Қазақстан жері туралы орта ғасырдағы географиялық деректер. ХVІ-ХІХ ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу

Тақырыбы:  Қазақстан жері туралы орта ғасырдағы географиялық деректер. ХVІ-ХІХ  ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу

Білімділік: Қазақстан жерінің орта ғасырда зерттелуінің сипаты, ерекшеліктері, мақсаты, зерттеуші ғалымдар, зерттелмеген географиялық нысандар туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық:  Орта ғасырдағы және қазіргі географиялық карталарды салыстыру, қорытынды жасау.

Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның әртүрлі дәуірдегі карталары

 

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдеріМұғалімнің іс-әрекетіОқушылардың іс-әрекеті
1.Ұйымдасты-ру кезеңіОқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

 

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.1) Ерте кезде Қазақстанның жерін қандай ғалымдар зерттеген?

2) Олар қай жерлерді сипаттаған?

3) Ұлы Жібек жолының неше бағыты бар?

4)Ұлы Жібек жолы Қазақстанның қай аймақтары арқылы өтеді?

 

Оқушылар сұрақтарға жауап береді:

1.

2

4. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.1) Орта ғасырлардағы зерттеулердің жүргізілу себептеріне және оған үлес қосқан зерттеушілерт туралы шолу

2) Әбу Наср әл-Фараби зерттеулері мен еңбектері

3) Махмуд Қашқаридің зерттеулері мен еңбектері

4) Қытай саяхатшыларының зерттеу жұмыстары

5) ХІІІ ғасырдағы еуропалық саяхатшылар мен елшілердің зерттеулеріне тоқталу.

5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңіОрта ғасырдағы зерттеушілердің жүрген жолдарын кескін картаға түсіру.
6. Сабақты қорытындылау кезеңі1) Орта ғасырларда қазақ жерінің зерттелуіне қай халық өкілдері көп үлесін қосқан?

2)  Әбу Наср әл-Фарабидің негізгі еңбектері

3)  Махмуд Қашқаридің негізгі еңбектері

4) Қазақ жерінің зерттелуіне үлес қосқан қандай қытай саяхатшыларын бар?

5) Қазақ жерінің зерттелуіне үлес қосқан қандай еуропалық саяхатшылар мен елшілер бар?

7. Бағалау кезеңіОқушылар сабақтағы белсенділігіне және картамен жұмыс істей білуіне қарай бағаланады.
8. Үйге тапсырма беру кезеңі6 параграфтың сұрақтарына жауап беру. «Қазақстанның зерттелу тарихы» кестесіне орта ғасырлардағы  географиялық  деректерді енгізу