Ауылым-Атамекенім

Ауылым-Атамекенім

Мақсаты:

а) Ауыл тарихымен таныстыру, құрылған кезеңдері  жайлы түсіндіре баяндау.

ә) Оқушыларды елім жерім туған өлкесін сүйуге, тарихын оқып білуге , адамгершілікке , ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

б) Оқушыларды   ауыл тарихы  туралы   мәліметтерін  жинастыра   білуге  және   іздемпаздық білімдерін   дамыту.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, таныстыру,әңгімелеу,баяндау.

Сабақтың түрі: Ашық   тәрбие  сағаты.

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар,   интерактивті    тақта

Жүргізуші: Туған жердің әр тасы,әр бұтасы,ең аяғы құбылмалы аспанымен көшпелі бұлты да ата –бабамыз   бізге беріп кеткен баға жетпес аманаты .  Бүгінгі Ауылым-Атамекенім деп аталатын тәрбие   сағатымызды   бастаймыз.

Тәрбие сабағымыз II  бөлімнен тұрады:

І. Ауылым-Атамекенім

ІІ.Ауылым – алтын бесігім

I-бөлім

Жүргізуші:Біздің өлкеміз тарихи оқиғаларға бай өлке.Кіндік жұртымыз-туған өлкеміздің өткендегісін білу парызымыз.Әрине ол үшін,тарих қойнауына терең үңілуді кеңінен зерттеуді қажет етеді.Бір сәт Отан, Атамекен,Туған жерге сағыныш,Бір уыс топырақ,Туған жер киесі деген сөздер мағынасына тоқталып өтейік!

Әділет:Отан-белгілі бір адам үшін,оның өзінің елі үшін ғасырлар бойы өмір кешіп,жанын пида қып, күресіп келе жатқан байтақ өмір.Отан-өлке ғана емес,туған шаңырағы, ата-ана, бала шағасы, ағайын-туысы.Солармен бірге жалғаннан көретін бақыты мен қызығы, өлгеннен кейінде ұрпақтарына рухы жар болыап жататын топырағы.Жырларда айтылатын Кіндік қаным тамған жер деген қарапайым жолдарда туған жерге,Отанға деген шексіз сүйіспеншілік бейнеленген.

Құралай:Қазақ халқының дана да,батыр перзенті Б.Момышұлының Отан үшін отқа түс.күймейсің! деген әмір бұйрықтай нақыл сөзінің өмірден алынғаны   белгілі.Қазақ елінің есімі аңызға айналған батыр ұл –қыздары қаншама!.Олар Атамекенін,туған елін жаудан қорғап,ата бабаларының ерлік дәстүрін сақтаған азаматтар еді.   Солардың    бірі   қамқоршы  әке,   аяулы  ата,  ғасыр   жасаған   Күрішбек   Көжекбаев.

Әлия:Біздің халқымыздың Атамекенді ардақтау сезімі өте терең,олар үшін туған жерді қасиет тұту-қанға сінген мінез ежелгі дәстүр.Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған,ана тілімен дарыған,ақ нанымен бекіген.

Айтолқын:Аласапыран заманда жұрттан адасып қалған қандастарымыздың туған жерге деген сағынышы жан тебірентерлік.Жат жерде жүргендерінде жандарын салып,ана тілін,елдің салт-дәстүрін сақтауға тырысып ,туған жерге келгенде беттерін қуаныш жасы жуып, жатағап топырағын сүйген азаматтарды көргенде Атамекен деген сөздің құдіретті,қасиетті екеніне емірене көз жеткізесің.

Мағжан: Туған жердей жат елдің болмайтыны- ақиқат,

Оған көңіл тоймайтыны- ақиқат.

Алтын торда, алтын құс өсірсеңде бұлбұл құс,

Өскен бағы болмаса, қонбайтыны- ақиқат.

