Сайыс: «Ару қыз- 2012»

Сайыс: «Ару қыз- 2012»

Қатысатын сыныптар: 5-9 сыныптар

Ұйымдастырушы: Рухани-адамгершілік бағыттағы  ұстазы —  Сағындықова Балғын Сыздыққызы

Мақсаты:  Қазақ қызына тән мінез-құлықты дәріптеу. Салт-дәстүрімізді білу,  құрметпен қарау. Эстетикалық тәрбие беру. Шығармашылық-іскерлігін арттыру.  Сахнада өзін ұстау, мәдениетті сөйлеу, өз ойын жеткізіп айта алу. Ісмерліктерін байқау.

Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, құттықтау газеттері, гүлдер.

Сайыстың өту барысы:

                                               Әсем ән жіберу

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті асыл жанды ұстаздар!

2-жүргізуші: Сайыскерлерді демей келген ата-аналар, оқушылар!

1-жүргізуші: Иә, көптен күткен көктем де келді, көктем мен бірге аналардың, қыз-келіншектердің мерекесі бірге келді десейші.

2-жүргізуші : Осындай жақсы мезгілдің бастауы болған құрметті аналар, қыз-қызғалдақтар сіздерді төл мерекелеріңізбен, гүл мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

1-жүргізуші: Осы  байқау  5-9 сынып  оқушы  қыздар арасында: мектеп аруын анықтау мақсатында  қыз сыны байқауын өткізгелі отырмыз. Бұл байқау  қыздарымызға  эстетикалық  тәрбие беруді көздейді. Өйткені қыздарға  жан сұлулығымен  қоса тән сұлулығы  бірдей  болғандығы жарасады. Сондықтан  ибалы, инабатты  қыздарымыз көбейе берсін деген ниетпен  «Ару қыз- 2012 » сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!

Сайысқа қатысушы аруларымызды ортаға шақырамыз.

Сайыс алдында «баталы құл арымас» дегендей сайыскерлерімізді демеу мақсатында  мектебіміздің жоғары санатты ұстазы Ережепова Нұрғайша Шонуқызынан  бата сұрасақ.

Уа халайық, халайық,

Мұнда назар салайық.

Мерекенің жалғасын

Қыз сынымен табайық.

Зер салайық, талабына қарайық.

Өнерлі кім, дарынды кім,

Талантты іздеп табайық.

Уа халайық, халайық,

Ойланып енді қарайық,

Қазылардың алқасын

Ортадан сайлап алайық.

2-жүргізуші:  Сайыстың  шарттарымен таныстыралық:

1.Таныстыру. «Сұрасаң мен ару қыз……» /Бұл кезеңде өзін-өзі ұстауы, мәдениеттілігі, сөйлеу мәнері, ойын жеткізе білу қабілеті бағаланады./

Жөн сұрасып отырады жүрген жерде,

Бабамыздың салты ғой ол бұл күнде.

Ал енді аруларымыз ортамызда,

Өздерін таныстырар осы жерде.

……………………..

Тілегенова Айкүміс «Ана»  өлеңі

Бұл жыр да, жан анашым сен жайында,

Еске алып тағы бір жыр қозғайын да.

«Бір шөгір кірген сенің табаныңа,

Қадалсын, деуші ең менің маңдайыма».

Көл қылып мен ауырсам көз жасыңды,

Қызғыштай қорғаушы едің қарғашыңды.

«Бар сырқат саған келген маған тисін»

Деуші едің ойламастан өз басыңды.

Ер жетіп оқуменен алыс кеттім,

Сол кезде көп қиналдың асыл тектім.

«Құлыным, жиі – жиі хат жазып тұр» деп,

Қия алмай сағыныштың жасын төктің

Ұлыңа не қажеттің бәрін тостың,

Алдымен ізгіліктің балын тостың.

Сол үшін, ана, саған жыр термелеп,

«Ана» деп сағыныштың әнін қостым.

Байманаов Бұхардың орындауында өлең

Аялаумен ер жеткізген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың.

Қажымашы, шаршамашы, анашым,

Қарайлаймын кірбің шалса қабағың.

