«Мен және менің коучингім» байқауы
«Мен және менің коучингім» байқауы | |
Коучтер – тәжірибе мұғалімдерге ойлау және шығармашылық үдерістерінің көмегімен мектепте жақсы тәлімгер болуға көмектесу үшін өздеріне жетекші рөлін қабылдаған адамдар, және де соның арқасында әріптестері өзінің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған идеяларымен және тәсілдерімен қамтамасыз ете отырып, олардың оқыту тәжірибесін жақсы жағына өзгертуге үлес қосады. Менің де мақсатым өз әріптестеріме көмектесу. Коучинг тақырыбы: Оқытуды басқару және көшбасшылық Коучинг мақсаты: Оқытуды басқару және көшбасшылықты жүргізу туралы жұмыс жүргізу.Әсіресе мектебімізде оқушылар арасындағы өзі-өзі басқарудың жоқтығы,әліде оқушыға деген сенімсіздіктің бары, жәнеде оқушылар тарапынан көшбастайтын оқушының шықпағандығы мені ойландырады. Көбіне коучинг 7 модульдің « сыни тұрғыдан ойлау»,» бағалау» бөлімдеріне көп көңіл бөлгендіктен мен осы жолы «Оқытуды басқару және көшбасшылық» модуліне көңіл бөлдім десем болады. Мен «Мен және менің коучингім» байқауының шарттарымен келісе отырып және коучингті мұғалімдердің сұрауы бойынша «Оқытуды басқару және көшбасшылық» деген тақырыпта өткіздім.Бұл жолы коучингке жас мұғалімдер келді. Коучингті бастағанда мұғалімдер арасында психологиялық ахуал жасадым. Мектепке байланысты «би қозғалысын» өткіздім. Ондағы мақсатым сабақтан кейінде келіп отырған мұғалімдер болғандықтан көңіл-күйлерін би- музыка арқылы сергіту болды, және ол өздеріне ұнады Шеңберге тұрғызып әншілердің аттарына байланысты топқа бөлінді. Мысалы: Жанболат пен Жазира , Қыдырәлі мен Қарақат, Бейбіт пен Тоқтар және актерлар , жазушылар есімдерімен шығармаларының аттарын қолдандым. Топ ережесін құруды тапсырдым. Топ мүшелері бірлесіп ереже құрастырды және таныстырды. Өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін қамти алуы мұғалімнің көшбасшылығы дей келе, мен мұғалімдерге таныстырылым арқылы «Оқытудағы басқару мен көшбасшылық» туралы мағлұмат бердім. Кембридж университетінің Бағдарламасы аясында барлық мұғалімдер өз сыныбының шегінде оқу көшбасшылары ретінде қаралады, Екінші деңгей бағдарламасын игерген мұғалімдер өз мектептерінде оқушылар мен мұғалімдердің оқуын іске асыратын көшбасшы болып табылады. Бағдарламаның түйінді тақырыбы — коучинг пен тәлімгерлік. Бұл модульдің тұжырымдамасы -мұғалім-оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру жұмысының көшбасшысы. Мұғалімдерді осы модуль туралы таныстырылым көрсете отырып айттым. Қазіргі кезде мұғалім тек жеке сыныппен емес тұтас оқу қоғамдастығының бір бөлігі болуы керек. «Оқудағы көшбасшылық» — оқушының эмоционалдық – өнегелік сауаттылығы, эмоционалдық- қалыпты оқуы және жан-жақты дамуы; бұл жердегі ең маңызды мәселе –оқыту сапасын арттыру басымдығы Мұғалімдер талқысына көшбасшылықтың маңызы не деп ойлайсыздар деген сұрақ тастадым. Әріптестерімнің жауаптары мына сарында болды: — Мұғалімдердің статусын көтеру, -алдыңғы қатарлы мұғалімдердің тәжірибесін тарату, — оқыту үдерісіндегі кездесетін қағаз бастылықты азайту, оқыту уақытында оқушыға көп көңіл бөлуге жағдай жасау. -ата- аналардың мектепке мұғалімге деген оң көзқарасы. Осы пікірталастардан кейін мен мұғалімдерге нұсқаулықтағы мұғалімдер үшін көшбасшылықтың маңызын көрсеттім. Көшбасшылықтың мұғалім үшін оқыту мен оқуда бірнеше мәні бар: -Мұғалім өзінің оқыту мен оқу үдерістерін түсініуін нақтылауға мән беруі; -әріптестерімен талқылауға мүмкіндік беру; -ересектерді де, балаларды да оқыту үшін барынша қолайлы жағдай жасау арқылы оқудың жоғары мәдениетті деңгейін көтеру; — оқудың қажетті ауқымын стандартты жетілдірумен шектемей, одан әрі кеңейту; -әріптестерді кәсіби дамыту үшін барлық мұғалімдердің әлеуеттерін бөлуге болатындығына сенімді болу; Осы модуль туралы нұсқаулықтан негізгілерін алып, өз ойларымен салыстыруға мүмкіндік бердім.
Мектептегі мұғалімдердің көшбасшылығы Макбеттің «білім алуға қолайлы мектебі» мұғалімнің кәсібилігін кең тұрғыдан қарауды талап еткендей кәсіби дамыған, адамгершілігі жоғары мұғалім өз мектебіндегі әріптестерімен тығыз байланыста болып көшбасшылық қасиеттерін көрсете біледі. Осы бағытта әңгімені жалғастыру үшін мұғалімдерге «Көшбасшы қандай болу керек?» деген сұрақ қойып, топ болып өз ойларын постерге түсіруін сұрадым.
