«Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы» Атажұрт танымдық сайысы

«Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы»

Атажұрт танымдық сайысы

Мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 23 жылдық мерейтойы қарсаңында оқушылардың  білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан-жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан-жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру.

Көрнекілігі:  Слайд,  бағалау парағы, марапаттау қағаздары.

Сайыстың түрі: танымдық сайыс.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, пікірталас, ойын.

Сайысқа қатысушылар: 2 топ (8-9 сынып): «Тәуелсіздік» тобы, «Желтоқсан» тобы, жүргізушілер, әділқазылар.

Сайыстың барысы:

І. Кіріспе.

Әнұран орындалады.

                            Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын Тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер!

         Армысыздар қадірменді ұстаздар, оқушылар! Дүниеде тәуелсіздікті, бостандықты, теңдікті аңсамайтын адам да, халық та жоқ. Тарихқа зерделеп қарасақ, ата-бабаларымыз ел үшін, жер үшін, ел тәуелсіздігі үшін күресті. Қазақстан жерінде тұратын әр адамның қасиетті борышы – атамекенін сүю, мәдениеті мен тілін білу, қастерлеу. Міне біздің еліміздің тәуелсіздік алғанына 23 жыл толып отыр. Тәуелсіздік әрине, оңай жолмен келген жоқ. Көшпелі ата-бабаларымыз 3 нәрсенібойтұмардай сақтап келген. Олар: елі, жері, ана тілі. Осы үшеуінсіз қай халық болса да, егемен ел екендігін дәлелдей алмайды. Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым деген жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятатын қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын білу – әрбір ұрпақтың азаматтық борышы дей отырып, бүгінгі біздің «Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы» тақырыбы аясында өтетін Атажұрт танымдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

                            Әрқашанда білім көптік етпеген,

Талапсыз жан мұратына жетпеген.

Сәлем бердік ұландарға талапкер,

Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен, — дей келе ортаға бүгінгі «Атажұрт» танымдық сайысымыздың үміткерлерін шақырайық:

І топ – «Тәуелсіздік» тобы

ІІ топ – «Желтоқсан» тобы.

 

                            Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Бүгінгі «Атажұрт» сайысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Бүгінгі сайысымыздың әділқазы мүшелерімен таныстырып өтейік:

  1. ______________________________________________
  2. ______________________________________________
  3. ______________________________________________

ІІ. Сайыстың кезеңдері.

 

         Бүгінгі біздің сайысымыз мынандай 5 кезеңнен тұрады:

                            І кезең «Қанат қақты»(топ басшылар сайысы)

ІІ кезең «Самғау» (даталар сөйлейді)

ІІІ кезең «Шарықтау» (ұяшық таңдау)

ІV кезең «Жерұйық» (мына  сөзді кім айтқан)

V кезең «Шырқау» (ән айту немесе өлең оқу)

         Сайысымызды бастамас бұрын топ басшылары өз топ мүшелерін таныстырып өтсін.І – «Тәуелсіздік» тобы — 5 оқушы

ІІ – «Желтоқсан» тобы  — 5 оқушы

 

                            Әрқашанда алды бол,

Артыңдағыны ұмытпа!

Болашағыңды бүгіннен ойла,

Тарихыңды ұмытпа!

«Ал,  іске сәт!» дей отырып сайысымызды бастайық.

І кезең «Қанат қақты»(топ басшылар сайысы)

І – «Тәуелсіздік» тобына сұрақтар:

