Атмосфераның құрамы мен құрылысы. Атмосфералық қысым
Тақырыбы: Атмосфераның құрамы мен құрылысы. Атмосфералық қысым
Мақсаты:
Білімділік: Атмосфера қабаты туралы оқушыларға түсінік бере отырып, оның жер қабықтары ішіндегі ерекшелігі туралы ұғым қалыптастыру. Атмосфера қабаттарының ерекшеліктерін, оның маңыздылығын айта отырып, оны зерттеу мәселелеріне тоқталу. Атмосфера қабаты туралы түсініктерді жалғастыра отырып, ауа салмағын, ауа қысымының әр түрлі болу себептерін түсіндіру.
Дамытушылық: Ауа қысымын өлшейтін құралдармен таныстырып, оқушылардың жұмыс істеу біліктілігін арттыру.
Тәрбиелік: Атмосфераны зерттеу тәсілдерімен таныстыра отырып, оны қорғңау мәселелерін қарастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас
Негізгі ұғымдар: стратосфера, торпосфера, озон газы қабаты, аэростаттардың, шар-зонд, радиозонд , метеорологиялық зымырандар, Жердің жасанды серіктері, ғарыш кемелер, атмосфералық қысым, қалыпты атмосфералық қысым, барометр, сынап барометрі, анероид барометр
Сабақтың кезеңдері:
- Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі
- Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі
- Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үйге тапсырма беру кезеңі
- Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
Сабақтың барысы
Кезеңдер | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
1 | Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру. | Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. |
2 | Дәптерлерінен салған суреттерін, анықтамаларын тексереді. Кейін өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қояды: 1) Мұхит түбі бедерінің көп бөлігін не алып жатыр? 2) Пасха, Әулие Елена, Тристан-да-Кунья аралдары қалай пайда болған? 3) Материктік беткей дегеніміз не? | Дәптерлерінде орындаған тапсырмаларын мұғалімге тексертеді. Ескертулері болса, мұғалімге айтып, түсінбегендерін сұрайды. Сұрақтарға жауаптары: 1) Мұхит түбі бедерінің көп бөлігін қазаншүңқырлар алып жатыр. 2) Бұл аралдар мұхит ортасы жоталары шыңдарының су бетіне шығып қалған бөліктері 3) Материктік қайраңнан мұхит түбіне аусыатын бөлігі. Ол 200 м-ден 2800 м-ге дейінгі тереңдікте жатады. |
3
| Ең алдымен кіріспе сұрақтар қояды: 1) Жердің сыртқы қабаттарын еске түсіріңдер 2) Атмосфера туралы не білесіңдер? Кейін бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтап, келесі жоспар бойынша жаңа тақырыпты меңгере бастайды: 1. Атмосфераның құрамы 2. Атмосфераның қабаттары 3. Атмосфераның маңызы 4. Атмосфераны зерттеу жолдары
— Оқулықты, карта,суретті пайдалана отырып, тақырыпты меңгеру. — Оқулықтағы суреттерге қарап қысым өлшейтін аспаптрдың құрылысын сипаттайды.
