Оңтүстік Американың табиғат зоналары

Тақырыбы: § 41-42  Оңтүстік Американың табиғат зоналары

Мақсаты:

І Білімділік: Табиғат кешендеріне сипаттама бере  отырып, Оңтүстік Американың табиғат зоналарына жеке-жеке тоқталу.

ІІ Тәрбиелік: Оқушыларға   Оңтүстік  Американың   қайталанбас тіршлік дүниесін қорғау және сақтау шараларын  түсіндіру барысында эстетикалық  және  экологиялық  тәрбие беру.

ІІІ Дамытушылық: Оқушылардың картамен,  кестемен,  электронды оқулықпен жұмыс жасауын одан әрі дамыту.

Көрнекіліктер: Жарты шарлар картасы, атлас, таратпа материалдар, электронды оқулық, Оңтүстік Американың табиғат зоналары картасы

Сабақ типі: Аралас сабақ

Әдіс-тәілдер: әңгімелеу, сұрақ-жауап, пысықтау, көрсетілімді әдіс.

Сабақ жүрісі:

І Ұйымдастыру

  • Сәлемдесу, сыныпты түгендеу
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

  • 40 Өзендері ен көлдері

Географиялық диктант.

  1. Оңтүстік Американың негізгі суайрығы —  … тауы. (Анд)
  2. Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама – Анхель …  таулы үстіртінде орналасқан.(Гвиан)
  3. Түбінен мұнай өндірілетін көл — … (Маракайбо)
  4. … су жинау алабы Аустралия материгінің ауданымен пара-пар. (Амазонка)
  5. Титикака көлі үндістер тілінен аударғанда …  деп аталады. (Қалайы алаңы)
  6. 300 тармаққа бөлініп, биік жартастардан құлап ағатын, табиғаты ең әсем сарқырама — … (Игуасу)
  7. Жазда кеуіп қалатын тұзды көл — … деп аталады. (Поопо)

Бағалау шкаласы:

0-1 – «2»

2-3 – «3»

4-5 – «4»

6-7 – «5»

 

ІІІ Өткен сабақты бекіту

ІV  Жаңа сабақтың мақсатын қою

V Жаңа сабақты түсіндіру

Оңтүстік Америка жерінде мынадай табиғат зоналары  ажыратылады:

  1. Ылғалды экваторлық ормандар (гилея);
  2. Ауыспалы ылғалды (муссонды) ормандар;
  3. Саванналар мен сирек ормандар;
  4. Субтропиктік қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар;
  5. Жалпақ жапырақты ормандар;
  6. Субтропиктік дала (пампа);
  7. Шөлейт және шөл;
  8. Анд тауларындағы биіктік белдеулер.
Табиғат зонасыТабиғат жағдайыТопырағыӨсімдігіЖануарлары
Ылғалды экваторлық ормандар (гилея)

мен ауыспалы ылғалды ормандар (сельвас)

Орман іші өте ыстық, әрі қапырық, оның төменгі бөлігіне жарық жетпейдіҚызыл-сары ферралиттіАғаштардың биіктігі 80 м-ге дейін жетеді. Мұнда шөптесін өсімдіктер өспейді.

Лиана, папоротниктер, орхидея, гевея, бальс ағашы, хина ағашы, какао, сейба, қауын ағашы өседі.

Бақырауық және ілмекқұйрық маймылдар, жалқауаң, тапир, опоссум, құмырсқа жегіш, қан сорғыш жарқанаттар, пекари шошқасы мен ең ірі су шошқасы – капибара, ягуар, пуна, тоты құс, тукан, гаоцин, колибри, ұзындығы 12 м-ге жететін анаконда кездеседі. Жәндіктер өте көп
Саванналар мен сирек ормандар

Ориноко саваннасы – льянос, Бразилия саваннасы – кампас

 

Саванналардың көрінісі жыл мезгілдеріне байланысты өзгеріп отырады.Ферралитті қызыл топырақтан қызыл-қоңыр топыраққа ауысадыЛьяноста – пальмалар, акация, биік шөптесін өсімдіктер таралған.

Кампоста –ағаштар аз, көбіне тікенекті  кактус, мимоза, сүттіген, бөтелке ағашы, кебрачо өседі.