  1. Қазақ хандығы қашан құрылды? (ХV ғасырда – 1465-1466 жылдары)
  2. Тәуке ханның заңдар жинағы қалай аталады? («Жеті жарғы»)
  3. Абылай ханның өмір сүрген жылдары? (1711-1781 жылдар)
  4. Қазақ жүздерін ата. (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз)
  5. ҚР –ның астаналары болған қалаларды ата. (Орынбор, Қызылорда-Ақмешіт, Алматы-Верный, Астана-Ақмола)
  6. Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)
  7. ҚР-ның Мемлекеттік Елтаңбасының авторы кім? (Жандарбек Мәлібеков, Шот Аман Уәлиханов)
  8. Н.Ә.Назарбаев қай ғылымның докторы? (экономика)
  9. Жақында өткен Елбасы жолдауының тақырыбы қандай ? (Нұрлы жол – болашаққа бастар жол)
  10. «EXPO – 2017» Халықаралық көрмесінің негізгі тақырыбы қандай? (Болашақ қуаты, энергиясы)

 

 ІІ – «Желтоқсан» тобына сұрақтар: 

  1. Қазақ хандығын құрған хандар? (Жәнібек пен Керей)
  2. Шыңғыс ханның заңдар жинағы? («Яса»- «Жасақ»)
  3. Абылай ханның билік құрған жылдары? (1771-17814 жылдар)
  4. Қазақтың беделді билерін ата. ( Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)
  5. Астана қаласының бұрынғы атауы қандай? (Целиноград)
  6. Тәуелсіздік үшін күрескен желтоқсан оқиғасының құрбандарын ата. (Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхамеджанова)
  7. ҚР-ның Мемлекеттік Туының авторы? (Шәкен Ниязбеков)
  8. Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат? (Бәйтерек)
  9. «Қазақстан — 2050» бағдарламасы қабылданған жыл? (Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ)
  10. Қазақстанда VII Қысқы Азия ойындары қай жылы өтті, бойтұмары қандай болды? (2011 жылы 30 қаңтар — 7 ақпан, қар барысы)

І кезең «Қанат қақты»(топ басшылар сайысы) бойынша әділқазыларға сөз берейік.

 Келесі  ІІ кезең «Самғау» (даталар сөйлейді) , яғни әр топ мүшелері даталардың  сырын ашу керек, ұпайы жоғары топ бастайды:  І – «Тәуелсіздік» тобы

ІІ – «Желтоқсан» тобы

  1. 1986 жыл 16 желтоқсан – Желтоқсан оқиғасы
  2. 1991 жыл 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент сайланды
  3. 1991 жыл 16 желтоқсан – Тәуелсіздік туралы Заң қабылданды
  4. 1992 жыл 2 наурыз – БҰҰ-на мүше болды.
  5. 1992 жыл 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер қабылданды
  6. 1993 жыл 28 қаңтар – Тұңғыш Конституция қабылданды
  7. 1993 жыл 15 қараша – Ұлттық валюта –теңге айналымға енді
  8. 1995 жыл 30 тамыз – Жаңа Конституция қабылданды
  9. 1998 жыл 6 мамыр — жаңа елорданың атауы Астана болып өзгертілді.
  10. 2006 жыл 7 қаңтар – Әнұранның жаңа нұсқасы қабылданды.

Білімдіден шығады алғыр шешен,

Шешендікпен болған ғой барлық көсем.

Сайра шәкірт, суырып шарықташы,

Қалмасын бұл сайыста сенің есең.

 

ІІІ кезең «Шарықтау» (ұяшық таңдау) , әр то мүшелері  ұяшық таңдап, сұрақтарға жауап береді, ұпайы жоғары топ бастайды.

Тұлғалар10203040
Ескерткіштер10203040
Ұйымдар10203040

 

Тұлғалар 10 – Қазақстаннан шыққан тұңғыш саяхатшы.  1858-59ж Қашқарияға барып, әлемге аты әйгілі елдің тарихын ашқан тарихи тұлға кім?  (Ш. Уалиханов)

Тұлғалар 20 – Одақтық Ғылым академиясының Қазақ филиалының төрағасы, кейін Қазақстан Ғылым Академиасының тұңғыш президенті болған академик, тұңғыш геолог? (Қаныш Сәтбаев)

Тұлғалар 30 – 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылардың ақталуына төрағалық еткен ақын, қоғам қайраткері? (Мұхтар Шаханов)