Адалдыққа баулыдың әуел бастан,

Сақтадың оттан, судан, тау мен тастан.

Ақ ботаңды демей гөр, жан анашым,

Үлкен өмір жолында аяқ басқан.

Ақыл құйған санама

Алғыс айтам анама.

Күн алыста, ал анам

Үнемі менің жанымда.

Ақыл айтып баптаған,

Анам үшін мақтанам.

Аялаған ұрпақтарын

Көп жасасын жақсы адам.

1-жүргізуші:

2.«Ата салтым- асыл қазынам» /Бұл кезеңде салт-дәстүр  үрдісін білуі,  сөз саптауы, түсіндіре алуы, сөйлеу мәнері  бағаланады.

 ………………..

Сағындықов Серіктің орындауында ән «Апа»

 Ерғалиев Русланның орындауында өлең

О Ана, абзал Ана, асылдарым!

Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би,

Сіздер үшін мереке шашулары.

Тізсем де сөз сарасын, сөз шырынын,

Қай теңеу көзін табар өз сырының.

Тербетіп тал бесікті таңды атырған,

Бұл құрмет бір минуттық көз шырымың.

Бір ізгілік өзің еккен бойдағы

Көкірегімнен жыр құсы боп сайрады.

Барлық әлем деп тұрғандай бүгін бір

«Құтты болсын Аналардың мейрамы!»

2-жүргізуші:

  1. «Ән көңілдің ажары» Аналар туралы ән айту /Бұл кезеңде ән айту мәнері,киімі, өз-өзін ұстауы, жүрісі, тұрысы, сахна мәдениетін сақтауы бағаланады./

…………………..

Қанатаев Абзалдың орындауында өлең

Кемеңгерсің, данасың,

Арқа тұтар панасың

Еңбегіңді ақтаймын,

Аман болшы, анашым.

Жамандықтан жирентіп,

Жақсылыққа бастаған.

Ұзақ болсын ғұмырың,

Асыл анам – жақсы адам.

Аналарды сүйеміз,

Ақылын ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз

Алпысова Гүлдерханның орындауында өлең

Ақ сүтінен барлық адам нәр алған,

Ол азығың өзіңмен бірге жаралған.

Туа салып тұңғыш татқан дәмің ол,

Күш – қуат боп өн бойыңа таралған.

Өмірге ана – бақыт, ана – пана,

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай көсем, талай шешен,

Талай ер, талай ақын, талай дана

1-жүргізуші:

  1. «Өнерлі — өрге жүзер» Өз өнерлерін көрсету.

    ……………..

Құрманов Бөгенбай мен Науқанов Ерболдың орындауында ән «Асыл әжем»

 Төлеуова Сандуғаштың орындауында өлең

Ана десем сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық.

Бір адамға берсе ана мейірін,

Орнар еді бар әлемде тыныштық.

Ана десем шешек атып жанары,

Өмірімнің бастау алар жаңа әні.

Ана деген тіршілікте пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

 

 

 

 

2-жүргізуші:

  1. «Он саусағынан өнер тамған» Қыздардың ісмерлігін байқау./ Бұл кезеңде қыздар өздерінің үйден дайындап әкелген қолөнер бұйымдарын көрсетеді./

Алпысова Гүлдерханның орындауында ән  «Анашым»

Науқанов Ерболдың орындауында өлең

О,Ана, Ардақты Ана, Асыл Ана!

Аз сөзбен қасиетің ашыла ма?

Теңіздей шалқып жатқан жан сырының

Бұл тілек бұлақ басы ғана.

Әйел — өмір нәзік аппақ бұлақтай,

Ол жымиса күнде қосыла күліпті Ай.

Біз жүреміз бар бақытты тілеп тек,

Сіздер берген мейіріміңді ұмытпай.

Бар ізгілік өзің еккен бойдағы,

Көкірегіммен жыр құсы боп сайрады.

Барлық әлем деп тұрғандай бүгін бір

«Құтты болсын, құтты болсын Аналардың мейрамы!»

1-жүргізуші:

  1. «Шешеге қарап қыз өсер» Қыздардың аспаздық шеберліктерін байқау/.

