Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар дүниесі сарамандық жұмыс
Тақырыбы: №7 сарамандық жұмыс
Білімділік мақсаты – оқушылардың жалпы географиялық білімдерін, «Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар дүниесі» тақырыбы бойынша алған білімдерін одан әрі меңгеру және бекіту.
Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты – Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 8 сынып Атлас, Қазақстанның әкімшілік-аймақтық картасы, Қазақстанның физикалық картасы, кескін карталар
Сабақ түрі: Практикалық сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру кезеңі (3 мин)
ІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту кезеңі (40 мин)
ІІІ кезең – қорытынды кезеңі (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең | Мұғалім әрекеті | Оқушылар әрекеті |
І | Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Балаларға сарамаңдық жұмыс дәптерлерін таратып береді. | Оқушылар мұғаліммен амандасып, сабаққа дайындалып отырады. Әр балада сарамаңдық жұмыс дәптерлері мен кескін карталары болады. |
ІІ | 1 тапсырма. Өсімдіктер картасын пайдаланып, Қазақстан аумағында кездсетін өсімдік түрлерін анықтау, кесте құру. 2 тапсырма. Топырақ және өсімдіктер картасын салыстырып, топырақ типі мен өсімдіктер түрлері арасындағы сәйкестікке мысалдар келтіріңдер. 3 тапсырма. Қорытынды | Оқушылар бірінші тапсырманы орындағанда кестеге Қазақстанның экономикалық аудандары бойынша өсімдіктердің түрлерінің таралуын сипаттайды. Қазақстанның экономикалық аудандары Өсімдіктер түрлері Орталық солтүстік батыс шығыс оңтүстік
Екінші тапсырмада топырақ типтері мен өсімдіктердің таралуындағы заңдылықтар ұқсастығын анықтайды. Ен соңында орындаған жұмыстарының негізінде қорытынды жасайды. |
ІІІ | Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады. | Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Үзіліске шығады. |