Географиялық белдеулер мен зоналар. Экваторлық және субэкваторлық белдеулер.

Тақырыбы:  Географиялық белдеулер мен зоналар.

Экваторлық және субэкваторлық белдеулер.

Мақсаты:

Білімділік мақсаты – Географиялық белдеулер мен зоналар туралы түсінік беру, таралу заңдылықтарын түсіндіру.

Дамытушылық мақсаты – Картамен, кескін карталармен, атласпен жұмыс істеу арқылы икемділітктері мен дағдыларын дамыту. Климат белдеулері картасына қарап, географиялық белдеулер мен зоналарды айыруға үйрену.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушыларды ынтымақтастыққа, дербестікке, шығармашылық ойлауға тәрбиелеу. Өз ойлары мен пікірлерін еркін жеткізе алуға, тапқырлыққа, ізденушілікке үйрету. Экологиялық тәрбие.

Оқу құралдары: Климаттық белдеулер картасы, кесте, суреттер.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі-иллюстративті әдіс

 

Сабақ жоспары: І кезең – ұйымдастыру (3мин)                             ІV кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

ІІ кезең –  жаңа тақырыпты меңгеру (15 мин)                                V кезең – үй тапсырмасын беру (2 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (10 мин)                                 VІ кезең – қорытынды кезеңі (2 мин)

Сабақ барысы:

КезеңМұғалімнің іс-әрекетіОқушылардың іс-әрекеті
ІОқушылармен амандасады. Сабақта кім бар-жоғын тексереді. Сабаққа дайындығын тексереді.Оқушылар мұғаліммен амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды. Сабаққа дайындалады.
ІІБіріншіден, карта бойынша географиялық белдеулердің жер бетінде таралуын, қай материкте оның шекаралары қалай өтетіндігін картамен жұмыс істеу барысында түсіндіреді. Климаттық белдеулердің зоналарға бөліну себептерін аша отырып әр табиғат зонасына сипаттама береді.Оқушылар географиялық белдеулердің климат белдеулерімен сәйкес келетінін байқап, анықтайды. Негізгі географиялық белдеу және өтпелі «суб» белдеулерді кесте ретімен дәптерге жаза отырып картадан көрсету жұмыстары ұйымдастырылады.
ІІІТақырыпты бекіту үшін жоғарыда айтылған гегографиялық белдеулер кестесімен жұмыс істеуді тапсырады. Кестемен жұмыс істеу барысында табиғат белдеулері мен табиғат зоналарын оқып үйрену тәсілдері қарастырылады.

Кестенің мазмұны:

Географиялық белдеулер: полярлық белдеу (арктикалық), қоңыржай, тропиктік, субэкваторлық, экваторлық, тропиктік, қоңыржай, полярлық (антарктикалық) белдеу.

Табиғат зоналары, климаты, өсімдігі, жануарлар дүниесі, табиғатты қорғау.

Кезең соңында қорытынды сұрақтар экваторлық, субэкваторлық белдеулер бойынша қойылады: 1. Неліктен жер бетінде жеті географиялық белдеу таралған? Себебін ашып түсіндіру. 2. Неліктен құрлық пен мұхит бетіндегі географиялық белдеу шекарасы параллель бағытына сәйкес келмейді? 3. Солтүстік және Оңтүстік жарты шардың географиялық белдеулерінің ұқсастығы неде, неліктен?

Оқушылар оқулық мәтінімен, картамен жұмыс істейді. Инетрактивті тақтаның көмегімен өсімдік, жануарлар туралы суреттер көрсетіледі. Кестемен жұмыс істеу барысында экваторлық, субэкваторлық белдеулер туралы мәліметтер толығымен қамтылады. Ол мәліметтерге климаты, топырағы, өсімдігі, жануарлар дүниесі, т.б. жатады. Картамен жұмыс істеу нәтижесінде оқушылар бұл белдеулердің таралу аймақтарын қай материктерикте, қай жерлерді алып жатқандығын біліп, анықтайды.

Оқушылар мұғалімнің қорытынды сұрақтарына жауап береді:

1. Табиғат кешендерінің ендік бойынша өзгеруінен географиялық қабық белдеулер мен зоналарға бөлінеді. Олар климат белдеулеріне сәйкес келеді.

ІVҮйге тапсырма беру. «Географиялық белдеулер мен зоналар.

Экваторлық және субэкваторлық белдеулер» оқуға

 

Оқушылар тапсырманы жазып алады.