Жұмбақ ел Жапония

Сабақтың тақырыбы: Жұмбақ ел Жапония

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға Жапония туралы жан-жақты түсінік беру, елдің өткені мен бүгінгісінің арасындағы үзілмес байланысты көрсету, шаруашылығына сараптама жасау, осы мемлекет проблемаларын қазіргі Қазақстанның проблемаларымен салыстыружәне оқушылардың қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, проблемалық, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі:дүние жүзінің саяси картасы, сувенирлер, суреттер (Фудзияма тауы, Сакураның гүлдеуі, жапондық тағамдар, ұлттық киімі, икебана, самурай), атлас, интерактивті тақта

 

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

-психологиялық дайындық

2.Өткенді қайталау

1.Сұрақтар:

1.Әлемнің үлкен «жетілікке» кіретін экономикалық ірі мемлекеттерінің ішіндегі қайсысы Қазақстанның өнімін сатып алады?

(АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания, Италия, Канада)

2.Аппенин түбегінде орналасқан мемлекет (Италия)

  1. Елдің аумағы немесе бір аймақ арқылы жүк тасымалдау (транзит)

4.Су жолы арқылы жүк тасымалдануға төленетін ақы (фрахт)

5.Барлық аумағында біріңғай заң шығарушы және қалыптасқан атқарушы билік (унитарлы)

6.Айналымдағы ақшаның құнсыздануы (инфляция)

7.Географтар Скандинавия мен Финляндияны бір сөзбен не деп атайды (Феннаскондия)

8.Қай елде жанартаулар көп атқылайды (Исландия)

9.Қай елде жер сілкінісі көп болып тұрады (Жапония)

4.Жаңа сабаққа дайындық

  1. -70-80 жылдары бұл елдің басты мақсаты-Батыстың алдыңғы қатарлы елдерімен экономикалық және ғылыми-техникалық  даму жағынан қатарласу болды және де бұл мақсатына жетті. Бұл мемлекет 4 үлкен және 4 мыңдай кіші аралдан тұрады;
  2. Ұлттың құрамы бір текті;
  3. Табиғат ресурстары аз ;
  4. Ұзақ жасайтын ел ;
  5. Ұрбандалу деңгейі жоғары ;
  6. Халқының 60% қызмет көрсету саласында;
  7. Туу көрсеткіші төмен ;
  8. Император басқаратын монархиялық ел;
  9. Жер сілкінісі мен жанартаулар көп ел.

Бұл қай мемлекет  жайында деп ойлайсыңдар? әрине Жапония. Бұл мемлекеттің қалай жүзеге асырылғанын бүгінгі сабақта  ескі және жаңа Жапонияға шолу жасау барысында білеміз.

 

5.Жаңа сабақ

-тақырыппен таныстыру «Жұмбақ ел Жапония»

-мақсатын хабарлау

-жаңа сабақты түсіндіру

 

1-тапсырма:

-5-7 минут оқулықта берілген мәтінді оқыту

2-тапсырма: «Ресми Жапония»

Әрбір оқушы жазылған үлестірмелерді таңдап алады, 3 минут әзірленеді

1-үлестірме

Жапонияның экономикалық-географиялық жағдайы туралы айт

2-үлестірме

Жапонияның тарихы туралы не білесің?

3-үлестірме

Жапонияның халқы, тілі, діні туралы ақпарат бер

4-үлестірме

Жапонияның қарқынды дамуының негізі болып отырған өнеркәсіп туралы не білесің?

3-Деңгейлік тапсырмалар. І деңгей

1) Жапонияның ірі аралдарын атаңыз.

2) Мемлекеттің басқару формасы қандай?

3) Жапонияның табиғи символы.

4) Ел аумағын Азия жағалауларынан қандай теңіздер бөліп жатыр?

ІІ деңгей

1) Оқулық пен атласты қолдану арқылы Жапония халқына сипаттама.

Тіл семьясыДініҰлттық құрамыӨмір жасының орташа ұзақтығыБайырғы тұрғындары. ТаралуыХалқының ең көп шоғырлану аймағыОрташа және ең жоғары тығыздығы

2) Климат картасы арқылы Жапонияның климатына сипаттама.

3) Ел аумағында орналасқан ірі қалалары мен ірі порттарын анықтаңыздар.

ІІІ деңгей

1) Жапонияның табиғат жағдайлары мен ресурстары шаруашылықтың дамуына қалай әсер етті?

2) Елдің географиялық орнының геосаяси жағдайына әсерін қалай бағалауға болады?

4-тапсырма: «Жұмбақ Жапония»

Тақтада  «икебана», «кимоно», «жапондық тағамдар», «Самурай», «Шай құю рәсімі»суреті  көрсетіледі. Сол бойынша әрбір оқушы (өз қалаулары бойынша) қысқаша сипаттама береді.

5-тапсырма: «Кім жүйрік?»

  1. «Токио» қандай мағынаны білдіреді? (Шығыс астана)

2.Жапония халқының табиғи өсуі қандай типке жатады? (1)

3.Самурайдың мораллдық кодексінің атауы (бусидо)

4.Хоккайдоны Сахалиннен бөліп тұрған бұғаз (Лаперуз)

5.Жапондық діни наным (синто)

6.Жапондардың қасиетті кітабы  (Кодзики)

7.Жапондарда достарымен кездескенде қандай дағды жоқ (қол алысу)

8.Жапонияның бұрынғы астанасы (Киото)
9.Токио қандай аралда орналасқан (Хонсю)

10.Жапонияның ақша бірлігі (иен)

11.Жапонияның оңтүстігіндегі ең ірі аралы (Кюсю)

12.Жапонияның ең биік нүктесі (Фудзияма 3776м)

13.Жапония халқының 99 пайызы… (жапондықтар)

14.Жапония астанасы (Токио)

15.Жапонияның ең ірі аралы (Хоккайдо)

  1. «Айкидо»деген не? (шығыс жекпе-жегінің бір түрі)

17.Токионы салуға негіз болған құрылыс (Эдо қаласы)

18.Күріш жейтін таяқша (хаси)
19.Жапонияда 1663 жылдан ресми тыйым салынған дін (христиан)

  1. «Каратэ»сөзінің мағынасы (қарусыз күрес)

21.Токиодан Фукуокаға дейінгі темір жол магистралы (Синкансэн)

22.Хоккайданың ірі қаласы (Саппоро)

23.Жапондар моншада қандай суды қалайды (ыстық)

24.Хоккадоны Курилден бөліп тұрған бұғаз (Кунашир)

6-тапсырма: «Сен  мені  білесің бе?» айдары

 

 

1-сурет. Әйгілі орыс  жазушысы А.С.Пушкин бейнесіндегі ел (Италия)

2-сурет. Орамалды әйел ана бейнесінде қандай ел бейнеленген? (Португалия, Испания)

3-сурет. Көңіл күйі болмаған адамның бейнесінде қандай материк бейнеленген? (Африка)

4-сурет. Қалпағы бар ер адам бейнесінде қай мемлекет бейнеленген? (Нидерланды)

7-тапсырма: «Жапония- менің көзіммен»

Эссе жазу

Сабақты қорыту:

1) Неліктен Жапонияны «Күншығыс елі» деп атайды?

2) Жер бедері қандай?

3) Қандай сейсмикалық белдеуде орналасқан?

4) Жапон халқының ерекшелігі неде?

 

Үй тапсырмасы: Қайталау

бағалау