Постерге түсіріп оны қорғады, топпен жұмысты жақсы қарым-қатынаста отырып жасады. Әр мұғалім өз ойларын, пікірлерін ашық айтып жатты. Топ болып «Көшбасшы» қандай болу керек екендігін анықтап қорғады. Олардың айтуынша көшбасшы: ұйымдастырушы, белсенді,бағыт-бағдар береді, нәтижеге ұмтылады, дұрыс шешім қабылдайды, жауапкершілігі бар тұлға – деген анықтама берді. Осы арада мұғалімдермен сергіту сәтін өткіздім. Ондағы мақсатым сабақтан кейінде келіп отырған мұғалімдер болғандықтан көңіл-күйлерін би- музыка арқылы сергіту болды, және ол өздеріне ұнады. Келесі тапсырма екі топқа екі түрлі болды, 1- топқа «Демократияшыл көшбасшы» қандай болу керек, 2 – топқа «Сыйласымдылық көшбасшы» қандай болу керек деген тапсырмалар берілді. Мұғалімдер өз ойларын ортаға сала отырып, ролдерге салды. Сырттан бақылап отырған мен олардың қызу талдауына куә бодым. Осы екі тақырыпта олар үшін мектептегі күрделі мәселелердің негізгілері екенін байқадым. Осы сипаттамасы қай оқушыға дәл келеді деген сияқты өз салыстыруларын айтып жатты. Мектеп болған соң бізде де барлық мектептердегі сияқты әр түрлі оқушы, әр түрлі сыныптар бар. Көшбасшылар туралы өз ойларын жазғанда да бірнеше сыныптарды салыстыра отырып өз ойларын жинақтады. «Сыйласымдылық көшбасшы» туралы жазған топ сипаттама бергенде ол- білімді, коммуникативті, ізденімпаз, тәртіпті, белсенді, жауапты және басқа оқушылардың ойымен тығыз қарым қатынаста болатын оқушы деп сипаттама берді. Өз оқушыларының арасында осындай оқушылардың бар екенін айтып жатты. «Өктемшіл қөшбасшы» қорғаған топ өз ойларын айтқанда белсенді сыныпта әр уақытта, жақсы оқитын, жауапкершіліктері бар, ұйымшыл деседе , сол оқушылардан өктемдіктің байқалатындығын айтып өтті. Екі топ өз постерлерін қорғағаннан кейін ресрустардағы «Сыйласымдылық көшбасшы» сипаттамасы мен «Өктемшіл көшбасшы» сипаттамаларын салыстыру үшін бердім. Мұғалімдер сипаттамаларды салыстырып, өз ойларымен толықтырды. Утесинова Бұрыш: Сыйласымдылық көшбасшы дегенде сыныптан тыс шараларға қатысатын оқушылар туралы ма деп ойлап жазып қойдым деді. Екі топ өздерінің сипаттамаларын мен берген анықтамалармен салыстырып өз пікірлерімен салыстырды. Осы тапсырмадан кейін мен «Сыйласымдылық көшбасшы» және «Өктемшіл көшбасшы» туралы таныстырылымды ролдерге қойып көрсетті. Осы жердегі ойларды толықтырып жауап берулерін сұрадым. Әрине, әркім әртүрлі жауап берді, қорытындылай келе олар өзімшілдікті тастап, заман талабына сай өзгеруіміз керек деген шешімге тұрақтады. Каракулова С.Т.- осы коучингке қатысып, көп жаңа нәрсе алғанын әсіресе, топпен жұмыс істегені көшбасшы қандай болу керек, көшбасшыларға берген сипаттама ұнағанын айтты, осы коучингте алған мағлұматтарын өз тәжірибесінде болашақта қолданғысы келетіні Барлық мұғалімдерге коучинг кезінде өткізілген сергіту сәттері ұнағанын айтты. Коучингте менің ойымша жақсы өткен тұстары олардың топпен жұмыс істей отырып, «Көшбасшыны» анықтаған кездері деп ойлаймын. Өйткені осы тақырыптарды талдағанда олар өз іс-тәжірибелерімен салыстыра отырып анықтады. Коучингтің сәтсіздеу өткен жағы, менің ойымша мұғалімнің көшбасшылығын жеткізе алдым ба өз әріптестеріме, қандай да бір ой тастадым ба деген сұрақ тұрды. Тәжірибелі мұғалімдер өз іс-әрекеттерімен жалпы мектеп ұжымына, жастарға үлгі болып жүр. Осы коучингтеріме қатысқан Утесинова Б.Ж. орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі 20 жылдан аса өтілі бар, оқушылары облыстық олимпиада, ғылыми жобалар сайысынан жүлделі орын алып жүр. Ол мұғалімнің іс- тәжірибесі қала бойынша пән мұғалімдері арасында таратылуда. Жас болсада Асанова Рахия да оқушылары әр түрлі қалалық, облыстық оқуларға қатысып жүлде алып жүр.Осындай мектептегі көшбасшы мұғалімдер жастарға үлгі болады деп ойлаймын. Мақсатымда айтып өткендей,мектебіміздегі оқушылар арасындағы « өзін-өзі басқару»,»көшбасшы» шығатындай жұмыс алда жүретіндігіне жүз пайыз сенімділік білдіремін және әкімшілік және мектеп ұжымында жұмыстануға шақырамын. Осы Бағдарламаға сай мектебімде коучинг өткізу үшін жылдық жоспар құрылғанын және жүйелі түрде өткізіп отырмын. Қалалық семинарда»Диалогтік оқыту» жөнінде коучинг өткізгелі жатқанымдыда айтып кеткім келді. Сондықтан біздің көшбасшы ретінде өткізетін жұмысымыз әлі алда деп сенемін.Осы конкурсты пайдалана отырып,кураторым Сабиханова Асел Қайырбековнаға және группаластарыма алғысымның шексіз екендігін жеткізгім келеді. |