жоғарғы,төменгі сөре, 30х40 м жүгіру

Сабақтың тақырыбы: жоғарғы,төменгі сөре, 30х40 м жүгіру

Сабақтың мақсаты: оқушылардың денсаулығын дұрыс қалыптастыру мен салауатты өмір салтына насихаттау, баланың спортқа деген ынтасын,қызығушылығын арттыру

Тәрбиелік: адамгершілік қасиетке, өз бетінше жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: Жоғарғы және төменгі сөреден шығу тәсілін жетілдіру

Керекті құрал-жабдықтар: ысқыруық,сағат

Сабақтың өтетін орны: спорт алаңы

 

р/сСабақтың қысқаша мазмұныУақыты

Мөлшері

Әдістемелеу,нұсқаулау
1Кіріспе бөлімі

-классты қабылдап алу

-кезекші мәліметімен танысу

-оқушылармен сәлемдесу

-сабақтың мақсатысен таныстыру

-күнделікті спорт жаңалықтары

2-3 минарнайы спорт киімдеріне, оның тазалығына, жалпы сабақ даярлығына аса назар аудару, денсаулығын тексеру
2Дайындық бөлімі

-cпорттық жүріс

-жеңіл жүгіру

Жүгіру жаттығулары:

оң және сол жақ қырымен  жүгіру

-екі қолымызды алдыға қойып, сәл бүгіп, тіземізді қолымызға тигізіп жугіру

-екі қолымызды жамбасқа қойып аяқты кезек артқа бүгіп алақанға тигіземіз

-екі қол белде, аяқты алдыға, тізені бүкпей, түзу сермей жугіреміз

-екі қол белде, аяқты артқа, тізені бүкпей, түзу сермей жүгіру

-әр адымға қарғып секіре жүгіру

Терең тыныстап демалу

  Жалпы дамыту жаттығулары:

-екіден қарама-қарсы тұрып, алақанынан ұстап, жеңіл қарсыласа қолды бүгіп жазу

-ақ сандық,көк сандық:

бір-біріне арқамен қарап тұрып, шынтақты айқастыра ұстап, 1-2 бірінші сандар, 3-4 екінші сандар еңкейіп арқалайды

-қолдарын иыққа қойып 1-2 оң жаққа 3-4 сол жаққа айналу

-қатарласа тұрып, бір қолдарымен бір-бірінің иықтарынан ұстап, аяқтарын жоғары серпіле сермеу

-қарама-қарсы тұрып, бір-бірінің қолдарынан ұстап, бірі оң, бірі сол аяқты көтеріп тұрып, отырып тұру

-қарама-қарсы арқаларын тигізе шынтақтарын айқастыра отырып тұру

-бірі қос иықтан қос қолмен басып екіншісі он рет секіру

 

 

10-12 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-6 рет

 

 

 

5-6 рет

 

10 рет оң          10 рет сол

 

5-6 рет оң         5-6 рет сол аяқ

 

5-6 рет

берілген бұйрық бойынша орындау,

еркін тыныс алу

 

 

 

 

 

жаттығуларды дұрыс орындауын қадағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

құлап қалмауы

 

 

 

қолдары иықтан ажырамау

 

созыла серпілу

 

 

бір-бірін құлатпай демеп ұстау

 

 

бір-біріне тіреле

 

аяқтың ұшымен биік секіру

3Негізгі бөлім

жоғарғы сөреден жүгіру

-Жоғарғы сөре оң немесе сол аяғын алдыға созу, артқы аяқпен серпілу. Кеуде сәл алдыға бүгілу

-төменгі сөреден жүгіру

-сөреге:

-төменгі сөре оң не сол аяқты алдыға қою, артқы аяқтың тізесін алдыңғы аяқтың өкшесіне параллель қою. Екі қолымызды сызық бойына қою.

-дайындал

-артқы аяқтың тізесін көтеру

-жүгір

-артқы аяқпен серпіле жүгіру

-30х40 м қашықтыққа жүгіру

О__________________30м_______40м

Эстафеталық ойын

Оқушылар екі топқа бөлініп, 30 метр қашықтықтағы тігулі тұрған жалаушаны жүгіріп айналып келіп, келесі оқушыға қолындағы жалаушыны береді.Ойын осылай жалғаса береді.Бірінші келген топ жеңеді.

 

 

20-25 мин

 

жоғары сөреден дұрыс шығуын қадағалау

 

 

аяқ қойыстарын дұрыс болуын қадағалау

 

 

барлық оқушылар жүгіруін қадағалау

4Қорытынды бөлім

-сапқа тұрғызу

-сабақты қорытындылау

-баға қою

-уй тапсырмасын беру

-саппен қайтару

3-5 минСаптағы тәртіпті қадағалау,жетістік,кемшілікті айту,әділ баға қою.