Климат. Климат қалыптастырушы факторлар
Тақырыбы: §33-34 Климат. Климат қалыптастырушы факторлар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Климат туралы түсінік беру. Климаттың алуан түрлілігіне сипаттама беру. Жергілікті жер климатын талдау
Дамытушылық: Оқушыларды климаттық белдеулерді ажырата білуге, картамен дұрыс жұмыс жасау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Адамның әр түрлі мақсаттарда отынды жағуы, ормандарды кесуі салдарынан ауа қабатының қазіргі ахуалы туралы экологиялық тәрбие беру.
Көрнекіліктер: жарты шарлар картасы, глобус, атлас, үлестірмелі материалдар.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ-жауап, пысықтау
Сабақ жүрісі:
І Ұйымдастыру
- Сәлемдесу, сыныпты түгендеу
- Сынып бөлмесін даярлау
- Оқушыларды сабаққа даярлау
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
- Жазғы күн тоқырау
- Күзгі күн теңелуі
- Қысқы күн тоқырауы
- Көктемгі күн теңелуі
- Жылу белдеулері
Перфокарта
жауаптар сұрақтар | 22 маусым | 23 қыркүйек | 21 наурыз | 22 желтоқсан |
1. Күн мен түннің теңелетін уақыты?
| + | + | ||
2. Қай кезде күн ең қысқа, ал түн ең ұзақ болады? | + | |||
3. Көктемгі күн теңелу қай күні болады?
| + | |||
4. Күннің ең ұзақ, ал түннің ең қысқа болатын уақыты? | + | |||
5. Қай кезде күзгі күн теңелуі болады?
| + |
Жаңа сабақ
- Климат деген не?
- Климаттың ендікке байланыстылығы
- Климатқа мұхит пен теңіздің әсері
- Климатқа жер бедерінің әсері
- Жердің климаттық белдеулері
Ауа райының белгілі бір жерге тән, көп жылдық орташа жай-күйін климат дейміз.
Климат – грекше «еңкіш» деген сөз.
Климат атмосфера қысымы, температура, жауын-шашын, жел, бұлттылық, ылғалдық және басқа көрсеткіштерімен сипатталады. Олар климат элементтері деп аталады.
Жердің пішіні шар тәріздес болғандықтан, оған күн сәулесінің түсу бұрышы ендікке байланысты өзгереді. Түрлі ендіктерде Күннің көкжиектен әр түрлі биіктікте көтерілуі және түсу уақытының өзгеруі одан келетін жылу мөлшерінің әр түрлілігін тудырады. Бұл өзгеріс Жер шарын жылу белдеулеріне бөлуге негіз етіп алынған.
Тек қана ендікке, яғни Күннің түсу бұрышына байланысты болған жағдайда әрбір жылу белдеуінің бойында біркелкі климат орын алар еді. Шынында олай емес. Бір ғана қоңыржай белдеуді алып байқайық. Белдеудің Атлант мұхиты жағалауында қыс жылы, жаз қоңыржай салқын, жауын-шашын көп түседі. Қүрлықтың орталық бөлігінің климаты кұрғақ, қысы суық, жазы ыстық, бұл климатқа мұхиттар мен теңіздердің үлкен әсері бар екендігін көрсетеді. Осыған сәйкес климат теңіздік және континенттік болып бөлінеді.
Еліміздегі Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Алтай тауларының басын мәңгі қар мен мұз басқан. Тіпті экватор маңындағы таулардың басында да қар жатады.
Биіктеген сайын таулардағы ауа температурасының төмендей беретіндігі белгілі. Тау беткейімен жоғары көтерілген ауа салқындап, су тамшыларын бөледі. Содан бұлт үйіріліп, жауын-шашын жауады. Жауын-шашын мөлшері биіктеген сайын арта түседі. Тауға көтерілген сайын атмосфера қысымы төмендей береді. Бір сөзбен айтқанда, климат тау беткейінде биіктік бойынша өзгереді.
Климатқа адамның шаруашылық әрекеті едәуір дәрежеде ықпал жасайды. Орманды кесіп азайту жергілікті жер климатының құрғауына апарып соғады. Ал қолдан жасалған зор көлемді су қоймалары ылғалды көбейтіп, климаттың континенттік дәрежесін бәсеңдетеді.
