І Жарты жылдық бақылау жұмысы.

Тақырыбы: І Жарты жылдық бақылау жұмысы.

Мақсаты:                                                    

Білімділік: Тоқсан бойы алған білімді қайталау, тексеру, еске түсіу және бекіту.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік:  Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым- қатынас жасауды үйрету. Өздігінен жұмыс істеуді үйрету.

Сабақтың түрі: қайталау.

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап.

Құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта.

Сабақтың кезеңдері:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Білім мен икемділіктерді бекіту кезеңі.
  3. Қорытындылау кезеңі.
  4. Үйге тапсырмасын беру кезеңі

Сабақтың барысы

 

Сабақ-тың кезеңде-ріМұғалімнің іс-әрекетіОқушылардың іс-әрекеті
1. Ұйымдастыру кезеңі

(2 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2. Білім мен икемділіктерді бекіту кезеңі.

(41 мин)

І- нұсқа

1.  Масштаб және оның түрлері.

2. Ежелгі заманғы географиялық зерттеулер.

3. Географиялық картаның адам өміріндегі маңызы.

4. Географиялық карта мазмұнына қарай нешеге бөлінеді? Мысал келтір.

 

ІІ- нұсқа

1. Жердің күн жүйесіндегі орны.

2. Орта ғасырлардағы географиялық зерттеулер мен ашылулар.

3. Географиялық карта масштабына қарай нешеге бөлінеді? Мысал келтір.

4. Картада жер бетінің бейнелену ерекшеліктері қандай?

Атлас,карталарды пайдалана отырып оқушылар мұғалім берген тапсырмаларды орындауға кіріседі. Ол үшін транспортир, планшет, ақ қағаз, түрлі-түсті қарындаштарды пайдаланады.

 

 

3. Қорытындылау кезеңі.

(1 мин)

Тапсырмаларды аяқтап болғаннан кейін жинап алу.

 

 

 

 

 

 

Дәптерді мұғалімге тапсыру.
4. Үйге тапсырма беру кезеңі

(1 мин)

План және карта тарауын қайталап келу, кескін карта, атласты алып келу.Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.