Қазақстан аумағының географиялық зерттелу тарихы. Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтар. Ұлы Жібек жолы.

Күні:

Тақырыбы:  Қазақстан аумағының географиялық зерттелу тарихы. Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтар. Ұлы Жібек жолы.

Білімділік:  Қазақстан аумағының географиялық тұрғыдан зерттелуінің себептерін айқындау, мақсатын ұғыну, қазақ жері туралы ерте кездегі мағлұматтармен таныстыру. Ұлы Жібек жолының тарихи, географиялық, экономикалық маңызын анықтауға бағыттау, Ұлы Жібек жолының бойындағы қалалар туралы білім беру.

Дамытушылық: Қазақстанның ерте кездегі зерттелу тарихына қосымша материалдарды беру арқылы білімдерін тереңдету.

Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: пікір алмасу, репродуктивті.

Құрал-жабдықтар: ҚР физикалық картасы, интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдеріМұғалімнің іс-әрекетіОқушылардың іс-әрекеті
1.Ұйымдасты-ру кезеңі

(1 мин)

 

Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру.Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі (10 мин)Үй жұмысын тексеруге арналған жабық тест тапсырмалары:

—          Қазақстанның географиялық орнын сипатта.

—          Сағаттық белдеулер дегеніміз не?

—          Декреттік, жергілікті уақыт дегеніміз не?

—          Уақыт айрмасы қалай анықталады?

—          Гринвич меридианы туралы не білесің?

—          Шеткі нүктелерін жаз.

 

 

Оқушылар бір парақ қағаз алып, тест сұрақтарына жауап береді.
3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі (10 мин)Қазақстан территориясын зерттеген саяхатшылар, зерттеушілер, географ ғалымдары олардың ашқан жерлері, жүрген жолдары, істелген жұмыстары туралы айтып, еңбектерімен таныстыру.Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды.  Өзара және мұғаліммен пікір алмасады.
5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі (15 мин)Төмендегі кестені толтыру:

ГерадотСтрабонПтоломей
Б.з.б. VI ғасырда «жер пішіні» картасын жасап, Каспий теңізін зерттеді.

 

Ұлы Жібек жолы

Ұлы Жібек жолының пайда болуыБағыттарыҚалаларыЕскерткіштеріМаңызы
Оқушылар жаңа тақырыпты бекіту мақсатында мұғалім берген кестелерді толтырады. Түсінбеген жерлерін сұрайды.
6. Сабақты қорытындылау кезеңі (5 мин)Оқушылар бір- бірлеріне бүгінгі тақырып бойынша сұрақтар қояды. Картамен жұмыс істейді.Сұрақтар ойластырып, оларға жауап беруге тырысады.
7. Бағалау кезеңі (2 мин)Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
8. Үйге тапсырма беру кезеңі

(2 мин)

§ 5-6 оқу, кескін картаға ұлы Жібек жолының Қазақстан территориясы арқылы өтетін жолдары мен қалаларын салу.Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.