«Африка материгі» тақырыбын қайталау.
Сабақтың тақырыбы: «Африка материгі» тақырыбын қайталау.
Сабақтың мақсаты:
а)Білімділік: Жаңа технологияның бірнеше түрлерін ұйымдастыра отырып, Африка материгі бойынша алған білім деңгейін тексеріп,ойын элементтерін пайдаланып материкті жалпы қайталау.Сабақтың әр бөлімін түрлендіре отырып оқушылардың алған білімін қорытындылау.
ә)Дамытушылық: Африка материгінің таңғажайыптары туралы оқушылардың іскерлік, ізденімпаздық, жан-жақтылығын байқау қабілетін жетілдіріп дамыту.
б)Тәрбиелік: Сынып оқушыларын түгел сабаққа қатысуға, топпен жұмыс істеуге үйрету. Бір-біріне көмектесе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Глобус, дүние жүзінің физикалық және саяси картасы,бүктеме, «материктер мен елдерде »кітабы, Қазақстан экциклопедиядасы І том, сызба, кескін карта, атлас, сауалнама тесттер.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың пән аралық байланысы: Тарих,биология.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Сайыс сабағының жоспарымен таныстыру.
а. «Кім алғыр?» бөлімі.
ә. «Африка-таңғажайыптар әлемі »
б. «Кім күшті?»бөлімі
в.Сергіту сәті
г.Біз мемлекетті білеміз бе?
д. «Кім жылдам?»
е.Оқушылар шығармашылығынан (Өлең, суреттер,
бүктеме. )
3.Оқушылардың топтармен таныстыру(топ басшысы)
4.Әр бөлімнен кейін бағалау(асықпен)
5.Қорытындылау, оқушылардың өзін- өзі бағалауы.
Сыныптағы оқушылар 4-топқа бөлінді.
1-топ. Меридиан 3-топ. Экватор
2-топ. Параллель 4-топ. Глобус
Топ басшылары өз топтарын таныстыру арқылы глобус бейнесін жасайды.Оқушылар білімі асық жинау арқылы бағаланады.Ал сайыс сабағымызды бастаймыз:
І. «Кім алғыр» бөлімінің шарты:
Топ басшысы сұрақ алып,тобымен жауап береді.
1.Африканың ФГО-на сипаттама берейік.
2.Жер бедері мен пайдалы қазбаларын зерттейік.
3.Негізгі өзен жүйесіне аттанайық.
- Материктің өсімдігі мен жануарларын,халқын білейік.
Бағалау ( асықпен )
ІІ. «Африка –таңғажайыптар әлемі»-әр топ мүшелері материктің таңғаларлық құпия сырларын ашады.
Бағалау ( асықпен )
ІІІ. «Кім күшті» бөлімі-топтан бір оқушы тақтадан сауалдама сұрақ пен жұмбаққа жауап береді.
Бағалау ( асықпен )
ІV. «Сергіту сәті»
1.Африка елдерін жаңылыспай,тоқтамай жылдам атау (қадаммен).
2.Африка жемістері(басқа жемісті алып тастау)
Бағалау ( асықпен )
- «Біз мемлекетті білеміз бе?»
Әр топтың атына сәйкес елді жұмбақтап қою, топ саяси картамен жұмыс жасап, елге сипаттама береді.
1-топқа. Меридиан сызығы бойындағы екінші үлкен мемлекет. (Алжир)
2-топқа. Ніл өзенінің көп бөлігі қай мемлекет территориясынан өтеді?
(Судан)
3-топқа. Экватор сызығы бойындағы ең үлкен мемлекет. (Заир)
4-топқа. Кофенің Отаны –қай мемлекетте? (Эфиопия)
Бағалау ( асықпен )
VІ. «Кім жылдам?»
Бұл не?-деп аталатын сұрақа жылдам жауап беру.
1.Африги-тайпа 1.30,3 млн.ш.ш.-жер көлемі
2.7.5 тонна-піл салмағы 2.Ніл-өзен
3.Виктория-сарқырама 3.Мадагаскар-арал
4.Атлант-мұхит. 4.Қызыл-теңіз
5.Пигмей-халық 5.Атлас-тау
6.Алжир-мемлекет,астана 6.Рас-Хафун-мүйіс
7.Ине-оңт.мүйісі 7.Нигер-мемлекет, өзен
8.Цеце-шыбын 8.ОАР- мемлекет
9.Саванна-табиғат белдеуі 9.Калахари-шел
10.Зебра –жануар 10.Арахис-өсімдік
1.Африка пілі-ең ірі жануар 1.Сахара-шөл
2.Килиманджаро- жанартау 2. Ассаль-көл
3.Танганьика-көл 3.Тугела-сарқырама
4.6671 км-Ніл өзенінің ұзындығы 4.Чад –мемлекет,көл
5.Сомали-ел,түбек 5.Уәдтер-құрғап қалған арна
6.Кофе-ағаш,сусын 6.Египет-мемлекет
7.Конго-мемлекет,өзен 7.Секретар- құс
8.Айдаһар-тау 8.Тутси,хими-тайпа,халық
9.Гепард-жануар 9.700 млн.-халық саны
10.Шөлдегі кеме-түйе 10.Пирамида-7 кереметтің бірі
VІІ.Оқушылар шығармашылығы.
(өлең,суреттер, файл)
Қорытындылау.(қорапқа салынған асық арқылы өзін-өзі бағалау).
Үйге тапсырма:Материкті қайталау,сөзжұмбақ құрастыру.