Карталарды мазмұнына және масштабына қарай жіктеу.
Тақырыбы: Карталарды мазмұнына және масштабына қарай жіктеу.
Мақсаты:
Білімділік: Карталар, олардың түрлеру, әрбір картаның өзіне тән белгілері туралы түсінік қалыптастыру. Масштабына қарай карталар қалай жіктеледі, осыны қарастыру, олардың жасалу жолдары, маңызы туралы білім беру.
Дамытушылық: Карталарды талдауды, карталарды түсіндіру, оқуды, жұмыс істеуді дамыту, өткен сабақтарда лаған білімдерін одан әрі дамыту.
Тәрбиелік: География пәніне деген қызығушылықты артыру.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, дүниежүзінің физикалық картасы, глобус.
Сабақтың кезеңдері:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Жаңа материалды меңгерту кезеңі
- Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
- Сабақты қорытындылау кезеңі
- Бағалау кезеңі
- Үйге тапсырмасын беру кезеңі
Сабақтың барысы
Сабақ-тың кезеңде-рі | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті | ||||||||
1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) | Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. | Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. | ||||||||
2. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі (20 мин) | Жаңа тақырыпқа көшпес бұрын төмендегі сұрақтарды қою: — Карта дегеніміз не? — Оның қандай маңызы бар? — Масштаб дегеніміз не? «КАРТА»- табақ деген мағынаны білідреді. Карталарды мазмұнына қарай былай жіктейміз:
КАРТАЛАР (мазмұнына қарай)
Топографиялық карталар ұшақтан суретке түсірулердің нәтижесінде жасалады. Ірі масштабты карталарды қорыту арқылы топографиялық шолу және шолу карталары жасалады. Топографиялық шолу- карталардың дәлдігі топографиялық карталарға қарағанда төмен. Ұшқыштар үшін қолайлы. Себебі осы карталар үлкен аумақтың жалпы көрініс шолу мақсатында қызмет етеді. Шолу карталары- жер бетінің үлкен бөлігінің географиялық ерекшеліктерін жалпылама зерттеу мақсатына арналады немесе оны географиялық карталар деп аталады. | Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтадағы суреттерді бірге талқылап, оларды түсіндіреді. Керек жерлерін жазып, сызып алады.
| ||||||||
3. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі (10 мин) | «Картаның адам үшін маңызы» эссе жазу.
| Эссе жазу. Қысқаша өз ой пікірлерін жазу, оқу. | ||||||||
4. Сабақты қорытындылау кезеңі (10 мин) | Тақырыпты қорытындылай келе фронтальды сұрақтар қою: 1. Жалпы географиялық карталардың қандай ерекшелігі бар? 2. Топографиялық карталар қалай жасалады? 3. Жалпы географиялық карталар қалай жасалады? 4. Мына масштабтың қайсысы ірі? 1: 50.000, 1: 100.000? Неге, дәлелде. | Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді. | ||||||||
5. Бағалау кезеңі (2 мин) | Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды. | Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады. | ||||||||
6. Үйге тапсырма беру кезеңі (1 мин) | § 14 оқу. | Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды. |