Жердің глобуста және картада бейнеленуі

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы

Ақсай қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінің 

жаратылыстану пәні мұғалімі Жумашева С.Б.

 

Сабақтың тақырыбы: §10 Жердің глобуста және картада бейнеленуі

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі:  Жердің глобуста және картада бейнеленуінің ерекшеліктері туралы жалпы түсінік беру.

  1. Тәрбиелігі: Өзара ынтымақтастыққа, бірлікке үйренеді.
    3. Дамытушылығы: Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамытылады.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сөздік, көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі: слайд, глобус, карта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІҮ. Сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау.
ҮІ. Бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма.

І. Ұйымдастыру

Сыныппен амандасу, түгендеу, сабаққа назарларын аудару.
II. Үй тапсырмасы:

 

             

 

              Жер және ғарыштық кеңістік

  1. Күннің бетіндегі температура шамамен қанша градусқа тең?
  2. Күнді айнала қозғалатын ғаламшардың жолы (орбита)?
  3. Жұлдыз дегеніміз не?
  4. Талғат Мұсабаевтың ғарышқа ұшқан жылы.Сол ғарышта қанша тәулік болды?
  5. Темірқазық жұлдызы әрдайым қай бағытты көрсетеді?
  6. Жер біздің ғаламшарымыз
  7. Жер бетінің жалпы ауданы?
  8. Глобус дегеніміз не?

 

  1. Күннің тұтылуы дегеніміз не?
  2. Экватор сызығы жерді қандай екі жарты шарға бөледі?
  3. Жаңа ай қалай пайда болады?

 

Адасқан әріптерден сөз құра:

І топ:                                               ІІ топ:

Лпоюс- полюс                               қзажы-жазық

Ртюипе-юпитер                             ртоквэа-экватор

Кталикага-галактика                     рйимекру-меркурий

Сглуоб-глобус                               ртака-карта

 

 

 

III. Жаңа сабақ

Жер шар тәрізді болғаннан кейін жер бедері глобуста нақты түсірілген материктерді, мұхиттарды, өзендерді, көлдерді, көптеген елдерді, қалаларды және т.б. географиялық обьектілерді көруге болады.

Географиялық карталар жер бедерінің кішірейтілген түрі, бірақ онда жер бедері қағаз бетіне қағаз бетіне тегіс жазылып түсірілгендіктен құтты бір глобусты екіге бөліп тегістеп жазып жіберген сияқты. Картаның глобустан айырмашылығы күнделікті сабақ кезінде сөмкеде алып жүруге қолайлы. Кез келген картада жоғарғы жағы – солтүстік, төменгі жағы – онтүстік, сол жағы – батыс, оң жағы – шығыс бағыттарын көрсетеді.

 

Материктертердің, аралдардың, мемлекеттердің және қалалардың атаулары қара әріппен, мұхиттардың, теңіздердің, көлдер мен өзендердің атаулары көкшіл әріппен жазылған.

Барлық географиялық карталар пайдалануына қарай – сабаққа арналған, туристік, көлік жолдары және т.б. карталар деп бөлінеді. Қамту аймағына қарай – облыстық, мемлекеттік, материктік, Дүние жүзілік карталар деп бөлінеді.

Карта бойынша өзендердің ұзындығын, екі пункттің ара қашықтығын, таулардың биіктігін анықтауға болады. Ол үшін масштабты пайдаланып, бір рет қағазға үлкен территоряларды түсіруге болады.

 

Масштаб – белгілі бір территорияны картаға түсірген кезде алымы бірліктен, ал бөлімі неше есе кішірейтілгендігін көрсететін сандық бөлшек.

Сандық масштаб (1:10000, 1:50000) деп көрсетіліп, оқылғанда бір бөлінген онмындық  немесе елумындық масштаб деп айтылады. Бұл жердегі 1 см-де немесе 1000 метр немее 1 км бар деген сөз.

Атаулық масштаб 1 см-де 1000 метр бар деп картаның төменгі жағында жазылады. Карталар ірі, орта және ұсақ масштабты деп бөлінеді. Картаға түсірілген белгілі бір жердің ара қашықтығы жақын болса, соған сәйкес ол жердің 1 см-гі ара қашықтығы көрсетіледі. Бұндай карталарды ірі масштабты карталар дейді.

Түсірілетін аумақ қаншалықты үлкен болса, картаға соншалықты кішірейтіліп түсіріледі. Ондай карталар ұсақ масштабты карталар деп аталады.

ІV Бекіту

Сөзжұмбақ:

 

  1. Қорытынды.

Картографияның тарихына келетін болсақ, ол бұдан көптеген ғасыр бұрын пайда болған. Дүние жүзінің әртүрлі мұражайларында тасқа қашап саз балшыққа, мамонттар мен морждардың сүйегіне, фарфор, металл шынылар мен вазаларға және пергаменттерге  мен папирустарға түсірілген карталар сақтаулы тұр. Алғаш рет масштабты пайдаланып карта жасаған б.з.д VII – VI ғасырда өмір сүрген Аноксимандр болған.  Оның картасының ортасында Грекия және сол кезенде белгілі болған Еуропа мен Азияның белгілі бір бөлігі және оларды қоршап жатқан мұхиттар түсірілген. Бізе белгілі алғашқы карталардың бірі ІІ ғасырдағы Птоломей картасы. Бұл картада Америка, Аустралия және Тынық мұхиттың атаулары болған жоқ бірақ бірінші рет Еділ өзені түсіріліп оған Ра деген атау берілген.

Америка құрлығы түсірілген бірінші картаны 1507 ж. Мартин Вольдземюллер жасады. Ал Герард Меркатор 1595 жылы бірінші рет Еуропа елдеріне сипаттама берілген Атласты шығарды.


  1. Бағалау.

7.Үйге тапсырма: §10  Жердің глобуста және картада бейнеленуі