2-жүргізуші:

Құрманов Бөгенбайдың орындауында өлең

Арулар – аяулылар, ардақтылар,

Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.

Арулар – тіршілікке күре тамыр

Өмірді бір – біріне жалғап тұрар.

Қуанышқа бөленетін халықпыз,

Ана сыйлау – дәстүріміз, салтымыз.

Жыл құсындай әр көктемде келетін

Құтты болсын 8 – наурызымыз!

Қалкенова Ақбидайдың орындауында өлең

Ана деген – адамға құтты мекен,

Әр адам анаменен адам екен.

Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым

Бір күнгі ұйқыңнан садаға екен.

Қанатаев Ақанның орындауында өлең

Ардақты анам, асыл анам, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды талай бөліп үн қаттың.

Әлпештедің, аяладың, өсірдің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Мен өзіңмен қайда жүрсем біргемін,

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің.

Асыл сөзің жүрегімде жүр менің,

Қандай бақыт ортамызда жүргенің!

 

 

 

 

 

2-Жүргізуші:

 

  1. «Білімді мыңды жығар» /Білім сайысы/Бұл кезеңде қыздардың білімі, жауап беру мәдениеті бағаланады. (Берілген бір сөзден бірнеше сөз құрау)

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен сайысымыз яқталды.

Науқанов Ерболдың орындауында ән «Анашым»

Сағындықов Серіктің орындауында өлең

Өзіңсің, сүйікті анам,құдіретім,

Жанымды жадыратып күлдіретін.

Сендегі маған деген мол мейірді

Нұр толы қос жанарың білдіретін.

Өзіңсің өмірдегі асылым да, ардағым,

Бір өзіңе ақтарып сыр, жыр арнадым.

Анашым, айтарым көп тіл жетпейді,

Бір сендей асыл адам таба алмадым.

Нысанбаев Аянның орындауында өлең

Сіздерден өсер балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті аналар!

Бәрімізге анасың ,

Біз үшін күн боп жанасың.

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын, анашым!

 

 

Тлегенов Нұрмұқанның орындауында өлең

 «Ана»

Көрсең егер салмақтап

«Ана» деген ардақты ат

Өмірі оның жалғаспақ

Адам бол деп саналы

Өсіретін баланы

Қай, қашанда достарым

Қадірлейік ананы

Жанғожин Ыбырайдың орындауында өлең

  «Әжем жатыр ұйықтап»

Ақ көрпесін тұйықтап .

Әжем жатыр ұйықтап.

Өтінерім тек сеннен,

Есікті жап еппенен.

Тағы айтар ақылым,

Сөйле ақыры, ақырын

Тықырлатып еденді,

Жүре берме көп енді.

Тентектікке кіріспе,

Орындыққа тиіспе.

Дабырламай қояйық,

Кетеді әжем оянып.

Әділқазы алқаларына сөз беріледі.

2- Жүргізуші: :    Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе елдің көркі»  деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?!

     Осымен сайысымыз аяқталды. Көріп, тамашалағандарыңызға үлкен алғысымызды білдіреміз!

 

 

1-Жүргізуші:Әділ қазылар бағасы:

2- Жүргізуші:-Рахмет, өнерің өрге жүзсін! Білімді адам қай жерде де алда болып, төрден орын алған. Ал қыздарымыздың білімі қандай? Олай болса ендігі кезеңде «Білімді мыңды жығар» деп аталады. Қыздарымыз ортаға шығып, тапсырмаларын алып, сұраққа жауап береді.

2- Жүргізуші:-Қыздарға Аружан, Аяжан, Аяулым, Айғаным деген ат қоюдың өзі ару қасиетін көрсетеді емес пе? Сондықтан да, қыздарымыздың аттарына заттары сай болса, тіптен жақсы.

 

2-Жүргізуші:Әділ қазылар бағасы

1-Жүргізуші:

 Сайысымыздың 3-ші шарты бойынша: «Ата салтым- асыл қазынам» салт-дәстүр мен ұлттық тағамның жасалу үрдісін түсіндіру. /Бұл кезеңде салт-дәстүр мен ұлттық тағамның дайындалу үрдісін білуі,  сөз саптауы, түсіндіре алуы, сөйлеу мәнері  бағаланады.

