Коучинг тақырыбы: Диалогтік оқытудың тиімді әдістері

 

АптаКүні
Коучинг тақырыбы:Диалогтік оқытудың тиімді әдістері
Сілтеме:Мұғалімге арналған нұсқаулық (98-бет)

үлестірме материалдар.

Мақсаты:Сабақ үрдісіндегі диалогтік оқытудың маңызды рөл атқаратынын меңгерту,тәжірибеге енгізуге ықпалдасу.
Оқыту нәтижесі:Диалогтік оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгереді  және оларды оқу үрдісінде пайдаланудың тиімділігін ұғынады,сабақтарында қолдануға бейімделеді.
Негізгі идеялар:Диалогтік оқытудың әдіс-тәсілдерін меңгереді.Шеберліктеріне қарай өз іс-тәжірибелеріне енгізеді.
Топқа бөлуСурет қиындыларын құрастыру арқылы  3 топқа бөлінеді.5 минут
Тренинг-сергіту«Сұрақтар сыр шертеді» тренингі арқылы диалог құрып,сұрақтардың түрлерін ажыратады.10 минут
Презентация арқылы таныстырылымСыныпта сұрақ қою үлгілері бойынша мағлұмат(БЖӘ;Төмен дәрежелі,жоғары дәрежелі сұрақтар) алады.5 минут
Ойқозғау«ББҮ»стратегиясы бойынша диалог туралы не білетінін «білемін»бөліміне толтырады.5 минут
№1тапсырмаМерсер зерттеген әңгіменің үш түрі:әңгіме-дебат,кумулятивті,зерттеушілік әңгіме бойынша нұсқаулықтан алынған мәтінді оқып,топта талқылап,постер жасап қорғау. 15 минут

 

 

 

№2 тапсырма«ББҮ»стратегиясының  «үйрендім»бөлімін толтырады.5 минут
№3 тапсырма

 

 Топқа бөліну сәтінде құрастырылған үш әңгімені рөлдік ойын арқылы көрсету

тапсырылады.

1-топ «Көшпенді халық баспанасы киіз үйдің пайдалы және зиянды жақтары»(әңгіме-дебат);

2-топ  «Ғасырлар қазынасы-ауыз әдебиеті»

(зерттеушілік әңгіме);

3-топ  «Мектеп-кеме,білім-теңіз»(кумулятивтік әңгіме ).

15 минут
Сергіту сәті«Қара жорға» биі.5 минут
№4 тапсырма«ББҮ»стратегиясының  «білгім келеді»бөлімін толтырады.5 минут
Сауалнама1.Сізге өткізілген коучинг ұнады ма?

2.Сізге осы коучингтің пайдалы тұсы болды ма?

3.Коучингтің маңыздылығы қандай болды?

4.Осы модульді өз іс-тәжірибеңізге енгізесіз бе?

10 минут
Рефлексия«Екі жұлдыз,бір тілек» арқылы кері байланыс жасау.5 минут
Қатысушыларға сәттілікКоуч қатысушылардың болашақта атқаратын жаңашыл бағыттағы жұмыстарына сәттілік тілеп,жақсы тілектер айтады. 5 минут