«Джигсо» әдісі арқылы оқушының логикалық қабілетін дамыту

ЖүргізушіЖалгасбаева РитаСабақ № 1
Коучинг тақырыбы«Джигсо» әдісі арқылы оқушының логикалық қабілетін дамыту
Жалпы мақсатыОқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамыту үшін сабақ барысында мұғалімдерге «Джигсо» әдісін тиімді пайдалану жолдарын үйрету.
Оқу нәтижесіМұғалімдер оқыту мен оқудағы «Джигсо» әдісін үйреніп, оқушыларды бастапқы топ және жұмысшы топтарға бөліп жұмыс жүргізуді өз тәжірибиесінде қолдана алады
Әдіс-тәсілТүрткі сауалдар, миға шабуыл, Джигсо әдісі
Негізгі идеяларЖалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болып, жаңашыл идеяларға сеніммен қарайды. Сондықтан да сыни ойлауды оқыту кезіңде оқушылардың бойынан мынадай ерекше қасиеттерді байқауға болады: бір–біріне қарсы сұрақтар қою , дәлелдерді талап етуді , нақты жан – жақтылықты және өз көзқарастары мен сенімдерінің орнауын.

 

Кезең-дерУақытКоучнигтің  іс-әрекетіМұғалім іс әрекетіРесурс
Кіріспе кезеңТопқа бөлу

 

«Витаминдер»

Мұғалімдер ұсынылған суреттерден біреуін  таңдап алады.

Мұғалімдер қолындағы жеміс суреттері бойынша  өзара бір топқа жинақталады.Жеміс суреттері
Топ ережесін бекіту

 

Жүйелеу

 

Топта жұмысты бастамас бұрын біз топ ережесін бекітіп аламыз. Назар аударсаңыздар  интерактивті тақтадан слайдтар көрсетіледі. Сол бойынша қазір біз бірінші топ ережесін шығарып алайық.Слайдта көрсетілген суреттер бойынша мұғалімдер ойларын айтады. Бірлесе отырып топ ережесі шығарылып, кабинет бұрышына ілініп қойылады.Слайд

Суреттер

 

Түрткі сауал:

 

Терең ойлану

 

Видео: “Күріш ”

Сабағымызды бастамас бұрын сіздерге видео ұсынғым келіп тұр.  Сонымен видеоны көре отырып қандай тұжырым жасадыңыздар, ойымызды ортаға салайық:

1. Видеодан не түсіндіңіздер?

2.  Алдымызда отырған барлық бала сіздер үшін бірдей ме?

3. Оқушының пәнге деген қызығушылығын қалай оятасыз?

4. Егер барлық балаға көңіл аудармаған жағдайда қандай жағдай туындайды?

5. Сіздер сабақта оқушыларды қызықтыру үшін қандай әдіс- тәсілдер қолданасыздар?

Сабақты қызықты өту мақсатында ашық пікір айтқан топ мүшелеріне жұлдыз беріледі

Мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлай отырып, өз пікірлерін ортаға салады

 

Видео

 

Жұлдыз

Негізгі кезең 

 

 

Миға шабуыл

 

Қиялдау

 

 

 

 

Терең ойлану

 

Тамаша, біз видеоны көре отырып өзімізге біраз ой түйдік. Сонда сіздер алдыңыздағы оқушыңның қандай болғанын қалар едіңіз-дер? Өздеріңіз ойлаған «мінсіз оқушының қасиеттерін» постер бетіне түсіріңіздерші.

Ал енді мен сіздерге өздеріңіз сабақ беретін оқушылардың «Сендер ұстаздарыңның қандай болғанын қалайсыңдар?» деген сауалға берген пікірлеріне көз салайықшы. Оқушыларымыз бізден не күтеді екен?.

Мұғалімдер өз ойларын постерге салады

Жасаған постерлерді «Бағалау критерийі» бойынша бағаланады

Постер

 

Жұлдыз

«Сиқырлы орамал». Ситуация

Келесі біздің жұмысымыз алдарыңызда бар болғаны 1 шаршы мата берілген. Осы 1 шаршы матадан сіздер не жасап шығар едіңіздер? Ойланып топ болып ортадан жазып шығыңыздаршы.

 

Қай топ көп жазып шығады сол топқа мен жұлдыз белгісін беремін

Топ мүшелері сыни тұрғыдан ойлай отырып жазып шығады

 

 

Жұлдыз
Сергіту сәті Енді біз жұмысымызды сәл тоқтата тұрып, сергіту жаттығуын жасап алайық

«Қызыл өрік» биі қойылады

Мұғалімдер сергіту жаттығуларын жасайдыӘуен
«Джигсо» әдісі

 

Талқылау

Болжам жасау

 

Сын  тұрғысынан ойлау технологиясының бір әдісі «Джигсо» арқылы жұмысымызды жүргізгенді жөн көріп отырмын.

Жұмыс топ:

Алдымен  алдарыңызға қойылған түстер бойынша жұмысша топтарға бөлініп алайық. Сіздерге әңгіменің бір бөлігі таратылады. Әңгіме бөлігін оқып өз топтарыңызда талқы-лаңыздар. Талқылауға аз ғана уақыт беріледі.

Бастапқы топ:

Ал енді сабақ басында бөлінген бастапқы топтарыңызға қайта келіп, қолдарыңыздағы әңгіме бөліктерін құрастырыңыздар.Толық әңгіме мазмұнымен танысып, әңгіме соңын әр топ өз топ мүшелеріңізбен ақылдаса оты-рып аяқтаңыздар

 

Енді сіздерге әңгіменің толық нұсқасы таратылады.

 

 

 

 

 

Топтарға мәтін бөлігін өзара талқылайды.

 

 

Әр топ өздеріне берілген әңгіме қиындыларынан мәтін құрастырады. Әңгімені талқылайды.

 

Әңгіме желісін топ мүшелері бірлесіп отырып  аяқтайды

 

 

Мәтін

 

Қорытындылау кезеңіОй

тұжырымдау

 

Қортын-ды жасау

Сауал

Бүгінгі сабағымызды қортындылау мақса-тында алдарыңызға жеке — жеке шахмат тақ-тасы берілген. Осы тақтаға сабақ барысында біз  қандай іс — әрекеттер жасадық? толтырып койсаңыздар.

Шахмат тақтасына түсіру

Шахмат тақтасына

Мұғалімдер жеке — жеке бүгінгі  іс — әркеттерін жазып шығады.

1. Қорытынды жасадық

2. Сыни тұрғыдан терең ойландық

3. Қиялдадық

4. Талқыладық

5. Болжам жасадық

Шахмат

тақтасы

Кері байланыс

Сауалы бар қорап

Алдарыңыздағы сауалы бар қораптан сауал-нама парақтарын алып толтыруларыңызды сұраймын .

Бүгінгі сабақтан нені біле алдыңыз?

Бүгінгі сабақта не қызықтырды?

Бұл әдістерді сабақта пайдалануға бола ма, қалай?

Қандай ұсынысыңыз бар?

Сауалнама парағын толтырып, қайта қорапқа саладыСауал-нама алу
Бағалау кезеңі

Бүгінгі сабаққа мұғалімдер  «Смайликтер» әдісі бойынша бағалау жасайды.