сарамандық жұмыс Қазақстанның топырақ жамылғысы
Тақырыбы: №6 сарамандық жұмыс
Білімділік мақсаты – оқушылардың жалпы географиялық білімдерін, «Қазақстанның топырақ жамылғысы» тақырыбы бойынша алған білімдерін одан әрі меңгеру және бекіту.
Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты – Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 8 сынып Атлас, Қазақстанның әкімшілік-аймақтық картасы, Қазақстанның физикалық картасы, кескін карталар
Сабақ түрі: Практикалық сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары:
І кезең – ұйымдастыру кезеңі (3 мин)
ІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту кезеңі (40 мин)
ІІІ кезең – қорытынды кезеңі (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең | Мұғалім әрекеті | Оқушылар әрекеті |
І | Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Балаларға сарамаңдық жұмыс дәптерлерін таратып береді. | Оқушылар мұғаліммен амандасып, сабаққа дайындалып отырады. Әр балада сарамаңдық жұмыс дәптерлері мен кескін карталары болады. |
ІІ | 1 тапсырма. 1. Кесте құру. Орманның сұр және шалғынды дала топырағы. Қара топырақ Солтүстік қара топырақ Күңгірт қара топырақ Жай қоңыр топырақ Ашық қара-қоңыр топырақ Қоңыр топырақ Сұр-қоңыр топырақ Таулы аймақ топырағы 2 тапсырма. Топырақты қорғау шараларын ұсыну. 3 тапсырма. Кескін картаға топырақтүрлерінің таралуын түсіру. | Оқушылар бірінші тапсырманы орындағанда кестенің төменгі жолына топырақ түрлерінің таралу аймақтарын, облыстарын атайды. Екінші тапсырмада топырақ эрозиясының түрлерін, кейін оған қарсы шараларды көрсетіп, сипаттайды. Үшінгі тапсырмада кескін картамен жұмыс істейді. Тапсырмалардың соңында жалпы қорытынды жасайды. |
ІІІ | Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді. | Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Үзіліске шығады. |