Қазақстанның пайдалы қазбалары. Жанатын пайдалы қазбалар.
Сынып: 8
Тақырыбы: Қазақстанның пайдалы қазбалары. Жанатын пайдалы қазбалар.
Білімділік. Платформалар мен қатпарлы облыстарда пайдалы қазбалардың орналасу заңдылықтары туралы білімдерін қалыптастыруды дамыту. «Кен орны» ұғымын қалыптастыру. Қазақстанның қазба байлықтары жөнінен дүние жүзіндегі алатын орнын көрсету. Қазақстанның негізгі қазба байлықтарының кен орындарымен таныстырып, олардың ерекшеліктерін түсіндіру.
Дамытушылық. Қазақстанның геологиялық картасы мен физикалық картасын салыстырып, сәйкестендіру және оны кескін картаға түсіру арқылы икемділіктерін арттыру.
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту. Оқушыларға пайдалы қазбалардың сарқылатындығы жөнінде, сондықтан да оларды тиімді әрі кешенді пайдалану және қоршаған ортаға тигізетін әсері туралы экологиялық білім-тәрбие беру.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тектоникалық және геологиялық карталар
Негізгі ұғымдар: магмалық, шөгінді және метаморфты тау жыныстары, минералдық шикізат, кен, кен орындары.
Номенклатура: мұнай-газ – Қарашұңғыл, Өзен, Жетібай, Қаражанбас, Қаламқас, Теңіз, Қашаған, Кеңқияқ, Қарашығанақ, Құмкөл, Амангелді; Көмір – Қарағанды, Екібастұз, Майкүбі, Торғай (Обаған); Уран – Солтүстік Қазақстан
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
1.Ұйымдасты-ру кезеңі | Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру. | Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. |
2. Жаңа тақырыпқа көшу кезеңі | Бұрынғы өткен сыныптарды еске түсірү сұрақтары: 1) Тау жыныстары түзілуіне қарай қандай түрлерге бөлінеді? 2) Тектоникалық және пайдалы қазбалар карталарын беттестіре отырып платформаларда қандай пайдалы қазбалар кездесетінін және физикалық картадан жер бедерінің қандай формаларына сәйкес келетінін анықтау. 3) Картадан қатпарлы аймақтарға қандай пайдалы қазбалар сәйкес келеді, олардың осы жерлерде қалыптасу себептерін түсіндіріңдер. 4) Ежелгі тауларда пайдалы қазбалардың жер бетіне жаұын жату себебі неде? | |
3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі. | Мұғалім Қазақстан пайдалы қазбалар жқнінен дүние жүзінде алатын орны жайлы оқушыларға баяндайды. Қазақстан жер қыртысында 90-нан астам пайдалы қазбалар кездеседі. Республика аумағында пайдалы қазбаларды іздестіру XVII ғасырдан бастау алған. Кен орны – пайдалы қазбалардың өндіруге жарарлықтай жер қыртысында шоғырлануы. Біздің елімізде 6 мыңға жуық пайдалы қазбалар кен орындары ашылған. Кен орындары жанатын, кен және кен емес болып үшке бөлінеді. Бүгінгі сабақта жанатын пайдалы қазбаларға тоқталатынын ескереді. Мысалы, Қарағандыда тас көмірдің кен орны бар. Қарағанды көмірінің жалпы қоры 45 млард. тонна. Кен орны ұғымын одан әрі қалыптастыру мақсатында оқушыларға мынадай сұрақтар қояды: пайдалы қазбалар картасынан басқа кен орындарын тауып атаңдар. | |
4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі | Пайдалы қазбалар Кен орындары 1. Мұнай-газ Теңіз, Қашаған, Кеңқияқ, Қаршығанақ, Құмкөл 2. Көмір
| |
5. Сабақты қорытындылау кезеңі | 1.Қазақстан жер қыртысында қанша пайдалы қазбалар бар? 2. Пайдалы қазбалар қандай топтарға бөлінеді? 3. Кен орны дегеніміз не? | |
6. Бағалау кезеңі | Сабақ барысында белсенді қатысып отырған және картамен жұмыс істеген оқушылар бағаланады. | |
7. Үйге тапсырма беру кезеңі | Мәтінді оқып, соңындағы сұрақтармен жұмыс істеу. |