Атмосфера тақырыбы
Тақырыбы: №3 сарамандық жұмыс. Қайталау сабағы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың атмосфера тақырыбы бойынша алған білімдерін қайталап, бекіту.
Дамытушылық: Ауа температурасы мен желдің бағыты берілген кестені пайдаланып, температуаралар графигін, жел өрнегін салу арқылы дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Тапсырмаларды орындау барысында оқушыларды ұжымшылдыққа, өзара сыйластыққа үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас
Сабақтың кезеңдері:
- Ұйымдастыру кезеңі 4. Сабақты қорытындылау кезеңі
- Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 5. Бағалау кезеңі
- Тақырыпты бекітіп, қайталау кезеңі 6. Үй тапсырмасын беру кезеңі
Сабақтың барысы
Кезең | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
1 2 мин | Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру. Сарамандық жұмыс дәптерлерін таратады. | Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. Сарамандық жұмыс дәптерлерін алады. |
2 5 мин | Өткен тақырып бойынша бірнеше сұрақтар қойып, анықтамаларды тексереді. | Мұғалімнің өткен тақырып бойынша қойған сұрақтарына жауап береді. Анықтамаларды жатқа айтады. |
3 30 мин
| Мұғалім сарамандық жұмыс тапсырмаларын түсіндіреді. 1. Сарамандық жұмыстың тапсырмалары. Жергілікті жердің ауа райын бақылау: 1) жинақталған материал негізінде тәуліктік температураның графигін салу; 2) жел кестесінің сызба-нұсқасын құрастыру 3) Қорытындылау 2. «Атмосфера» тақырыбын қайталау. Қайталауға арналған тапсырмаларды түсіндіреді. 1) Тест тапсырмаларын орындау. Тест 30 сұрақтан тұрады
| Оқушылардың сарамандық жұмыс тапсырмаларын оындаулары: 1. Өткен апта бойынша бақылаған ауа температурасы көрсеткіштерін ең алдымен кестеге жазып, осы мәліметтердің негізінде температуралардың өзгеру графигін салады.
2. Оқушылар тест тапсырмаларын қос бетке орындайды. Оындап болғаннан кейін жұмыстарын мұғалімге тапсырады. |
4 | Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, жалпы сабақты қорытындылайды. | Сабақта қандай тақырыптарға тоқталғандарын айтып, қызықты өткен жерлерін айтады. |
5 | Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды. | Алған бағаларын тыңдап, ескертулері болса айтып, күнделіктеріне қойдырады. |
6 | Үй тапсырмасына «Атмосфера» тақырыбын қайталау.
| Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. |