литосфера туралы сарамандық жұмыс. Қайталау сабағы

Тақырыбы: №2 сарамандық жұмыс. Қайталау сабағы

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың  литосфера туралы алған білімдерін қайталап, бекіту.

Дамытушылық: Тереңдік шкаласын пайдаланып, мұхит пен теңіздердің тереңдіктерін анықтау.

Тәрбиелік: Кескін картамен жұмыс істеу икемділіктері мен  дағыларын қалыптастыруды жалғастыру, дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ, ойын сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас

Сабақтың кезеңдері:  

  1. Ұйымдастыру кезеңі                                            4. Сабақты қорытындылау кезеңі
  2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 5. Бағалау кезеңі
  3. Тақырыпты бекітіп, қайталау кезеңі                                                6. Үй тапсырмасын беру кезеңі

Сабақтың барысы

КезеңдерМұғалімнің іс-әрекетіОқушылардың іс-әрекеті
1Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2Дәптерлерінен салған суреттерін, анықтамаларын тексереді. Кескін карталарын тексереді.Дәптерлерінде орындаған тапсырмаларын мұғалімге тексертеді. Ескертулері болса, мұғалімге айтып, түсінбегендерін сұрайды.
3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Сарамандық жұмыстың тапсырмалары:

1) Физикалық карта бойынша жер шарының бір жазықтығы мен тауының географиялық орнын, орташа және максималды биіктігі аралығын сипаттау.

2) Кескін картада жердің таулы, жазықты, вулканды және сейсмикалық белсенді зоналарын белгілеу.

3) Қорытындылау

2. «Литосфера» тақырыбын қайталау.

1)  «Сұрақ бәйгесі» ойыны.

 

1. Жазыққа/сипаттама берудің жоспары: 1) Жазық/тау қай материкте орналасқан, оның ерекшелігі; 2) жазықтың / тау жоталарының созылу бағыты, ұзындығы; 3) жазықтың/таудың орташа биіктігі, биіктігі бойынша қандай жазыққа/тауға жатады;  4) жазықтың максималды және минималды биіктіктері, таудың ең биік нүктесі, оның координаталары.

2.  «Сұрақ бәйгесі» ойнының сұрақтары.

І қатар: 1) Атмосфера, гидросфера, биосфера  Жердің …….. қабаты  (сыртқы); 2) Оңтүстік Америка  тақтасы мен Тынық мұхит тақтасының аралығында …… тақтасы орналасқан (Наска тақтасы); 3) Жер қыртысы бетінде су, жел,

мұздық, т.б. сыртқы күштер әсерінен пайда болатын жзыныстар …………… тау жыныстары деп аталады (шөгінді); 4) Жердің терең қойнауындағы тау жыныстары қабаттарының кенет жарылып, ығысатын жері ………….. д.а. (жер сілкіну ошағы); 5) Температурасы жоғары болатын, құрамында әр түрлі тұздар мен газдар кездесетін суларды ……….. деп атайды (минералды сулар); 6) Бірнеше тау жоталары түйісетін жерді …….. д.а. (тау торабы); 7) Екінші  тау жасалу қысымына ұшыраған тау жыныстары алғашқы иілгіштіктерін жоғалтып …………….. таулар пайда қалыптасады (қатпарлы-жақпарлы таулар); 8) Жас таулардың биіктігі …….. м-ге жетеді; 9) Абсолют биіктігі 200-500 м-ден астам жазықтар қырат жазықтар д.а. 10) Өзен, көл, теңіз жағалауындағы жел айдап үйген құм төбелер – шағылдар.

ІІ қатар: 1) Маттериктік жер қыртысының қалыңдығы 30-40 км, мұхиттық жер қыртысының қалыңдығы 70-80 км. 2) Мұхиттың түбінде ұзыннан-ұзақ созылып жататын су асты жоталары. Жеке шыңдары арал түрінде су бетіне шығып тұрады – мұхит ортасы жоталары. 3) Минералды жыныстардың түрлері 3000 шамасында, тау жыныстарының түрлері 1000-ға тартады. 4) Алматыда 1887 жылы басталған жер сілкінісі 3 жылға созылған. 5) Эльбрус пен Казбек қандай жанартауға жатады: сөнген. 6) Жер бетінің маңайындағы жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан, қатты тілімденген биік бөліктерін таулар д.а. 7) Су мен ауаның әсерінен жүретін үгілу түрі химиялық үгілу деп аталады. 8) Орта Сібір, Батыс Аустралия пайда болуына қарай қандай жазыққа жатады: вулкандық  жазық.  9) Бархандардың биіктігі 15-20 м-дей болады, шағын барқандар жылына 100-200 м-ге жылжиды. 10) Материктік қайраңнан мұхит түбіне ауысатын бөлігін материктік беткей д.а.

ІІІ қатар: 1) Жер қыртысының және мантияның жоғарғы кристалдық тау жыныстарынан тұратын қабаты  литосфера д.а.  2) Мұхит ортасы жоталарының тап ортасында ұзыннан-ұзақ созылған шатқалдар. 3) Жер қыртысының 15-20 км тереңдігінде  тау жыныстарының  95%-ын магмалық тау жыныстары құрайды. 4) Жер сілкіну жиі болып тұратын аймақтарды сейсмикалық аймақтар д.а. 5) Жанартаулардың көпшілігі Тынық мұхитының жағалауында орналасқан. 6) Карпат таулары биіктігі бойынша орташа биік тауға жатады 7) Бұрынғы теңіздер мен мұхиттардың орнында пайда болған тауларды қатпарлы таулар д.а. 8) Ла-Плата ойпаты пайда болуына қарай аллювиальді жазыққа жатады. 9) Сай – ұлғаюы тоқтағаннан кейін жыраның табаны тегістеліп және беткейлері түйетайланып, өсімдік басқан ұзынша ойыс. 10) Мұхит түбінің ең көп бөлігін қазаншұңқырлар алып жатыр.

Ойынның шарты: үш  қатар жарысады. Әрбір қатардың өз сұрақтары болады. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі. Соңында жиналған ұпайлардың нәтижесімен жеңімпаз қатар анықталады.
5Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, жалпы сабақты қорытындылайды.Сабақта қандай тақырыптарға тоқталғандарын айтып, қызықты өткен жерлерін айтады. Ойнынның нәтижесін саралап, жеңімпаз қатарды анықтайды.
6Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.Алған бағаларын тыңдап, ескертулері болса айтып, күнделіктеріне қойдырады.
7Үй тапсырмасына «Литосфера» тақырыбын қайталау.

 

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.