 

Шашқа тағатын және оның сәнін келтіріп, мәнін арттыратын, сәндік бұйымдардың ішіндегі асылы –шолпы. Шолпы сәндік үшін ғана емес, шашты өсіретін әрі ұзартатын, желді күнде көтеріп кетпес үшін де тағылады. Әсем, сәнді шолпыларды тек қыз-келіншектер ғана таққан, егде әйелдер тақпаған.

 

2-Жүргізуші:Шолпының түрлері өте көп: қоңыраулы шолпы, үзбелі шолпы, тізбелі шолпы, сағат баулы шолпы, моншақты шолпы, қозалы шолпы,сылдырмақ шолпы, көзді шолпы.Сұлу шашқа тағылған шолпылар қыз-келіншектер жүрген кезде күн сәулесіне шағылысып, көздің жауын алады. Иесі қозғалғанда, олар әсем дыбыстар шығарып, сұлу қыз, кермаралдай керілген келіншектердің әсем жүрісіне үн қосып, ару сын мен сыйпатын одан әрі ажарлай түседі.

1-Жүргізуші:Шаштеңге,  шолпы шашбауға немесе бұрымның ұшына байланады. Шолпы таққан қыздардың басы ауырмайды, шашы ұзын әрі сұлу, берік болып өседі, ерте түспейді деп жорамалдаған. Шолпы, шаштеңге таққан қыз-келіншек мезгілсіз жүрмейді. Өйтекні күміс сыңғыры «айтып»қояды.

2-Жүргізуші:-Сайысымыздың келесі шарты «Өнерлі -өрге жүзер» өз өнерлерін көрсету. /Бұл кезеңде киімі, өз-өзін ұстауы, жүрісі, тұрысы, сахна мәдениетін сақтауы бағаланады./

1-Жүргізуші: Әділ қазылар бағасы:  «Маматайым»

2-Жүргізуші:— Рахмет, өренің өссін!

1-Жүргізуші: Әділқазылар бағасы

 

2-Жүргізуші:

1-жүргізуші:— Рахмет! Өнерің өрге жүзсін, достым «Ана көрген тон пішер» Қыздардың  ісмерлігін байқау./ Бұл кезеңде қыздарға берілетін тапсырма бойынша  орындау./

Әділқазы алқасынан қыздарымыздың бағасын сұраймыз.

2-жүргізуші: «Шешеге қарап қыз өсер»  Қыздардың нан илеу шеберліктерін байқаймыз.

Әуен ойналады. Қыздарымыз нанды шеберлікпен илеп көрсетеді.

 

Әділқазы алқасынан қыздарымыздың бағасын сұраймыз.

 

2-Жүргізуші: Қазақ халқы әйелдердің сұлу шашын ертеден-ақ жоғары бағалаған. Осыған байланысты әдет-ғұрыптар, тыйымдар туған. Шашыңды отқа тастама, шашыңды жайма, шашыңды қима деген тыйымдар бар. Жас әйелдің шашын маңдайдан айырып, екі бұрым етіп өрген соң  оның арасын бір сүйемдей  етіп ұшынан бір-біріне жалғайды, бұл «жұбымыз жазылмасын» деген ақ тілек белгісі.  Ал, қыздар бұрымын дара өреді, бір-біріне жалғамайды.

Сайысымыздың  келесі шарты. «Қыздарға әсемдік жарасады. Қатысушының сахнада өзін ұстауы, жүріс-тұрысы сарапталады.

Әділқазы алқасынан қыздарымыздың бағасын сұраймыз.

 

1-Жүргізуші:— «Ару қыз-2011» сайысымыз да мәреге келіп- жеткен сияқты. Өзі ару, өзі әдемі, өзі шебер, нағыз қазақтың қызын саралап шығару сәтте келіп жетті. Олай болса ендігі кезекте сөз кезегін әділқазы алқасына береміз.

Марапаттау:

 

2- Жүргізуші: :      Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе елдің көркі»  деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?!

    

Осымен сайысымыз аяқталды. Көріп, тамашалағандарыңызға үлкен алғысымызды білдіреміз! Сау-саламатта болыңыздар!