Жүргізуші:  Адал перзенттері үшін туған жерден ыстық, сүйікті, қасиетті, киелі ештеңе жоқ. Бұл халқымыздың қанына біткен имандай сенімі. Ақ жаулықты аналар алыс жолға, ұзақ сапарға аттанған балаларының мойнына туған жердің топырағынан бойтұмар тігіп, тағып берген. Ондағысы «Туған топырағы жат жерде бәледен сақтайды, елін жұртын сағынғанды мауқын басады , қиындыққа душар болып, торыққанда әл-қуат береді» деп біледі. «Туған жердің бір уыс топырағы » деген құдыретті сөздің мағынасы осында болса керек.

Айгерім: Адамдардың атамекені өзі үшін қымбат әрі мәңгілік екені аңызда баяндалған: «Қапияда жау қолына тұтқын болып түсіп, құлдыққа сатылған бұғанасы қатпаған жас бала жылдар өте келе кіндік қаны тамған топырағын, әлпештеп өсірген ата – анасын ұмытуға айналады. Жат өлкеге бауыр басып төзімі мен ақыл, қайратының арқасында сол елдің билеушісі атанады. Жылдар жылжып өтеді. Күндердің бірінде алыстан келген керуен туған жерінің бір түп жусанын жеткізеді. Жұпар исі бұрқыраған жусан билеушінің есіне бала күнгі дәуренін, туған жерін есіне түсіреді. Көзінен жасы бұршақтап,сағыныш сезімі оянып, шыдас бермейді енді оның жолына кесе көлденең тұру мүмкін емес еді. Талайларға арман болған таққа, баққа , байлыққа да бұрылып қарамай,тұлпарына ер салып, туған жеріне суыт аттанған» деседі. Туған жер киесін сезінген сүйспеншілік сезімі қандай десеңізші!

Жүргізуші:          

              Туған жер

Төрт түлегі төсін сүйіп емген жер,

Алтын астық аясында өнген жер.

Миллион жыл қасына сақтап бауырына,

Жиып- теріп ұрпағына берген жер.

 

Гүлдерімен анам белін буған же,

Бала қиял қырларында туған жер.

Қойнында жатқан ата-бабаның,

Қасиетті зираттары тұрған жер.

 

Балалағым, бал дәуренім өткен жер,

Табанымнан балаусасы өпкен жер.

Сонау өткен зор заманда зарлаумен,

Балаларым жасын сансыз төккен жер.

 

Қырқалары қызғалдаққа толған жер,

Шыңдарына мұзбалағы қонған жер.

Ерлеріне ақ найзасын өңгерген,

Жусаны мен ермені ем болған жер.

 

Жүргізуші: Әке мен шеше, ата мен әже, балалар мен аналар болашақ ұрпағына көзіндей көріп, өзіндей аялап жүру үшін мәңгі мұра етіп нені қалдыра алады? Әрине, тек туған жерін қалдырады. Туған жердің әр тасы, әр бұтасы, ең аяғы құбылмалы аспаны мен көшпелі бұлты да әке-шешелеріміздің бізге беріп кеткен баға жетпес аманаты. Әке-шешелерімізді сағынғанда сол аманатын аялап, топырағын сүйіп, көгіне аунап, көзімізге жас аламыз.

Әділет:  Мынау сенің туған жері бабаңның,

Тақымындай кең жазира даланың.

Мына кер жол бастап барар бұлаққа,

Су алатын әкпішпенен анаңның

Өтсе керек батырлықпен,ерлікпен,

Жауға есесін жібермеген өрлікпен

Қара шаңырақ қасиетті бабамның,

Жұрты мынау бәрімізді өрбіткен.

Айгерім:  Аршалы бет ана жартас сай үсті

Тұлпар тұяқ дүбірінен қайысты

Мына жаткан стамшалдың сазында,

Тартатұғын көкпарды,салатұғын сайысты,

Асқақтаған ана шыңдар түңлігін,

Серпіп тастап тіл қатқандай үн бүгін

Ій басыңды құдіреті үшін жеріңнің

Осы жұртта бабаңның кескен екен кіндігін.

