлап алу) | Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, Бар адамға құрметпен, Бас иеміз біз.
Жылылық
Керемет
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
ІІ Үй тапсырмасын тексеру | І топ «Көл басында» әңгімесінің мазмұнын айтады. ІІ топ І-ші топтың қойған сұрақтарына жауап береді? — Самат көлге қандай дайындықпен барды? — Самат үйректі қалай ұстамақ болды? — Салт атты кісі болған жайды қалай түсіндірді? |
— тұзақ есіп, қолына таяқ ұстады. — шөптің қасынан ұзақ құрды. — Шағалалар жылан бар деп қиқулап жүрген жоқ. Қамыстың арасында олардың ұясы бар. Ұясына жақындасақ лар шуылдап, қорқытады-дейды. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тұсаукесер Қызығышылығын ояту. | Сөз жұмбақ шешу.
· Жұмсақ емес ….. · Өсірер тың дала, Көшірер комбаға Айналар ұңға да, Айналар нанға да. · Жыртқыш …. · Іші тәтті, сырты қатты. · Шөберек қабығы Іші құс мамығы. · Бірі-ыдысқа керек Бірі-жүріске керек — Қандай сөз шықты? — Бүгінгі өтетін тақырыбыз «Қаңбақ пен Жантақ» мысалы |
— Қатты — Бидай
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Негізгі бөлім | * Күннің жадын жаздыру * Сабақтың тақырыбын, мақсатын нәтіжесін айту. * Бағалау критерийлерін таныстыру: Мәнерлеп, дұрыс оқу. Сұраққа толық жауап беру. Тақырыптың мазмұнын ашу. Сабаққа белсенділікпен қатысу. (тақтаға іліп қою) Топ басшыларын сайлау, осы критерий бойынша қарап отырасыңдар, соңында бағаландар. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқулықпен жұмыс | а) Автор туралы мағлумат. — Өтебай Тұрманжанов кім? — Оның қандай еңбегімен таныстық? б) Мысал туралы. «Қаңбақ пен жантақ» мысалын мәнерлеп оқу. (Әр топтан бір- бір оқушы мәнерлеп оқиды) — 148 бетте мысал дегеніміз не екендігі жазылған. Сіздер сол тұсты оқып, карточкадағы сұрақтарға жауап бересіңдер. І топ: 1) Мысал дегеніміз қандай шығарма?
2) Мысалда қандай кейіп керлерді байқауға болады? 3) Мысалды оқи отырып бізден нені ұғамыз? ІІ топ: 1) Мысал жазатын адамды кім дейміз? 2) Ақын Қаңбақ неліктен әдепсіз санайды?
3) Жантақ пен қаңбақтың қайсысының ісі дұрыс? | Ақын, жазушы, аудармашы. «Сіз», «Біз» деген жылы сөз.
(оқушылар мысал д\з не дегенді оқиды)
-Аң, хайуанат, заттарды кейіпкер етіп, солардың әрекеті арқылы адамның бойындағы кемшілікті келеке ете отырып көрсететін шығарманы айтады. — Ақымақ, қызғаншақ, алдамшы т.б. — Ақыл, өсиет
— Мысамшы. — Қаңбақ. Құраға, кезде желмен ұшып жүреді. Домалап кетіп бара жатқаңда олар әр түрлі заттарға соғылып әрі қарай домалай жөнеледі. — Қаңбақтың ісі дұрыс емес. Себебі, қаңбақ Жантақты қағып кетіп кешірім сұрамай, оған жолыша тұрып алдың, бетімді тырнап алдың деп бірінші тиісті. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сергіту сәті ойын | -Барлығымыз шаршап қалған боларсыңдар. Бойымызды сергіп алайық. | Бір екі тұрайық Алақанды ұрайық, Аяқтың ұшынан басайық Саңырауқұлақтай отырып, Емендерше тұрайық. Тұрайық отырайық, Тұрайық отырайық Партамызға тып-тыныш жайғасайық. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Шығармашылық жұмыс
Қорытынды | Балалар сіздерге қосымша материал беремін. Сіздер бүгінгі өтіп жатқан мысалға ұқсас екінші мысалды оқи отырып, екі мысалдағы кейіпкерлерлерге сипаттама жазасыңдар. Ол үшін сіздердің алдарына постер таратамын. Сіздерге 7 минут уақыт беремін. Белгі бергенде аяқтайсыңыз. — Қаңбақ қандай? — Бидай қандай? — Жантақ қандай?
* Венн диограммасы Жантақ Қаңбақ
* «Блум» таксаномиясы бойынша сұрақтар: — Мысалда нелер туралы айтылады? — Қаңбақ қандай кейіпкер? — Осы мысалға байланысты қандай мақал-мәтілдер білесіңдер? — Өмірде Қаңбаққа, Жантаққа ұқсас адамдар бар ма? — Жантақ пен Қаңбақ мінездес досын болса оларға не дер едің? — Мысал соңындағы екі шумақ туралы не айтар едіңдер? Неде олай дейді? | Оқушылар жұмыстанады.
Жантақ Қаңбақ
өзімшіл Жеңіл Әдепс Ақымақ Мақтаншақ
— Қаңбақ пен жантақ туралы айтылады. — Мақтаншақ, тентек, өзімшіл т.б. — Әдепті бала арлы бала Әдепсіз бала сорлы бала. — ия, бар.
— | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау | — Әр топ басшыларынан сұрайық, қай оқушы тақтада ілулі тұрған критерий бойынша жұмыстанды? Сол оқушыға неше деген баға қояр едің? Олар сол бағаға лайық па? | (Әр топ басшылары өз тобындағы белсенді қатысқан оқушыларға өздері баға қояды.) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үйге тапсырма | 148-149 мәнерлеп оқу. Мазмұны бойынша сүрет салу |