Жанартаулар,ыстық бұлақтар мен гейзерлер.

Батыс Қазақстан облысы

Тасқала ауданы

ЖББ Шежін орта мектеп- балабақшасы

География пәні мұғалімі:Карменова Бибигуль Шынболатовна

Тақырыбы:  Жанартаулар,ыстық бұлақтар мен гейзерлер.

Мақсаты:

      1.Жанартаудың пайда болуы мен құрылысы туралы және ыстық   бұлақтар,гейзерлердің қасиеттері туралы мәлімет беру.

2.Картамен жұмысты нығайта отырып,жанартаулар мен ыстық бұлақтар координаталарын тауып географиялық жағдайларына сипаттама беруге дағдыландыру.

3.Оқушыларды өз ойын нақты жеткізе білуге үйрету.

Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту

Әдісі: картографиялық,зерттеу, СТО әдістері-топтастыру,кесте,кескін карта

Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

                         Географиялық диктант

1.Жердің ішкі құрылысы……. тұрады.

2.Тау жыныстарын зерттеу,пайдалы қазбаларды бағдарлаумен ….. айналысады.

3.Тау жыныстары пайда болуына қарай…….бөлінеді.

4.Магманың  жер қойнауында суынуынан…..тау жынысы пайда болады.

5.Жер қыртысының қозғалуының……. түрі белгілі.

6.Жер қыртысы мен жоғарғы мантиядағы ығысу мен ыдырауынан пайда болатын жер бетінің тербелуін… деп атаймыз?

7.Жердің терең ішкі бөлігіндегі жер сілкінудің өзегін……не деп аталады.

  1. ….жер сілкіну ошағының жер бетіндегі нүктесі.

9.Жер сілкіну жиі қайталанатын аймақтар ….. деп аталады.

 

Жауабы:

1.жер қыртысы,мантия,ядро.

2.Геологтар

3.үш топтар

4.магмалық тау жыныстары

5.екі түрі

6.жер сілкіну

7.жер сілкіну ошағы

8.жер сілкіну эпицентрі

9.сейсмикалық аймақтар

 

Сәйкестендір

  1. Жердің сыртқы қабығы А. ядро
  2. Дүмпудің жер үстіндегі жері Б. тұз
  3. Темір мен никельден тұрады В. минералдар
  4. Бір минералды тау жынысы Г.  жер қыртысы
  5. “Шапан” дегенді білдіреді Д. эпицентр
  6. Тау жыныстарын құрайды Е. Мантия

 

Жауабы:

Г

Д

А

Б

Е

В

ІІІ.  Жаңа тақырып : Жанартаулар,ыстық бұлақтар мен гейзерлер.

І. Ой қозғау. Жер ғаламшары қандай қабаттардан тұрады?

Литосфералық тақталар қалай қозғалады? /көрсету/

Жанартау туралы не білеміз?/оқушылар ойын тыңдау/

 

ІІ. Жанартау дегеніміз не?

Жанартау құрылысымен таныстыру  /слайд арқылы көрсету/

 

1.Газ,күл мен бу бұрқырап шығуда

  1. Тропосфера қабаты
  2. Жер қыртысы
  3. Жер бетіне төгіліп жатқан лава
  4. Жанартау көмейі
  5. Магма ошағы
  6. Бүйірлі кратер
  7. Қатты тау жыныстары

    Жанартау, вулкан (лат. vulcanus – от, жалын деген мағынаны білдіреді, ежелгі римдіктердің мифологиясындағы от құдайы ұғымынан шыққан. ) – Жер қабатының тереңдегі жарылымдары мен жарықтарынан оның бетіне шығатын балқыған тау жыныстары мен ыстық газдардың геологиялық құрамалары

 

     Жанартаулардың атқылауы — Жер қабығындағы жарықтар мен каналдар бойымен ыстық газдардың, су буының, тау жыныстары сынықтарының, күлдің және лаваның Жер қойнауынан аспанға атылуы. Жанартау атқылаған кезде аспанға атылған шаңнан атмосфера қарауытады. Күн радиациясы] бәсендейді және жарық азаяды. Ауа ағыстарымен атмосфераның жоғарғы қабаттарында таралған жанартаулық ұлпа шаңдардан (күлден) оның атылған тұсында ғана емес, тіпті одан өте шалғай жерлерде аспанда шапақтың басқаша қызыл түсті оптикалық құбылысы болады. Жанартаулардың атқылауынан стратосфера мен мезосферадағы бұлттар пайда болады.[3]

