Жер бетіндегі халықтар мен нәсілдер
Сабақтың тақырыбы: § 42 Жер бетіндегі халықтар мен нәсілдер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушыларға жер бетіндегі халықар мен нәсілдер жайлы түсінік бере отырып, олардың таралу ерекшеліктеріне түсінік беру.
Дамытыушылық мақсаты: Оқушыларды ізденіске,еңбекқорлыққа,іскерлікке,қиындықты ойлана отырып шешуге,логикалық ойлауын дамыту,география пәніне танымдық қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты:сабақты қайталау арқылы еске сақтау;тез ойлауға,білімді болуға тәрбиелеу ,сынып оқушыларының алдында мәнерлі сөйлей білуге баулу, өзінің көзқарасын қорғай білуге ,шығармашылық қабілеттерді тәрбиелеу болды.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап , Баяндау, түсіндірмелі
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы,Дүние жүзінің физикалық картасы,интерактивті тақта ,кескін карта, кесте.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылармен сәлемдесу
- Оқушыларды түгендеу
- Оқушыларды сабаққа икемдеу
- Үй тапсырмасын сұрау. /Үй тапсырмасын бірнеше оқушы баяндайды/
- 41 Қоңыржай ,субполярлық,полярлық белдеулер
- Кескін картаны тексеру
III. Уй тапсырмасын қорыту.
- Сұрақ -жауап
- Жер шарында неше географиялық белдеу бар?
- /4 негізгі 3 аралы/
- Қоңыржай белдеуде қандай зоналар тараған?
- /Шөл,Дала,Орман/
- Шөл зонасы қай материктерде таралған?
- /Азияда,Солтүстік Америка,Оңтүстік Америка/
- Шөл зонасында жылдық шауын –шашын мөлшері?
- / 200мм-ден кем/
- Мұзды шөл зонасы қай белдеуде орналасқан?
- / Полярлық /
- Субполярлық белдеуде жылдық жауын-шашынның
орташа мөлшері? - / 100-300мм./
- Жаңа сабақты меңгерту
- 42.Жер бетіндегі халықтар мен нәсілдер
Жер шары халқының саны мен өсуі.Жер шары халқы алғашқы табиғатқа тәуелді кезеңдерінде баяу өскен.
Халық санының баяу өсуіне табиғи апаттар,түрлі соғыстар мен жұұпалы аурулардың таралуы әсер еткен.Біздің заманымыздың басында Жер шарындағы халық саны 230 миллион ғана болған.
Халық санының қарқынды өсуі
Жылы | Халық саны |
1930 1960 1975 1987 1999
| 2 млрд 3 млрд 4млрд 5млрд 6млрд |
Жер шары халқының орташа тығыздығы
жылы | Тығыздығы 1км ² |
1920 1950 1987 Қазіргі кезде | 13 18 34 40 |
Нәсілдер.
Еуропоидтық нәсіл өкілдерінің терісінің түсі ақ қыр мұрынды,шашы
толқынды не біркелкі,ерні жұқа болып келеді.Бұл нәсіл өкілдері Еуропа,
Солтүстік ,Оңтүстік Америкада,Аустралияда, Азияның біраз аймақтарында
қоныстанған.
Маңғолоидтық нәсіл өкілдерінің терісінің түсі сары шашы қайратты, көздері қысыңқы, жақ сүйегі шығыңқы келеді.Маңғолоидтық нәсіл
өкілдері Азияның көп бөлігіне, Америкада таралған.
Негроидтық нәсіл өкілдерінің терісі қара , шаштары бұйра ,мұрны жалпақ жақ сүйегі шығынқы келеді, ерні қалың болып келеді.
олар негізінен Африкада, Аустралиядан қоныстанған.
2.Дәптермен жұмыс
I.Анықтаманы толтырыңдар.
Халық санының өсуін реттеу мақсатында……….жургізіледі.
/демографиялқ саясат/
II.Демографиялық саясат қандай бағыттарда жүргізіледі?
- Адамдар қандай ерекшеліктері бойынша нәсілдерге топтастырылады?
- Мәтінді пайдаланып кестені толтырыңдар.
