Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарда жер бетінің бейнелену ерекшеліктері.
Тақырыбы: Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарда жер бетінің бейнелену ерекшеліктері.
Мақсаты:
Білімділік: Жер беті көлемінің бейнеленуі, жер бедерінің бейнеленуі, түрлі сулардың бейнеленуі, елді мекендердің бейнелену ерекшеліктерімен танысып, олардың ұсақ масштабты карталарда сипатталуы туралы білімді қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, өткен тақырыптардан жинаған білім мен икемділіктерді одан әрі дамыту.
Тәрбиелік: Ұсақ масштабты карталарда бейнелену әдістерімен таныса келе география пәніне деген қызығушылықты ояту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: дүниежүзінің физикалық картасы.
Сабақтың кезеңдері:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
- Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі
- Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
- Сабақты қорытындылау кезеңі
- Бағалау кезеңі
- Үйге тапсырма беру кезеңі
Сабақтың барысы
Сабақ-тың кезеңде-рі | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) | Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. | Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. |
2. Үй тапс-ырмасын тексеру кезеңі. (10 мин) | Үй жұмысы бойынша тест тапсырмасын алу: 1. Карта дегеніміз не? А) сурет В) табақ С) глобус 2. Карталарды мазмұнына қарай нешеге бөлінеді: А) 2 В) 3 С) 4 3. Тақырыптық карталарды тап: А) топографиялық карталар В) дүниежүзінің климат картасы 4. Масштабына қарай карталар нешеге бөлінеді? А) 3 В) 4 С) 5 5. Ірі масштабты картаны тап: А) 1: 90.000 В) 1: 200.000 С) 1: 150.000 6. Қандай картаның дәлдігі нақтырақ? А) топографиялық шолу В) топографиялық 7. Қандай карталар ұшқыштарға арналған? А) шолу В) топографиялық С) топографиялық шолу
| Тест тапсырмасына арнайы бір парақ қағаз дайындап, сұрақтарды мұқият тыңдап, жауап беру. |
3. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі (13 мин) | Дүниежүзілік және жарты шарлар картасынан ешқандай қашықтықты өлшеу жұмыстары жүргізілмейді. Жер бедері қат- қабат бояулармен көрсетіледі. 0 метрден төмен- қою жасыл 0-200 метр- солғыл жасыл биіктік шкаласы 200-500 метр- сарғыш түс Мұхиттар, теңіздер, көлдер көгілдір немесе көк түске боялады. Тереңдікке байланысты өзгереді- тереңдеген сайын бояудың түсі де қоюлана береді. Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарда тек қана басты елді мекендер: — мемлекеттердің астаналары; — аса ірі өндіріс орталықтары; — тарихи қалалар; Дөңгелек белгі қойылады. Қатынас жолдарының ең маңыздылығы, темір жолдар мен автомобиль жолдары, теңіз кеме қатынасы қамтылады.
| Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтадағы суреттерді бірге талқылап, оларды түсіндіреді. Керек жерлерін жазып, сызып алады. |
4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі (10 мин) | Атлас пен карталарды пайдаланып дүниежүзіндегі аса биік жерлер мен ең терең аймақтарды биіктік және тереңдік шкалалары арқылы анықта, биіктік пен тереңдік шамасында тап. | Оқушылар тапсырмаларды орындау барысында атласты, жарты шарлар картасын және дүниежүзінің физикалық картасын пайдаланады. |
5. Сабақты қорытындылау кезеңі (7 мин) | Тақырыпты қорытындылай келе фронтальды сұрақтар қою: — Картадағы түрлі-түсті бояулар не үшін қажет? — Биіктік шкаласы арқылы нені анықтаймыз және қалай анықтаймыз? — Д.ж. ең терең жер қайда орналасқан және қалай аталады? — Д.ж. ең биік жер қайда орналасқан және қалай аталады? | Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді. |
6. Бағалау кезеңі (2 мин) | Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды. | Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады. |
7. Үйге тапсырма беру кезеңі (1 мин) | § 15 оқу. | Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды. |