«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»
Сабақ тақырыбы: | «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» | ||
Жалпы мақсат: | Оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін оқу куәліктері жоспарлы және жүйелі жинақталған кез келген қызмет түрлеріне қатысты ұғым туралы түсінік қалыптастыру.Оқыту үшін формативті бағалауды іс-тәжірибесіне енгізуге ықпал жасау; Өзін-өзі бағалауға, бірін-бірі бағалауға үйрету;
| ||
Сілтеме: |
Үлестірмелі нұсқаулық | ||
Оқу нәтижесі | Жаңа әдісті тәжірибесінде пайдалануға қадам жасауы.Бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып,не істегенін,өзін өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын,түсінігін,тәртібін мұқият бақылауын түсінуі. | ||
Түйінді идеялар: | Мұғалімдердің нәтижелі іс-әрекеттері негізінде оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және алған білімдерін болашақта қолдана алуына бағыттау. Тренингтер мен ойын түрлерін, тапсырмаларды талқылау үшін тыңдаушылардың топтарда бірлесе жұмыс істеуіне ықпал жасау.
| ||
Сабақта қолданылатын материалдар: | А- 4 парақтары,стикер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам, критериалды бағалау парақтары,қазақтың ұлттық ою — өрнектері, | ||
Оқыту әдістері: | ОүБ және оқуды бағалау АКТ Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету | 1. Диалог 2. Жеке жұмыс 4. Топтық жұмыс | |
Дерек көздері: | Әдеби материалдар, портал материалдары, газет-журналдар,интернет материалдары6 | ||
Тапсырмалар: | «Киіз үй» суретін салу , стикер арқылы формативті бағалау, критериалды бағалау, «Киіз үй» макетін құрастырып, сыни баға беру, өзін-өзі бағалау және бірін-бірі бағалау; топтық тапсырма және қорғау, рефлексия | ||
Оқуға арналған тапсырма: | Мұғалімге арналған нұсқаулық.104-123-беттер
| ||
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:
І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу
| Коучтың іс-әрекеті | Мұғалімдердің іс-әрекеті | ||
( 5 мин)
| «Бүгінгі күн тамаша!» тренингі. Қатысушыларды ортаға шықыру, шеңбер жасап тұру және жаз айының ауа райын бейнелеу арқылы арқаға массаж жасау.
Шағын топқа бөлу. Жыл мезгілдері арқылы мұғалімдерді 2 топқа бөлу.
| Мұғалімдер ортаға шығады, шеңбер жасайды және «Ауа райын» бейнелеу арқылы ар- қаларына массаж жасайды.
Әр мұғалім өзінің туылған жыл мезгіліне байланысты топтарға бөлінеді. | ||
1-тапсырма ( 5 мин)
| Топқа тапсырмалар беру. | Топ мүшелері берілген тапсырмаларды орындайды. | ||
1.Топта жұмыс істеу үшін белгілі бір ережеге сәйкес жұмыс істеу керектігін түсіндіру. 2.Шағын топтарда топ ережесін құру және флипчартқа жазып, таныстырып шығуды тапсыру. | Бірлесе отырып топ ережесін құрады және ережемен таныстырады. | |||
(10 мин)
| Топ мүшелеріне арнайы тапсырма беру. Әр топ берілген парақшаларға киіз үйдің суретін салу.Сурет салуға барлық топты қатыстыру. | |||
(10 мин) Формативті бағалауды үйрету арқылы оқуға ынтасын арттыру, нәтижеге жетуіне мүмкіншілік жасау, жауапкершілікті сезіндіру.
| Топпен жұмыс:Қазақ үйінің макетін жасау. | Топ мүшелері параққа салынған киіз үйдің суретімен танысады. Постер тарату. Қазақ үйінің макетін жасау. | ||
«Киіз үй» макетін бағалауға үйрету. Киіз үйдің көлеміне,биіктігіне, ұқсастығына, беріктігіне, эстетикалық талғамына қарай баға бергізу. Ең жоғары ұпай «4». Қойған ұпайларын дәлелдету. Әр топтың берген бағасын тыңдау, қойған ұпай санын тұсына жазу, сәйкестігіне қарай бірін-бірі және өздерін өздері бағалауға тапсырма беру.
| (10 минут) Кейіпкерлерге мінездеме беру арқылы критериалды бағалауға, сыни көзқарастарының қалыптасуына, логикалық ойлау қабілеттерінің артуына ықпал ету. Бірін бірі бағалауға және өздерін-өздері бағалауға үйрету
| |||
Қорытындылау (5 мин)
| Топтық тапсырма «Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау» деген не? Сұрағы арқылы түсініктерін флипчартқа жазуды тапсыру | Топта бірлесе отырып, «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбы бойынша түсінгендерін флипчартқа жазады және қорғайды. | ||
Ақпарлама (5 мин) | «Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау» туралы Power point арқылы қысқаша мәлімет беру. | Таныстырылымды тыңдайды | ||
Рефлексия ( 5 мин )
| Стикерге өз көңіл-күйлерін смайлик арқылы салуды тапсыру және сабақтан алған әсері туралы пікірін ақ параққа жазуды тапсыру | Стикерге өз көңіл-күйлерін бейнелейді және сабақтан алған әсері туралы пікірін ақ параққа жазады. | ||