Тұлғалар 40 – Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, 1960-1962 және 1964-1986 жылдары Қазақстан Компартияы Орталық комитетінің І хатшысы қызметін атқарушы, еліміздің іргесін нықтап, бүгінгідей қуатты мемлекетке айналдырып кеткен жан? (Д.А.Қонаев)

Ескерткіштер 10 — Қозы Көрпеш — Баян сұлу күмбезі қай жерде орналасқан? (Аягөздің оң жағасында, Таңсық деген ауылға қарсы салынған) 
Ескерткіштер 20 – Алтын киімді адамды қай жылы, қай жерден , кім тапты?(1969-1970  жылдары, Алматы қаласы, Есік қорғанынан, Кемал Ақышев)
Ескерткіштер 30 – Мына ескерткіш қашан,  қай қалада,қандай оқиғаға байланысты қойылған? (2001 жылы 29 тамызында Семейдің «Полковничий» аралында Семей ядролық полигонының құрбандарына арналған «өлімнен де күшті» ескерткіші қойылды. Ескерткіш жобаның авторы Шота Уәлиханов).
Ескерткіштер 40 – Мына ескерткіш қашан, қай жерде, қандай оқиғаға байланысты тұрғызылған және де бұл ескерткіш қалай аталады? (2006 жылы18 қыркүйек күні, Алматыдағы Желтоқсан және Сәтпаев көшелерінің қиылысында, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші)
Ұйымдар 10 — Қазақстан қашан БҰҰ-на мүше болды? (1992 жылы 2 наурызда)

Ұйымдар 20 – ТМД қашан, қай жерде құрылды? (1991 жылы21 желтоқсанда, Алматыда)

Ұйымдар 30 – ЕҚЫҰ саммиті Қазақстанда қашан өтті? (2010 жылы 1-2 желтоқсанда)

Ұйымдар 40 – ШЫҰ қашан құрылды  және құрамына қай елдер кірді? (1996 жылы “Шанхай бестігі” ұйымы құрылды, оған Қазақстаннан , Ресей, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан кірді. 2001 жылы “бестікке” Өзбекстан қосылғаннан кейін ұйым Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) болып аталды.)               

Тауды биік деме сен,

Талаптансаң шығарсың.

Қарсылас  мықты деме сен,

Білімді болсаң ұтарсың!

ІV кезең «Жерұйық»  мына сөзді кім айтқан? 2 топқа үш сұрақтан – әр дұрыс жауап 3 ұпай

  1. «Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар ,

Алам десең, алыңдар!»  (Қайрат Рысқұлбеков)

  1. «Қазақ халқының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды». (А.Байтұрсынов)
  2. «Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ» Н.Ә.Назарбаев
  3. «Біз қазақпыз, қазақпыз!

Өмір керек азапсыз.

Ел боламыз егемен,

Сонда ғана азатпыз!» (Ләззат Асанова)

  1. «Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды»

(М.Дулатұлы)

  1. «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» Н.Ә.Назарбаев

ІV кезең «Жерұйық» кезеңі бойынша әділқазыларға сөз берейік. Рахмет!

 

 V кезең «Шырқау»  ән айту немесе өлең оқу

 

Тәуелсіздік таңы сендер, білемін.

Болашаққа бар білімін берерін.

Барыс текті жастар, сендер, білемін,

Жалындатып биік шыңда жүрерін, — дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтамас бұрын, әділқазы алқасына сөз берейік.

Білімі мен біліктіліктерін сынаған сайыскерлерге, Тура төрелік жасаған әділ қазыларға, Жанкүйер болған тыңдармандарғы, Қадірлі қонақтарға

Үлкен рахметімізді айтамыз!

 

Осымен бүгінгі «Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы» атты

Атажұрт танымдық сайысымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер, әрқашан еңсеміз биік, жүрісіміз нық, Тәуелсіздігіміз қуатты, жастарымыз намысты, ұлдарымыз қайратты, қыздарымыз сымбатты да білімді болсын! Сау болыңыздар!