Қазақстанның ішкі сулары» тақырыбы бойынша алған білімдерін қайталап, бекіту.
Тақырыбы: Қайталау сабағы
Білімділік: «Қазақстанның ішкі сулары» тақырыбы бойынша алған білімдерін қайталап, бекіту.
Дамытушылық: Қазақстанның физикалық картасы бойынша Қазақстанның өзен-көлдерін, гидрографиялық торабын сипаттау арқылы картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағдыларын одан әрі дамыту.
Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, ішкі сулар картасы, 8 сынып Атласы
Сабақтың кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Сабақты қорытындылау кезеңі
- Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 5. Бағалау кезеңі
- Тақырыпты қайталап, бекіту кезеңі 6. Үй тапсырмасын беру кезеңі
Сабақтың барысы:
Кезең | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
1 | Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру. | Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. |
2 | Дәптерлерінен Қазақстанның мұздықтары туралы кестелерін тексереді. Оқушылардың ауызша жауаптарын тыңдайды. | Дәптерлерінде орындаған тапсырмаларын мұғалімге тексертеді. Кесте бойынша ауызша жауап береді. |
3 | «Қазақстанның ішкі сулары» тақырыбын қайталау үшін сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. 1) Қазақстанның аумағында өзен жүйесі қалай орналасқан? Оның себебін қалай түсідіруге болады? 2) Қазақстан өзендері қандай алаптарға бөлінеді? Олардың суайрығы қай жерлерден өтеді? 3) Қазақстан өзендері қоректенуіне қарай қандай типтерге бөлінеді? Қандай өзендердің көктем мен жазда суы мол болады? Не себептен? 4) Картадан СММ және ішкі алап өзендерін көрсетіңдер. 5) Қандай өзендер кеме қатынасына, электр қуатын өндіруге, егін суаруға пайдаланылады? 6) Каспий теңізінің табиғат байлығы туралы не білесің? Оның су деңгейінің көтерілуі немен байланысты? 7) Арал теңізі проблемаларын қалай түсінесің? Теңіздің экологиялық жағдайы қоршаған ортаға қандай зиянды әсерін тигізуде? Себебін айт. 8) Қазақстан көлдері қалай пайдаланылады? 9) Жер асты суының қандай типтерін білесің? Адам өмірінде оның қандай маңызы бар? 10) Мұздықтар қалай пайда болады? Мұздықтардың қандай типін білесің? Олардың таралған аудандарын ата. | Тақырыпты қайталау сұрақтары мен тапсырмаларының жауаптары: 1) Қазақстан аумағында өзен жүйесі нашар дамыған. өзендер республика аумағы бойынша әркелкі тараған. Солтүстігінде өзеннің жиілігі оңтүстігіне қарай тығыздау. Ол климат ерекшеліктеріне байланысты. 2) Қазақстан өзендері екі алапқа жатады: СММ, ішкі тұйық алап. Олардың суайрығы Сауыр-Тарбағатай тау жүйесі, Сарыарқа, Торғай, Оңтүстік Оралға дейінгі сызықпен өтеді. 3) Қазақстан өзендері қар және қар-жаңбыр қоректену типтеріне жатады. 4) Картадан Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Іле, Шу өзендерін көрсетеді. 5) Қазақстандағы ең ірі өзен – Ертіс өзені кеме қатынасына, электр қуатын өндіруге қолданылады. Сырдария өзені оңтүстік аймақтағы суармалы егіншілікке пайдаланылады. 6) Каспий көлінің бағалы балықтары – бекіре, шоқыр, қорытпа, реликті жануары – итбалық. 7) Арал теңізіне 1974 жылдан бері Сырдария өзені, Амудария өзені құймайтындықтан теңіз тартылып, оның тұздары қоршаған ортаға таралуда. Арал маңындағы елді мекендер халқының денсаулығына кері әсерін тигізеді. 8) Қазақстан көлдері пайдалы қазьалар алуға, тұз алуға пайдаланылады. 9) Жер асты суының жарықшақтық, жарықшақтың қат-қабатты типі, қат-қабатты жер асты сулары, грунт сулары таралған. Минералды сулар адам ағзасына емдік қасиетімен пайдалы. 10) Мұздықтар көп жылдар бойы биік тауларда қар жамылғысының қабаттанып, ерімей жатуының нәтижесінде пайда болады. Мұқздықтар Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань тауларында тараған. |
4 | Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, жалпы сабақты қорытындылайды. | Сабақта қандай тақырыптарға тоқталғандарын айтып, қызықты өткен жерлерін айтады. |
5 | Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды. | Алған бағаларын тыңдап, ескертулері болса айтып, күнделіктеріне қойдырады. |
6 | Үй тапсырмасына «Қазақстанның топырақ жамылғысы» тақырыбын қарастыру. | Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. |