сарамандық жұмыс Қазақстанның ішкі сулары

Тақырыбы: №5 сарамандық жұмыс

 

Білімділік мақсаты – оқушылардың жалпы географиялық білімдерін, «Қазақстанның ішкі сулары» тақырыбы бойынша алған білімдерін одан әрі меңгеру және бекіту.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 8 сынып Атлас, Қазақстанның әкімшілік-аймақтық картасы, Қазақстанның физикалық картасы, кескін карталар

Сабақ түрі: Практикалық сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары:

І кезең – ұйымдастыру кезеңі (3 мин)

ІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту кезеңі (40 мин)

ІІІ кезең – қорытынды кезеңі (2 мин)

Сабақ барысы:

КезеңМұғалім әрекетіОқушылар әрекеті
ІМұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Балаларға сарамаңдық жұмыс дәптерлерін таратып береді.Оқушылар мұғаліммен амандасып, сабаққа дайындалып отырады. Әр балада сарамаңдық жұмыс дәптерлері мен кескін карталары болады.
ІІ1 тапсырма. Жоспар бойынша Қазақстанның жеті ірі өзенінің біреуіне сипаттама бер.

2 тапсырма. Қазақстанның ірі көлдері – Каспий, Арал, Балқаш көлінің экологиясы туралы жаз.

3 тапсырма. Қазақстанның ірі өзендері мен көлдерін кескін картада белгіле.

Оқушылар бірінші тапсырманы келесі жоспар бойынша орындайды: 1) өзеннің бастауы, орнының биіктігі, ендік, бойлығы; 2) өзен ағып өтетін жердің бедері; 3) жағалауларына сипаттама; 4) салалары; 5) құятын жері; 6) су деңгейінің ауытқуы, толысуы; 7) шаруашылықтағы мәні; 8) экологиялық жағдайы.

Екінші тапсырмада ең алдымен көлдердің географиялық орнына, кейін эклологиялық проблемаларына сипаттма береді.

Үшінгі тапсырмада кескін картамен жұмыс істейді.

ІІІЖалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Үзіліске шығады.