Волейбол. Шабуыл соққысын орындау

Сабақтың тақырыбы : Волейбол. Шабуыл соққысын орындау

Сабақтың мақсаты :   Оқушыларға волейбол ойынының айла – тәсілдерін                    үйрету, шабуыл соққысының элементтерін үйрету,   командалық ауызбіршілікті   нығайту.

 

Сабақтың міндеттері :  Білім беру:  Шабуыл соққысын орындауды,қорғаныста ойнау әдісін  және тактикалық ойын үлгісін үйрету.

 

Дамыту:   Оқушының ой-өрісін, қабілеті мен икемділігін,  күш – қуатын дамыту.

 

Тәрбиелеу.  Оқушыларды тәртіпке, командалық   ұйымшылдыққа, өз бетімен

спортпен шұғылдануға қызығушылығын  арттыруға тәрбиелеу.

 

 

Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер :     ысқырғыш, секундомер,  доптар, гимнастикалық орындық, интерактивті тақта, бейнекамера.

 

Өтетін орны :   Спорт зал.

 

Өтетін класы :      10 «Б» класс.

 

Өтетін күні :      30 қаңтар  2014 жыл.

 

Уақыт :     45 минут.

 

 

 

 

Сабақ

бөлімі 

        Сабақтың мазмұныУақыты Әдістемелік нұсқаулар
Кіріспе дайындық бөлімі

12 минут

 

Сапқа тұру

— кезекші рапорт беру

— сәлемдесу 

— сабақ тақырыбын хабарлау

-бір-екіге саналу

Жүру жаттығулары

— қол жоғарыда аяқтың ұшымен жүр

— қол желкеде өкшемен жүр

— қол белде табанның ішімен жүр

— қол белде табанның сыртымен жүр

— қолды алға созып жартылай отырып жүр 

Жүгіру жаттығулары

-бір қатардан екі қатар құрап жүгіру

— қол белде аяқты алға сермей жүгір

— қол желкеде аяқты артқа сермей жүгір

— қол алда тізені жоғары көтеріп жүгір

— қол желкеде  аяқты тізеден артқа сілтей жүгір

— оң қапталмен, қолды иықтан алдыға айналдыра жүгір

— сол қапталмен, қолды иықтан артқа айналдыра жүгір

— артпен жүгір

— шапшаң жүгір

— отырып жүр, отырып секіріп жүр

— терең  дем шығарамыз

 

1мин

 

 

 

 

3мин

 

 

 

 

 

 

 

 

8мин

 

 

Спорттық киімдеріне көңіл бөлу.

Оқушыларды түгендеу.

 

Аяқ алысын бақылау.

 

Денені тік ұстаймыз.

Басты көтереміз.

Дене тік ұстау.

 

Дене тік,ара-қашықтық сақта.

 

Екі қатарға бөліну.

 

Аяқ ұшы тік,

аяқ тізеден бүгілмейді.

 

Денені тік ұстаймыз.

 

Өкшені алақанға тигіземіз

Тіркеме адыммен.

 

Ара-қашықтық сақта.

 

Ара-қашықтық сақта

шапшаң жүгіру.

Басты бұрып артқа қара.

Денені бос ұстау.

 

Арнайы дайындық  бөлімі

8 минут

 

 

 

Арнайы дайындық.

-допты жоғары лақтырып қағып алу

-допты жоғары лақтырып отырып тұрып қағып алу

-допты жоғары лақтырып айналып қағып алу

-қарама-қарсы тұрып доппен шабуылдау әрекетін орындау

 

 

8мин

 

 

 

Допты биікке лақтыру.

 

Допты жоғары

лақтырып қолды еденге тигізу.

 

Қолды жазып соққы жасау.

 

Негізгі  бөлім

20 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шабуыл соққысын орындау.

 

-Тордан 5 – 6 метр жерден жүгіріп келіп қос аяқпен серпіле әуеде секіріп соққы жасау әрекетін көрсету.

-Секіру әрекетін көрсеткен кезде адымдап келіп аяқты тізеден бүге, қолды артқа сермей лақтырып екпінмен жоғары серпілу керек.

-Әуеде оң қолын жоғары алып білектен соққы беруді көрсету. Осы жаттығуды доппен жасау.

-Бір оқушы тор түбінен әуелете допты лақтырады шабуылдаушы жүгіріп келіп бар күшімен секіріп соққы береді.

-Ұйымдастырушы арқылы соққыны қайталау.

-ереже бойынша волейбол ойынын ойнау

 

 

20мин

 

 

 

 

 

Оқушылар бірге сызық бойына тұрып. Жаттығуды орындайды,

Торға денені тигізбеу керек.

 

 

Соққы жасалған соң кейін қарай жүгіріп келесі соққыға дайындалу керек.

Тордан қарама-қарсы соққы жасалған кезде кезекпен шабуылдайды.

 

Әрекетті дұрыс орындау.

 

Ережені сақтап ойнау.

 

 

 

 

Шабуылдау кезіндегі қозғалу сәттері.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды бөлімі

5мин

 

 

 

 

 

Қорытынды бөлім.

— Жалпы сапқа тұру 

-Жаттығуды орындау кезіндегі қателіктерді айту

-Оқушыларды бағалау

-Сабақты қорытындылау

-Үйге тапсырма беру

-Қоштасу

 

 

 

5мин

 

 

Бір сызық бойын.

Жекелеген оқушыларға нұсқау беру.

Сабақтағы белсенді оқушыларға баға қою.

Үйге тапсырма беру.