Нәсілдер | Сыртқы ерекшеліктері | Қоныстанған аймақтары |
Еуропоидтық | Еуропоидтық нәсіл өкілдерінің терісінің түсі ақ қыр мұрынды,шашы толқынды не біркелкі,ерні жұқа болып келеді.
| Бұл нәсіл өкілдері Еуропа, Солтүстік ,Оңтүстік Америкада,Аустралияда, Азияның біраз аймақтарында қоныстанған.
|
Моңғолоидтық | Маңғолоидтық нәсіл өкілдерінің терісінің түсі сары шашы қайратты, көздері қысыңқы, жақ сүйегі шығыңқы келеді.
| Маңғолоидтық нәсіл өкілдері Азияның көп бөлігіне, Америкада таралған.
|
Негроидтық | Негроидтық нәсіл өкілдерінің терісі қара , шаштары бұйра ,мұрны жалпақ жақ сүйегі шығынқы келеді, ерні қалың болып келеді.
| Африкада, Аустралиядан қоныстанған.
|
- Жаңа сабақты бекіту
- Сұрақтарға жауап беріңдер.
- Алғашқы кезеңде жер бетінде халық санының баяу өсуінің себебі не?
- /табиғи апаттар.түрлі соғыстар мен жұқпалы аурулар/
- Демографиялық жарылыс деп нені айтады?
- /Халық санының қарқынды өсуі/
- Тест тапсырмаларын орындаңдар.
- Халықтың ұдайы өсуін зерттейтін ғылым.
- а) География ә) Биология б) Демография
- Жер шары халқының саны қашан 6 млрд-қа жетті?
- а) 1987 ә)1999 б) 1991ж
- Қазақстанда соңғы халық санағы қай жылы жүргізілді?
- а)1991ж ә)1999ж б) 2009ж
- Жер шары халқының орташа тығыздығы қанша?
- а) Бір шаршы шақырымға 25 адамнан келеді.
- ә) Бір шаршы шақырымға 37 адамнан келеді.
- б) Бір шаршы шақырымға 40 адамнан келеді.
- Ұй тапсырмасын қорыту. / Географиялық диктант/
- 1-нұсқа
- Жер шары халқының саны ….. қарқынды өсті.
- /. ХХ ғасырда /
- Халық санының қарқынды өсуі……. деп аталады.
- /Демографиялық жарылыс /
- Қазақстандағы алғашқы халық санағы…… жүргізілген.
- /1897 жылы /
- Халықтың ұдайы өсуін…. ғылымы зерттейді.
- /. Демография /
- Жер шары халқының бір шаршы шақырымға орташа тығыздығы …. келеді.
- /. 40 адамнан /
- Халық санын реттеу мақсатында…. жүргізіледі.
- /. Демографиялық саясат /
- Сыртқы ерекшеліктеріне қарай халықтар……. бөлінеді.
- /. Нәсілдерге /
- Терісінің түсі ақ, қыр мұрынды, ерні жұқа, шашы толқынды не тегіс нәсілдер…..
- /Еуропоидтық нәсілдер /
- Нәсілдер теңдігін зерттеген ғалым…..
- / Н.Н.Миклухо-Маклай/
- ……. БҰҰ Бас Ассамблеясы нәсілдік кемсітушілікті жою туралы қарар қабылдады.
- /1965 жылы/
- 2-нұсқа
- Н.Н.Миклухо-Маклай……. зерттеген ғалым.
- /. Нәсілдер теңдігін /
- Демографиялық жарылыс дегеніміз……
- /Халық санының қарқынды өсуі/
- Халық саны….. арқылы анықталады
- /Халық санағы /
- Демография…… деген мағына береді.
- /. Халықты сипаттап жазамын/
- Қазақстанда тәуелсіздік алғалы……… халық санағы жүргізілді.
- /1999 жылы және 2009 жылы /
- Терісінің түсі сары, шашы қайратты, көздері қысыңқы, жақ сүйегі шығыңқы……белгілері.
- /Моңғолоидтық нәсіл/
- Нәсілдік белгілер……. байланысты қалыптасады.
- / Қоршаған ортамен /
- Африка мен Австралияда қоныстанған……. нәсілдер.
- /. Негроидтық /
- 1965 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы…… қарар қабылдады.
- / Нәсілдік кемсітушілікті жою туралы /
- Дүние жүзі елдері даму дәрежесіне қарай…… деп бөлінеді
- /Дамыған елдер және дамушы елдер/
VII. Бағалау.
VIII. Үйге тапсырма .
1.§42 Жер бетіндегі халықтар мен нәсілдер.
- Жер бетіндегі халықтар тақырыбына реферат жазу.