15+28,43-15 түріндегі қосу және азайтудың жазбаша есептеу тәсілдері
Сыныбы: 2 «Ж»
Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы: 15+28,43-15 түріндегі қосу және азайтудың жазбаша есептеу тәсілдері
Сабақтың мақсаты: 1)Разрядтан аттау арқылы қосу және азайтудың жазбаша тәсілдерімен таныстыру; өтілген тәсілдерді пысықтау, оны есеп шығаруда дұрыс қолдана білуге үйрету.
2)Есте сақтау, логикалық ойлау, ақпаратты-танымдық қызығушылығын ояту және ізденымпаздыққа жетелеу қабілеттерін дамыту
3)Білімділікке, байқампаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: Музыка, еңбек, әдебиеттік оқу
Сабақтың көрнекілігі: Кесте, хат, почта, Алдар көсе, мультфильм,үлестірмелі карточкалар
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Мақсатымыз-білім алу
Міндетіміз – еңбектену
Еңбектену арқылы
5-ке қолды жеткізу
- Орындарыңа отыра қойыңдар. Бүгінгі сабақта барлықтарың 5 алуларыңа тілектеспін.
- Тез-тез дәптерімізді жинап шығайық. Үй тапсырмасын дәптерлеріңнен тексеремін.
- Бүгінгі күн ретін жазып, 321-ден бастап өсу ретімен көркем жазып шығайық.
321 322 323 324 325 326 327 328 329 330
(Алдаркөсе кіріп келеді)
- Мен Алдармын, Алдармын
Сақалым болса талдармын
Сақал түгіл мұртта жоқ
Шайтанды да алдармын
- Өй мен қайда келдім өзі?
- Бұл 2 Ж сыныбы. Ал сізге кім керек?
- Маған сіздер керексіздер! Ой жақсыыыыы болды. Маған көмек керек болып тұр еді. Маған математикадан көмектесіңіздерші, осы математиканы түсінбей-ақ қойдым. Ал мен байдың үйіне барып қарнымды тойдырып келейін. Міне, қоржыным осы қоржынға жауаптарыңды сала беріңдер…
- Балалар, сендер Алдарға көмектескілерің келе ма?
- Олай болса, жаңа тақырыпты жақсылап түсініп алсаңдар, Алдарға оп-оңай көмектесеміз.
- Ал ендеше тақтаға назар аударайық.
Ондықтар | Бірліктер | |||
| ||||
- Мынау ондықтар, мынау бірліктер.
- Біріншісінде неше ондық көріп отырсыңдар? 1
- Екіншісінде ше? 2
- Енді бірліктерін қарайық, біріншісінде неше бірлік? 5
- Екіншісінде ше? 8
- 15+28 ауызша қосқан ыңғайлы ма? Онда тағы қалай қоссақ болады?
- Яғни, баған түрінде жазамыз.
- Осыдан қандай тұжырымдама жасауға болады?
- Ондықтарды ондықтарға, бірліктерді, бірліктерге қосамыз.
- Түсінгендеріңді байқау үшін, балалар, тақтаға шығамыз және Алдардың қоржынын толтыруды да ұмытып кетпейік…
№2. Есепте: (3 қатарға бөліп беру)
А) 36+28=64
37+18=55
95-8=83
54+28=82
34+58=92
100-37=63
67-59=6
92-56=36
18+64=82
78+17=95
72-26=46
78-49=29
Б)3дм5см+2дм7см=6дм 2см
9дм4см-7дм5см=1дм9см
5дм3см+3дм9см=9дм2см
35см+27см=62см
94см-75см=19см
53см+39см=92см
- Балалар, біз мұнда есеп шығарып жатырмыз, ал Алдардың не істеп жатқанын көргілерің келе ме?
(Мультфильм көрсету)
- Балалар, біз жаңа ғана не көрдік?
- Мультфиль дегеніміз анимация көмегімен жасалған суреттер. Яғни, сурет салынса сол суреттегі бейнені қозғалтады.
- Мульфильдерді біз тағы қай жерден көре аламыз?
- Ал теледидардан тағы не көре аламыз?
- Фильм дегеніміз не?
- Фильмдерге арналып арнайы сценарийлер жазылады. Оны адамдар рөлге кіріп ойнайды.
- Фильмнің қандай түрлерін білесіңдер?
- Күлкілі фильмдер, фантастикалық яғни қиялдан туған фильмдер т.б.
№3.
Күлкілі ф – 27
Фантастикалық ф — ? 15 артық
Барлығы — ?
27+(15+27)=69
Ж: Фантастикалық ф 42, Барлығы 69 ф
- Ал,енді балалар сендерге шығармашылық тапсырма. 3 а-сын екі амалмен шығардық, ал енді осы есепті өзгертіп, 1 амалмен шығатындай етіп сұрағын өзгертуіміз керек.
Күлкілі ф – 27
Фантастикалық ф -?15 артық
27+15=42
Жауабы: Фантастикалық фильм 42
Сергіту сәті.
Геометриялық фигурадан құрастыру.
-Балалар, сендер бағанадан бері өте жақсы жұмыс істеп жатырсыңдар. Осы жетістіктерімізді Алдарға көрсетсек қайтеді? Олай болса, Алдаркөсеге хат жолдайық. Поштаға салу.
Топтық жұмыс
№4
1.Асқар д хат, ал Арман одан н хат артық жазды. Олар барлығы неше хат жазды?
Д+(д+н)
2.Асқар д хат жазды, бұл Арманға қарағанда н хат артық. Олар барлығы неше хат жазды?
Д+(д+н)
3.Асқар д хат, ал Арман н хат жазды. Думан Асқар мен бірге неше хат жазса, сонша хат жазды. Олар барлығы неше хат жазды?
(д+н)+(д+н)
№5.
Балалар, бұл жерде Алдардың үйін қоршауға көмектесуіміз керек.
Жерді қоршау үшін неше метр дуал қажет.
Жауабы: 26 м қажет.
Қорытындылау.
Тест алу.
1. | 32+29 неге тең? | А) 51 Ә) 61 Б) 58 |
2. | 94см-12см неге тең? | А) 82см Ә) 82 Б) 72см |
3. | 56-9 неге тең? | А) 47 Ә) 46 Б) 48 |
4. | 85-х=60 | А) х=10 Ә) х=9 Б) х=25 |
5. | Өрнек құрастыр және оны тап: 65 санынан 20 мен 14 сандарының қосындысын азайт | А) 65+(20-14) Ә) 65-(20+14) Б) 65-(20-14) |
Мадақтау, бағалау.
№ | Оқушының аты-жөні | №2 | №3 | Ш.т. | №4 | №5 | Тест | Бағасы |
Үйге тапсырма беру: №6, 179 — бет