Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету жолдары

«Дарынды балалардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру арқылы құзіреттілігін жетілдіру»

тақырыбы бойынша  коучинг  жоспары

 

19.02.2014

 

1 апта                         3-күн
Сабақ тақырыбы:

 

 Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету жолдары
Жалпы мақсат:Практикалық тапсырмалар беру арқылы сыни тұрғыдан ойлау дағдысын қалыптастыру, сабақта тиімді пайдалануына ықпал жасау.

 

Сілтеме:Мұғалімдерге арналған нұсқаулық  41-49.

Үлестірмелі материалдар.

 

 Оқу нәтижесіҚатысушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдысы қалыптасады, сабақта тиімді пайдалануды үйренеді.

 

Түйінді идеялар:Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету жолдары арқылы табысты оқытуға қол жеткізу

 

Сабақта қолданылатын материалдар:

 

 А- 4 парақтары,стикер, смайликтер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам.
Оқыту әдістері:1.Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер

2. Оқыту мен оқытудағы АКТ

3. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету

 

1. Диалог

2. Жеке жұмыс

3. Топтық жұмыс

 

 

Дерек көздері:Әдеби материалдар, газет-журналдар.

 

Тапсырмалар:Сұрақ- жауап, салыстыру, топтастыру және қолдану, рөлдік ойын.

 

Оқуға арналған тапсырма:Топтарда жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық

 

Мұғалімге арналған нұсқаулық.

 

 

 

Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:

 

І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу

(3 мин)   

Коучтың іс-әрекетіМұғалімдердің іс-әрекеті
 

1 мин

 

 

 

2 мин   

 

 

 

Қатысушыларды орындарынан тұруын өтініп, еркін тұруға шақыру.

Бейнежазба ырғағында көрсетілген қимылдарға назар салу.

Қимылдарды бірге белсенді түрде қайталау.

Барлығы орындарынан  көтеріліп, ешкім-ешкімге бөгет жасамайтындай еркін тұрады. Бейнежазба қосылған сәтте көрсетілген қимылдарға назар салып, белсенді түрде бірге қайталайды.

 

 

Топқа бөлу

(3 мин)

«Бүгінгі сабағымыз да жемісті болсын!»

 

 

Шағын топқа бөлу.

Үстелдің үстінен жемістердің аты жазылған парақшаларды алып, сәйкес жеміс тұрған топтарға барып отыруларын өтінемін.

 

Түрлі жемістер жазылған парақшаларды алып, сол жеміс тұрған топтарда топтасады.
Ақпарлама

(5мин)

Сыни тұрғыдан ойлау, Блум таксономиясы туралы

Power point арқылы қысқаша мәлімет беру.

Сыни тұрғыдан ойлау және Блум таксономиясы туралы  мәліметпен танысады.

 

 

І тапсырма

7 мин

 

 

 

6-сынып оқулығынан Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повестінен тараулар бойынша үзінділерін таратпа әзірлемелер арқылы танысуға шақыру, топта талқылау арқылы тараудың негізгі

3 идеясын анықтауға тапсырма беру

 

Үзінділермен танысады, топта талқылайды, тараудың басты 3 идеясын анықтайды.

 

 

Қол шапалақтау арқылы бағаланады

 

 

ІІ тапсырма(22 мин)

(10 мин)

 

 

 

 

Рөлдік ойынға  әр топқа 3 минут уақыт

Мәтін бойынша рөлдік ойын

1 –топ. Бейнежазбада

2-топ. Оқулық сатып алудағы Қожаның іс-әрекеті

3-топ.Кішкентай бақаның бірін Майқанованың сумкасына сүңгіттім де жібердім…

4-топ. Сәйбек қарттың әңгімесінің Қожаға әсер етуі…

 

 Берілген тақырыптар бойынша рөлдік ойын сомдау арқылы тақырыпты ашады.

 

 

Сағат бойымен топтар ауызша «Екі жұлдыз, бір тілек» айту арқылы  бір-бірін бағалайды.

ІІІ тапсырма

Топтық жұмыс

(10 минут)

 

 

 

 

 

 

Қорғауға әр топқа

2 минут

Тақырыптық талдау.

1 –топ. Сабаққа дайындалмай келген Қожаның көңіл күйі мен дайындығы мықты болмаса да, өзін көрсеткісі келген мақтанқұмар Жантастың ісін салыстырыңыздар…

2-топ.  Қожаның ісіне мұғалімдер наразылығын жазушы бірде күлкілі, бірде үкімдей қатаң, бірде ызалы, уытты сөздермен беруінің себебін  анықтаңыздар.

3-топ. Әңгіме желісіндегі Қожаның өзін-өзі сынауы

( рефлексиясы).

4-топ. Қожаның болашаққа алған міндеттемелері

(даму жоспары).

 

Берілген тапсырмалар бойынша тақырыптық талдау жүргізеді, постер қорғайды

 

 

 

 

 

 

Смайликтер арқылы бағалау

ІV тапсырма

(10 минут)

 

 

Қорғауға әр топқа 2 минут

Топтастыру «Қожа бейнесі»Ойларын жүйелейді, топтастырады, барлық қатысушылар бойынша ортақ «Қожа бейнесі» қалыптасады
V. Рефлексия

(5 мин)  

 

А4 парақтарына 1 сурет және 5 сөз жаздыру арқылы кері байланыс орнату.

 

 Аяқталмаған ой бойынша ойларын қорытып, А4 парақтарына 1 сурет, 5 сөз  жазып, идеяларын қорғайды.