Климаттың жан-жақты сипатына байланысты климат бірнеше типтерге бөлінеді. Олар да Жер шарында белдеулер түрінде таралған. Әр жарты шарда 4 негізгі, 3 өтпелі климатық белдеу ажыратылады.
Климаттық белдеулер | Ауа массалары | ||
жазда | қыста | Жыл бойы | |
экваторлық | экваторлық ауа | ||
субэкваторлық | экваторлық | тропиктік | |
тропиктік | тропиктік | ||
субтропиктік | тропиктік | қоңыржай ауа | |
қоңыржай | қоңыржай ауа | ||
Субполярлық | қоңыржай ауа | арктикалық (антарктикалық) | |
полярлық | арктикалық (антарктикалық) |
Бекіту сұрақтары:
- Климат деген не?
- Климат элементтеріне нелер жатады?
- Континеттік климат пен теңіздік климаттың айырмасы неде?
- Атмосфера мен климатқа адамның шаруашылық әрекетінің қандай әсері бар?
- Климаттық белдеулерді ата
Сергіту сәті
Таңертең бар, кешке жоқ
Кеш түгілі түсте жоқ.
Мен моншақпын әдемі
Ірі емес ұсақпын
Мойнына ешкім таға алмас,
Мендей мөлдір таба алмас (ШЫҚ)
Көк жүзінде көп жолақ
Қойды екен оны кім бояп. (КЕМПІРҚОСАҚ)
Географиялық есептер
Айлар | Жылдық орташа темпе ратура | Жылдық ампли туда | |||||||||||
І | ІІ | III | IV | V | VI | VII | VIII | IX | X | XI | XII | ||
-17° | -15° | -5° | 1° | 7° | 16° | 18° | 16° | 10° | 2° | -6° | -12° | 1.25 °C | 35°C |
Үлестірмелі материалдар
1-билет
- Солтүстік жарты шарда күннің ең көп ұзаратын уақытын ата
- Картадан Кордильера тауын көрсет
2-билет
- Оңтүстік жарты шардың қыс айларын ата
- Картадан Амазонка ойпатын көрсет
3-билет
- Күн мен түннің теңелетін уақытын ата
- Картадан Тибет тауын көрсет
Жел өрнегі
Берілгені:
Төменде Маңғыстауда 1 ай бойы соққан жел көрсеткіштері берілген. Осы мәліметерге сүйеніп жел өрнегін салыңдар.
С – 5 күн
СБ – 3 күн
СШ – 2 күн
О – 7 күн
ОБ – 1 күн
ОШ – 5 күн
Б – 1 күн
Ш – 4 күн
С
Б Ш
О
Дүние жүзіне саяхат
1 .Бұл таудың ең биік шыңы 8848 м. Бұл қай тау?
- Бұл шөлде биіктігі 100-120 метрге дейін жететін барқандар үйіліп жатады.
- Қазақстандағы ең үлкен ойпат
- Дүние жүзіндегі ең терең шұңғыманы ата
- Бұл таудың атауы матаның атына ұқсайды
- Еуразиядағы ең ірі сөнбеген жанартау
Сөзжұмбақ
А | |||||||||||||
Т | |||||||||||||
М | |||||||||||||
О | |||||||||||||
С | |||||||||||||
Ф | |||||||||||||
Е | |||||||||||||
Р | |||||||||||||
А |
- Белгілі жерде қандай да бір уақыт аралығындағы тропосфераның күйі қалай аталады?
- Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал.
- Жоғарғы және төменгі температура көрсеткіштерінің арасындағы айырмашылық қалай аталады?
- Атмосфераның жайын зерделейтін маман.
- Жылына 2 рет бағытын ауыстыратын желді қалай атайды?
- Атмосфера қалыңдығы 8 – ден 18 км-ге дейін алып жатқан төменгі ауа қабаты қалай аталады?
- Желдің бағытын анықтайтын құрал.
- Тәулігіне бағытын 2 рет ауыстыратын жел.
- Қандай да бір жерге тән көпжылдық ауа райының режимі.