Павлодар облысының геологиялық құрылысы мен даму тарихы. Қазақстан жер бедерінің дамуы мен қалыптасуы
Тақырыбы: Павлодар облысының геологиялық құрылысы мен даму тарихы. Қазақстан жер бедерінің дамуы мен қалыптасуы
Білімділік. Павлодар облысы аумағының геологиялық құрылысының ерекшеліктерін анықтау. Қазақстан аумағы жер бедерінің ішкі және сыртқы күштердің әсерінен дамуы мен қалыптасуын түсіндіру. Сыртқы және ішкі күштердің әсерінен дамуы мен қалыптастыруды одан әрі дамыту.
Дамытушылық. Қазақстанның геологиялық картасы мен физикалық картасын салыстырып, сәйкестендіру және оны кескін картаға түсіру арқылы икемділіктерін арттыру.
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, геохронологиялық кесте, тектоникалық және геологиялық карталар
Негізгі ұғымдар: тау жыныстарының жүйесі.
Номенклатура: Батыс Сіюір плитасы, Қазақстың қатпарлығы, Ертіс, Солтүстік Тянь-Шань жотасы, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Алтай
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
1.Ұйымдасты-ру кезеңі | Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру. | Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. |
2. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі. | 1. Петрография, минералогия, тарихи геология, палеонтология, ғылымдары нені зерттейді? 2. Павлодар облысы аумағының екі бөліктен: Батыс Сібір плитасы мен Қазақтың қатпарлы облысынан тұратынын сипаттап айтады. 3. Павлодар облысы аумағының геологиялық даму тарихы мен органикалық дүниесін сипаттайды. 4. Тектоника және сейсмология ғылымдары нені зерттейді? Тектоникалық қозғалыстар дегеніміз не деген сұрақтарға тоқталады. 5. MSK-64, MMSK-84 шкалаларын түсіндіреді. 6. Жалпы жер бетіндегі болған кейбір ірі жер сілкінулері мен Қазақстан жерінде болған жер сілкіністеріне тоқталады. 7. Қазақстанның жер бедерінің қалыптасуына сәер еткен күштерге тоқталып, жер бедері пішіндерін мысалға келтіреді. | |
3. Жаңа тақырыпты бекіту. | Жаңа тақырыпты бекіту ретінде келесі тапсырмаларды береді: 1. Оқулықтың 58-бетіндегі «Сейсмикалық аудандастыру» суретіне қарап, Қазақстанның сейсмикалық аудандарына талдау жасау. Ең күшті сейсмикалық аудандарды анықтау, оның балдық күші қандай? Бекіту сұрақтары: 1. MSK-64, MMSK-84 шкалалары нені білдіреді? 2. Жер бедерінің өзгеруіне әкелетін сыртқы және ішкі күштерге мысал келтіріңдер. 3. Олардың әсерінен қандай жер бедері пішіндері пайда болады? | |
4. Сабақты қорытындылау кезеңі | 1. Павлодар облысы аумағы геологиялық жамуына қарай қандай бөліктерге бөлінеді? 2. Тектоникалық қозғалыстар дегеніміз не? Сейсмология ғылымы нені зерттейді? | |
5. Бағалау кезеңі | Сабақ барысында белсенді қатысып отырған және картамен жұмыс істеген оқушылар бағаланады. | |
6. Үйге тапсырма беру кезеңі | Тақырыптар соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауаптар әзірлеу. «Аса қауіпті апат әкелетін табиғат құбылыстары» атты рефераттар дайындау. Кескін картаны аяқтау. |