Жер асты сулары.

Тақырыбы:  Жер асты сулары.

Мақсаты:

Білімділік мақсаты – Оқушылардың жер асты сулары ұғымдарын қалыптастырып, негізгі анықтамаларын бере отыра, пайда болу себептері мен түрлері жайлы мағлұмат беріп, шаруашылықтағымаңызы туралы, қорғау қажеттілігі туралы білім бере отыра, географиялық көзқарасын кеңейту.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін жоғарлату, таным белсенділіктерін арттыру, тірек білімдерді есте сақтауға үйрету, картадан көлдерді көрсете білу және сипаттай алу, жаңа ұғымдарды түсіндіре алу қабілеттерін және қызуғышылықтарын дамыту, экологиялық білімдерін жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушыларды ынтымақтастыққа, дербестікке, шығармашылық ойлауға тәрбиелеу. Өз ойлары мен пікірлерін еркін жеткізе алуға, тапқырлыққа, ізденушілікке үйрету. Экологиялық тәрбие.

Оқу құралдары: Оқулық, 6 сынып Атлас, дүние жүзінің жарты шарлар физикалық картасы, Қазақстанның физикалық картасы, кескін карталар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі-иллюстративті әдіс

 

Сабақ жоспары: І кезең – ұйымдастыру (3мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (12 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (15 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (10 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

VІ кезең –қорытынды кезеңі (2 мин)

Сабақ барысы:

КезеңМұғалім әрекетіОқушылар әрекеті
ІМұғалім оқушылармен амандасып, оларды тыныштыққа орнатады да, оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.Оқушылар сабаққа дайын отырады.
ІІМұғалім үй тапсырмасын сұрақ-жауап түрінде тексереді.

1. Өзен дегеніміз не?

2. Өзен бөліктерін атап, оларды сызып көрсетіңдер.

3. Д.ж. ең биік сарқырама қайда орналасқан?

4. Көл дегеніміз не?

5. Көл қазаншұңқырларының пайда болуы бойынша көлдер қандай түрлерге бөлінеді?

6. Неліктен ағынды көлдер тұщы,  ағынсыз көлдер тұзды болып келеді?

7. Еуразия материгінде орналасқан, д. ж. ең ірі және ең терең көл?

Сосын мұғалім өзен мен көл атауларын айтып, оқушылар оларды картадан көрсетеді (Еділ, Объ, Енисей, Дунай, Хуанхэ, Инд, Ганг, Амазонка, Миссисипи, Ніл, Конг, Іле, Сырдария, Әмудария, Ертіс, Каспий, Байкал, Балқаш, Арал, Виктория, т.б.).

Оқушылар ең алдымен мұғалімнің сұрақтарына жауап береді және бір-бірін толықтырады.

 

 

 

 

 

Сосын картадан өзендер мен көлдерді атап көрсетеді.

ІІІЖаңа тақырыпты меңгеру үшін оқушылар оқулықтың «Жер асты суы» тақырыбының басындағы тірек білімдерін тексеруге арналған сұрақтарға жауап береді.

Содан кейін «Жер асты суына» анықтама айтылып және олардың қалай пайда болатындығына көңіл бөлінеді.

Бірінші жолы – жер асты суларының біразы атмосфералық жауын-шашындардан құрылады.

Екінші жолы – атмосферадағы су булары жерге сіңіп салқындағанда – су тамшылары айналады.

Ал үшінші жолын оқушылар өздері айтады. Оның негізгі мәні – судың өте аз бөлігі балқыған магмадан су буының бөлінуі арқылы пайда болады.

Содан кейін суды жақсы өткізетін құм, қиыршық тас, малтатас тау жыныстары көрсетіліп, олар су өткізгіш қабатын құрайтындығын айтады. Сол сияқты су өткізбейтін қабат саз, гранит, құмтас, сазды тақтатастан тұрады.

Сосын мұғалім балаларға сұрақ қояды:

1. Еспе және артезан сулар деген не?

2. Минаралды сулар қалай пайда болады?

Сонымен қатар, жер асты суларының әрекеттеріне көңіл бөлінеді. Оларды мынадай 2 топқа бөлуге болады:

1. Жер бедерінің түзілуіне ықпал жасайды. Мысалы, сырғымалар, үңгірлер, жер асты суларының әрекетінен пайда болады.

2. Жер астынан шығатын бұлақтар, өзендер мен көлдердің молығуына үлкен үлес қосады.

Оқушылар сұрақтарына жауап береді.

 

Оқушылар жер  асты суларының пайда болуының үшінші жолын өздері оқып, айтады.

 

 

Балалар оқулықтағы «Еспе және қабатаралық сулар» суретін пайдаланып, оқушылар еспе мен артезиан суларына өздері анықтама береді.

Сосын сабақтың соңында жер асты суларын неліктен және қалай қорғау шараларын оқушылар жергілікті жердің материалдарымен байланыстырып айтады.

ІVЖаңа материалды бекіту үшін:

1. Қосымшадан тірек ұғымдар, түсініктер немесе терминдерді дәптерге жазу.

2. Жер асты суының түрлерін және олардың ерекшеліктерін бірдей цифрлармен белгілеңдер.

1 – Еспе суы             2 – Артезиан суы

3. Су өткізбейтін қабат арқылы  қабатаралық су қалай өтеді?

4.Неліктен құдықтағы су таза, мөлдір, салқын болады?

Балалар барлық сұрақтарға жауап береді және тапсырмаларды орындайды.
VМұғалім оқушыларды сабақта қатынасу дәрежесі және жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады. Оқушылардың баллдарын санайды, тиісті бағаларын қояды.Балалар бағаланады.
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Үзіліске жібереді.Үзіліске шығады.