Ең ірі жанартаулар

Жанартау атауыОрналасқан орныБиіктігі, мАймақ
КилиманджароМасаи таулы үстірті5895Африка
ОрисабаМексиканское нагорье5700Солтүстік және Орталық Америка
Мауна-ЛоаГавай аралдары4169Австралия және Океания
ФудзиХонсю аралы3776Азия
Ичинская сопкаКамчатка түбегі3621Азия
Кроноцкая сопкаКамчатка түбегі3528Азия
Корякская сопкаКамчатка түбегі3456Азия
ЭтнаСицилия аралы3340Еуропа
ГеклаИсландия аралы1491Еуропа
ВезувийАпеннинский п-ов1277Еуропа
КракатауЗондский пролив813Азия

           Гейзерлер — жер астынан мезгіл-мезгіл фонтан тәрізді атқылап шығатын ыстық бұлақтар. Гейзер Камчатка түбегінде (Ресей), Исландияда, АҚШ-тағы Йеллоустон ұлт паркінде, Калифорнияда, Канадада, Қытайда, Жаңа Зеландияның солтүстік аралында және Жапонияның кейбір жерлерінде кездеседі.

Гейзер – оқтын-оқтын ыстық су мен бу атқылап тұратын су көзі (қайнар, бұлақ). Магма ошағынан үздіксіз жылу келіп тұратын жанартаулық әрекеті тоқтамаған немесе таяуда тоқтаған аймақтарда кездеседі. Гейзердің (исландша geysa – саулау, шапшу) сырт пішіні кішігірім қиылған конус, аласа, жайпақ шұңқыр, кейде ор түрінде болуы мүмкін. Атқылау циклінің (оралымының) ұзақтығы тұрақты гейзерді жүйелі гейзер, өзгермелісін – жүйесіз гейзер деп атайды. Атқылау циклінің ұзақтығы минуттармен және ондаған минуттармен өлшенеді, тыныштық кезеңі бірнеше минуттан бірнеше сағатқа немесе күндерге дейін созылады.

                Бұлақ (көз, бастау, қайнар) — жер асты суларының жер бетіне (кейде су астына) өздігінен шоғырлана шығатын жері. Бұлақтар әр түрлі белгілері бойынша тұма, қайнар, термалды бұлақ, жалғасты бұлақ және т.б. делініп бірнеше топқа бөлінеді. Суы тұщы, әсіресе мол өнімді Бұлақтар елді мекендерді ауыз сумен, шаруа қожалықтарын керекті сумен камтамасыз етуге, жер суаруға кеңінен пайдаланылады. Минералдылығы 1 г/дм3-ден астам жылы және ыстық бұлақтың суы санаторийлер мен емдеу орындарында түрлі ауруларды емдеуге қолданылады.

Мұндай су көзінің өнімі, температурасы, минералдық тұмаға қарағанда тұрақты келеді. Сонымен қатар әктасты, гипсті, карсты таулы аймақтарда, қыраттарда жер астындағы кең көлемді жарықтарды бойлай өзен секілді ағып, жер бетіне шығып жататын бұлақтың ерекше түрі воклюз деп аталады. Суы мол, өнімі тұрақты воклюздер Қазақстан жерінде Қаратауда, Шыңғыс тауында, Жайық бойындағы Индер тауында, Үстіртте, т.б. аудандарда кездеседі.

Қазақстанда мұндай мол өнімді арынды бұлақтар Қаратау (Оңтүстік Қазақстан) мен Ерейментауда (Орталық Қазақстан) кездеседі. Олардан өзендер бастау алады, ауыз су алынады, жер суарылады, мал жайылымдары суландырылады.

Мұндай ыстық арынды сулар – жылу мен энергия қуатын алуға пайдаланылады. Таулы аймақтардағы (Жетісу мен Іле Алатауларында, Алтайда, т.б. өңірлерде) табиғи газға, денсаулыққа пайдалы аз мөлшерлі химиялық элементтерге қанық жылы, ыстық сулы қайнар бұлақ сулары санаторий, курорттарда қолданылады. Каспий бойындағы кейбір тұзды бұлақтардан ас тұзы өндіріледі.[2][3]

 

Картамен жұмыс. Қазақстанның физикалық картасынан ыстық бұлақтардың көзін көрсету.

Жанартаудың зерттеудің қажеттігі туралы әңгімелеу.

 

 

Картамен жұмыс

Жанартаулардың координаталарын табу.

 

Координаталар бойынша жанартауларды анықта:

  • 1° о.е;   78° б.б.
  • 4° с.е;   9°   ш.б.
  • 37° с.е;   13° ш.б.

 

Бекіту

Кестені толтыру

 

Сөзтуымды шешкізу:

1.Жанартау мойыны

2.Магманың сыртқа төгілуі

3.Ыстық бұлақтар

4.Жер қыртысының жоғарғы қабаты

5.Жанартаудың төбесі

 

 Үйге: § 25    оқу.    Атлас картаны пайдаланып,кескін картаға жанартауларды белгілеу.