Күн режимі
- Сабақтың тақырыбы: Күн режимі
Сабақтың мақсаты 1. Күн режимі.
Тамақтану мерзімі туралы түсінік беру.
- Салауаттыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиетті бойына сіңіру.
- Сана сезімін ояту,ой-өрісін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ .Өткенді еске түсіру.Уақыт, мезгіл туралы.
ІІІ .Жаңа сабақ:
а) 12-беттегі сурет бойынша әңгіме.
ә) 13 бет. Қыз баланың бір күнгі іс-әрекеті туралы айтып беремін.
б) Жеке бас гигиенасына қажетті заттарды атату.
Жеке бас гигиенасына қажетті заттарды дұрыс пайдалануға үйрету.Таза ауаның денсаулыққа пайдасы туралы түсінік беру.в) Оқушыларды мектеп асханасымен таныстыру. Дастархан басында өзін-өзі ұстау. Мәдениетті, тазалықты сақтау.Тағамдардың құндылығы .оны талғаммен пайдалану туралы түсінік беремін.
Сергіту сәті.
Бір, екі үш Бір,екі үш
Бұлшық етте күш.
Мен ұшамын кептерше
Еңкейемін жерге қолым жеткенше.
д) Әдептілік және әдемілік кітапшасынан «Дастархан басында»әңгімесін оқып беру.
е) Дәптермен жұмыс: Қоңырау, алмұрт, алма сөзіне сөйлем құрату. Сыртын қоршап сызу.
Сабақты қорытындылау: Біз бүгін сендермен нені білдік?