Пекари, ергежейлі бұғылар, тапир, жалды қасқыр, сауыттылардың бірнеше түрі, құмырсқа жегіштер, нанду түйеқұсы
Субтропиктік дала

(пампа)

Ла-Плато жазығын алып жатыр. Жазы ыстық, қыста температураны төмендететін желдер соғып тұрады.Құнарлы шымды қызғылт топырақПампа  шөбі, қоңырбас, қамысПампа бұғысы, пампа мысығы, пампа түлкісі, оцелот, кеміргіштер. Өзен жағаларында теңіз шошқасы, терісі бағалы саз құндызы мекендейді.
Шөлейт зонасыҚиыр оңтүстіктегі Патогония жерін қамтиды.Сұр, қоғыр топырақСирек шөптер мен аласа кактусты тікенекті бұталар, жастық тәріздес өсімдіктер өседі.Сауыттылардың бірнеше түрі, кемірушілер, пампа бұғысы, пампа мысығы, магеллан түлкісі, ірі құстар, гуанако ламасы мен пума

 

Атакама жағалық шөлінде тәулік ішінде  температура 25-30°С-қа ауытқиды. Соның әсерінен мамыр мен қараша аралығында бриз желдері салқын, «соқыр» тұмандарды – гаруаны қалыптастырады. Осы мол ылғалды бүкіл денесімен сіңіретін  тамыржемісті және түйнекті өсімдіктердің ерекше тобы ломас деп аталады. Анд тауында ламаның жабайы түрі – викунья мен гуанако мекендейді. Ал жергілікті халық – альпако мен кәдімгі ламаны қолда ұстайды.

3500-3900 м биіктікте биік таулы шөптесін өсімдіктерден тұратын пуна белдеуі басталады. Бұл белдеуде аласа ағаштар мен жастық тәрізді бұталар, селеу, бетеге, ерекше әсем өсімдік – Раймонд пуйясы өседі.

Кактустың шыққан жері – Бразилия таулы үстірті

VІ Жаңа сабақ бойынша оқушылардың түсінігін тексеру

Термин сөздер:

Гилея — Амазонканың ылғалды экваторлық ормандары

Сельвас – ауыспалы ылғалды Амазония  ну орманы

Льянос – Ориноко саваннасы

Кампос – Бразилия саваннасы

Пампа – Ла-Плата жазығын алып жатқан жазық дала

Гаруа – Атакама шөлінде мамыр мен қараша айларында қалыптасатын «соқыр тұмандар»

Ломас – ылғалды бүкіл денесімен сіңіретін тамыржемісті және түйнекті өсімдік.

Гуано – құстың саңғырығы, аса бағалы азотты тыңайтқыш

VІІ Бекіту

  1. Оңтүстік Американың жазық бөлігінде қандай табиғат зоналары орналасқан?
  2. «Ғаламшардың өкпесі» деп қай аймақты айтады?
  3. Льянос пен кампостың қандай айырмашылықтары бар?
  4. Анд тауының символы деп қандай жануарларды атайды?
  5. Амазония ормандарының қазіргі экологиясы туралы не айта аласың?

Семантикалық карта

Ылғалды экваторлық ормандарОриноко саваннасыБразилия саваннасы«Ғаламшардың өкпесі»Субтропиктік дала
Сельвас+
Гилея+
Льянос+
Кампос+
Пампа+

 

Электронды оқулық тапсырмалары:

  1. Оңтүстік Американың өсімдіктері мен жануарларының аттарын жазып шығыңыз.
  2. Оңтүстік Американың картасын құрастыр.
  3. Қалайы –вольфрам белдеуін тап.
  4. Берілген номенклатураны орнына қойып шығыңыз.
  5. Оңтүстік Американың шөгінді және магмалық тау жыныстарын жаз.
  6. Оңтүстік Американың ойпаттарын көрсет.
  7. Оңтүстік Американың таулы қыраттарын белгіле.
  8. Артығын жинаңыз.
  9. Оңтүстік Американың шеткі нүктелерін тауып, картадан белгілеңіз.

 

 

 

Үлестірмелі материалдар:

№ 1

  1. Оңтүстік Американың шеткі нүктелерін картадан көрсет.
  2. Ең биік сарқырама қай өзеннің саласы? Картадан көрсет.
  3. Оңтүстік Американы қандай мұхиттар шайып жатыр?

 

№ 2

  1. Дүние жүзіндегі ең суы мол өзен қай материкте? Оны картадан көрсет.
  2. «Мысты таулар» дегеніміз не?
  3. Не себепті Анд тауының жағалауында Атакама шөлі қалыптасқан?

 

№ 3

  1. «Қалайы алаңы» деп қай көлді атайды? Көлді картадан көрсет.
  2. Парана өзенінде қандай сарқырама бар?
  3. Патагония үстірті материктің қай бөлігінде? Оны картадан көрсет.

 

VІІІ Үйге тапсырма:

  • 41-42 Табиғат зоналары ( мазмұндау)

Кескін картаға Оңтүстік Американың табиғат зоналарын белгілеу.

Төменде берілген үлгі бойынша кесте толтырып келу.

Табиғат зонасыТабиғат жағдайыТопырағыӨсімдігіЖануарлары