Оқу құралдары
3.Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдары
Сабақтың мақсаты: Оқу құралдарымен таныстыру.Жыртпай таза ұстауға, яғни ұқыптылыққа баулу.Танымдылық қабілетін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақтың мазмұны:
І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.
ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту:
а) Оқу құралдарымен таныстыру.
- дәптер, қалам
- Сызғыш, өшіргіш
- Пенал портфель
- Бояу ә) Оқу құралдарды қалай пайдаланамыз? б) Кезекші не істейді?
Сергіту сәті
ІҮ. Жаңа білімді түсінгенін тексеру.
-Балалар, кәне кім оқу құралдарын атап береді?
-Дәптер не үшін керек?
-Қандай дәптердің түрлерімен таныстық?
-Пенал деген не?
-Оқу құралдарын неге салып тасимыз?
-Бояумен не істейміз?
Ү. Білімді бекіту:
Біз оқу құралдарына құрметтей қарауымыз керек екен.
Біл олардың көмегі арқылы білім аламыз.
Оқулықтарды жыртуға, құртуға болмайды.
Оқушы туралы өлең жаттау.
Күннің нұры шуақты,
Сергітеді денемді.
Құрдастарым сияқты,
Оқушымын мен енді.
ҮІ .Сабақты қорытындылау:
Оқу құралдары сенің көмекшің.
Сондықтан оқулығыңды ұқыпты ұста.