Әділет:

Көкорай шалғын, қоңыр бел, таспа құрақ үйген тас,

Әкем жастай құшақтап, ағам жылап сүйген тас.

Көкірегіне тарихтың шежіресін түйген тас,

Ілесі үстем шуақтың жылауына күйген тас.

Ұрпақ сенің мәңгілік қызуыңнан нәр алған,

Өрлігіңді қастерлеп ождан алған, ар алған.

Үміттері үзілмей шығысы мен батысқа

Айгерім:  Үйген тастың белінен бұлақ болып таралған.

Ұрпағы батырлардың мекендеген,

Өзіңді Мединеден кем көрмеген.

Мен де бір сол ұрпақтың бұтағымын

Бас ием борышым көм өтелмеген.

Жүргізуші:

Топырағына әкем тері тамған жер,

Перзентінің сағынышы болған жер

Бәрінен де қымбатсың-ау бәрінен,

Атамекен, туған жер.

II-бөлім.

Ауылым – алтын бесігім

      Жүргізуші:  Ауыл дегеніміз – халықтың тұрмыс-салты, мәдениетіміздің, дәстүріміздің, әдет-ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнары. Қазақстанда ауыл жұрты 43 пайызды құрайды. Енді   өз  ауылымыздың  тарихы  жайлы   мағлұмат  бере   кетейік.

Ауыл жылына байланысты Президенттің бағдарламасына   оқушылар тоқталып   өтсін.

 Мадина: Біріншіден, алдағы уақытта да адамның өзі үшін және оның отбасы үшін қажетті жағдай туғызу бағытын нысаналы жүргізу қажет. Жұмыс істей білетін, өзінің еңбек сүйгіштігін көрсеткен адамдарға қолдау көрсету керек. Мемлекеттің, халықтың және оның болашағының алдындағы жауапкершілігі де, міне, осында жатыр.

 Елнур: Екіншіден, елімізде ішкі көші-қонды, келешегі бұлдыр өңірлерді, дамып келе жатқан аудан орталықтары мен шағын қалаларды көтермелейтін  саясат қажет. Әлбетте, бұл саясат көші-қон тиегін жоспарлау мен басқару, қоныс аударушыларды жер мен және тұрғын үймен қамтамасыз ету, мамандықтарға бейімдеу мәселелерін ескеруі шарт.

  Динара: Үшіншіден, Үкіметтің алдында барынша қысқа мерзімнің ішінде Қазақстанның агро өнеркәсіп кешенін дамытудың үш жылдық президенттік бағдарламасын әзірлеу міндетін қоямын. Иесіз жер жетім. Экологиялық апатқа алдымент  ұшырайтын да сол иесіз жер.   Қазақстанның жағдайында жерді нарық айналасына қосу дегеніміз пайдаланылмай жатқан орасан зор ресурстарды экономикаға  қосу деген сөз.

Жүргізуші: Міне, президентіміздің өткен ауыл жылдарына арналған бағдарламасы осылардың негізінде жүргізіліп, іске асқаны белгілі. Қазір ауылымыздың жағдайы біршама жақсарған сияқты:

Туған жерім – гүл көктем тұнып жатқан,

Байтақ елім – бақытым ашық аспан.

Дария дәурен жанымды жырға бөлеп,

Анамыздай аялап, нұрын шашқан.

 

Сеніменен мен бармын, туған елім,

Сеніменен байтақпын асқар белім.

Жігеріммен жайнатып жазирамды,

Сеніменен құлпырды дархан елім, — дей отырып тәрбие сабағымызды аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!

Қорытынды:

Мұғалім:

«Ұлтарақтай болса да,

Ата қоныс жер қымбат,

Ат төбеліндей  болса да,

Туып өскен ел қымбат».

Туған жерімізді аялай, қорғай, қасиетін қадірлей білейік!

 

Рефлексия