Қазақстан жер бедерінің негізгі сипаты. Павлодар облысы жер бедерінің басты ерекшеліктері

Сынып: 8

Тақырыбы:  Қазақстан жер бедерінің негізгі сипаты. Павлодар облысы жер бедерінің басты ерекшеліктері

 

Білімділік. Қазақстан және Павлодар облысының жер бедерінің негізгі ерекшеліктерін және ең биік және ең төмен нүктелерін анықтау.

Дамытушылық. Қазақстан және Павлодар облысы жер бедерін Қазақстанның физикалық картасы бойынша сипаттау арқылы картамен жұмыс істеу дағдыларын арттыру.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдеріМұғалімнің іс-әрекетіОқушылардың іс-әрекеті
1.Ұйымдасты-ру кезеңі

(3 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.
2. Жаңа ма-териалға көшу кезеңі

 

1. Қазақстанның зерттелу тарихы тақырыбынан қандай номенклатура объектілері естеріңде бар?

2. Олар қайда орналасқан?

3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.І.1. Қазақстанның физикалық картасы бойынша Қазақстан жерін алып жатқан құрылымдарды атаңдар.

2. Қандай жер бедері түрлері аталды?

3. Қазақстан жер бедерінде қандай заңдылық байқалады?

4. Қазасқтан аумағынын алып жатқан басым жер бедері түрлері. Қанша пайызын биік таулар алып жатыр?

5.  Ең биік және ең төмен нүктелерін анықтау.

ІІ. 1. Павлодар облысының географиялық орны

2. Географиялық орнына байланысты жер бедері түрлерін анықтау.

3. Жер бедерінің негізгі ерекшеліктері

4. Ең биік шыңы

5. Жазықтарының орташа биіктігін анықтау.

 

4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңіҚазақстанның физиклық картасына қарап кескін картаға Қазақстанның жер бедерінің негізгі ерекшеліктерін белгілеу.
5. Сабақты қорытындылау кезеңі1. Қазақстанның жер бедерінің сипаты қандай?

2. Қазақстанның ең биік және ең төмен нүктелері

3. Павлодар облысының жер бедері мен Қазақстанның жер бедерінің ұқсастықтары бар ма?

6. Бағалау кезеңіСабақ барысында белсенді қатысып отырған және картамен жұмыс істеген оқушылар бағаланады.
7. Үйге тапсырма беру кезеңі10 параграфтың сұрақтарына жауап беру.