| Мұғалімнің сұрақтарына жауаптары: 1) жердің сыртқы қабаттарына атмосфера, литосфера, гидросфера, биосфера жатады. 2) Атмосфера жердің ауа қабаты, оның стратосфера, торпосфера деген қабаттары бар. Кейін мұғалімнің бағыттауы бойынша тақырыпты меңгеруге кіріседі: 1. Оқушылар келесілерді анықтап жазып алады: атмосфера – жер шарын қоршаған ауа қабығы, оның құрамы 78% азоттан, 21% отегіден тұрады мыналарды түсініп, еске сақтайды: ауада азот көп болғанмен, тіршілік үшін ең маңыздысы – оттегі, басқа газдардың ішіндегі ең мағыздысы –көмірқышқыл газы. Атмосфераның жоғарғы шекарасы шамамен 2-3 мың км биіктікте өтеді, ол Жердің өзімен бірге айналады. 2. Мыналарды анықтап жазып алады: температураның және газ құрамының өзгерісіне қарай атмосфера биіктік бойынша бірнеше қабатқа жіктеледі: тропосфера – жер бетіне таяу орналасқан қабаты, стратосфера – тропосфераның үстіндегі қабат, ол 50-55 км биіктікке дейін барады. Мынаны түсініп еске сақтайды: стратосферада озон газы қабаты бар, стратосферада температура биіктік бойынша бірқалыпты төмендейді, ал атмосфераның үстіңгі бөлігінде ауаның температурасы алдымен 80-90 км биіктікке дейін төмендеп, одан әрі 1000-2000°С-ге дейін өседі. 3. Мыналарды анықтап еске сақтайды: атмосфера не үшін маңызды: -жер бетіндегі температураның таралуы ; — жер бетіндегі тіршілік; -жауын-шашынның таралуы; -метеориттерден сақтайды 4. Келесілерді анықтап жазып алады: Атмосфераны зерттеу жолдары – аэростаттардың көмегімен, шар-зонд арқылы, радиозонд (атмосфераның биік қабаттарын зерттеу үшін), метеорологиялық зымырандар, Жердің жасанды серіктері, ғарыш кемелері арқылы 5. Мынаны еске сақтап қалады: ауа адамның шаруашылық әрекетінен ластанады – одан түрлі өкпе аурулары, рау ауруы пайда болады. Біздің елімізде Теміртау, Тараз, Зырян, Риддер, Балқаш, Өскемен, Шымкент, Алматы қалаларында ауаның ластануы қалыпты жағдайдан 5-10 есе асып түседі. Ауаны ластанудан сақтау шаралары: зауыттардың, жылу электр стансаларының мұржаларынан көтерілетін күл мен шаң-тозаңды тазартатын қондырғылар, автокөліктерден шығатын улы газдарға сүзгілер орнату, энергияның залалсыз түрлеріне (су, жел, күн, жердің ішкі жылуы) көшу, көгалдандыру т.б. шараларды іске асыру қажет. 6. Мыналарды анықтап жазып алады: атмосфералық қысым – ауаның жер бетіне түсірген салмағы. Бүкіл ауа қабаты жер бетінің әр шаршы сантиметріне 1 кг 33 г салмақ түсіреді.
|
7. Мыналарды анықтап жазып алады: 45° ендіктегі теңіз деңгейінен алынған сынап бағанасының 760 мм биіктігіне тең қысым қалыпты атмосфералық қысым деп аталады. Атмосфераның жер бетіне таяу қабатында әрбір 10 м биіктікке көтерілгенде қысым шамамен 1 мм төмендейді. Мыналарды еске сақтайды: атмосфералық қысым тек биіктік бойынша емес, сон.ымен бірге ауа райы жағдайына байланысты да өзгереді. 8. Мыналарды анықтап жазып алады: атмосфералық қысымды өлшейтін құрал – барометр (грекше барос – салмақ, метрео — өлшеймін) деп аталады. Барометрдің екі түрі болады: сынап барометрі және анероид барометр (анероид – грекше ылғалсыз) қолданылады. Ауа райын бақылау мекемелерінде атмосфера қысымын өлшеуге миллибар (мб) өлшемі қолданылады.
| ||
4 | Тақрыптарды бекіту тапсырмалары мен сұрақтары: 1) Оттегі мен азоттың тіршілік үшін қандай маңызы бар? 2) Тропосферада биіктік артқан сайын температура неліктен төмендейді? 3) §28 соңындағы 5-тапсырманы орындау. | Оқушылардың жауаптары: 1) Адам мен жануарлар оттегімен тыныс алады. Оттегі жануды қолдайды. Азот – кез-келген ағзаның тіршілігі үшін қажетті зат. 2) Өйткені атмосфераның бұл қабатындағы ауа оған түскен күн сәулелерінен тікелей жылынбайды, алдымен Жер беті жылынып, кейін ол ауаға тарайды. 3) есептің жауабы: А-Б салыстырма биіктігі 200 м, абсолют биіктіктері А – 300 м, Б – 500 м. |
5 | Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, жалпы сабақты қорытындылайды. | Сабақта қандай тақырыптарға тоқталғандарын айтып, қызықты өткен жерлерін айтады. |
6 | Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды. | Алған бағаларын тыңдап, ескертулері болса айтып, күнделіктеріне қойдырады. |
7 | Үй тапсырмасына §§27-28. Мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
| Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. |