Оңтүстік Американың географиялық орны, ашылуы және зерттелу тарихы
Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Американың географиялық орны, ашылуы және зерттелу тарихы
Мақсаты:Оңтүстік Американың географиялық орнының ерекшелігі туралы оқушыларға білім беру. Материктің ашылу және игерілу тарихымен таныстыру.
Сабақтыңміндеттері:
Білімділігі: Оңтүстік Американы зерттеуші саяхатшылар жайлы толық мәлімет беру.
Дамытушылық: Оқушылардың оңтүстік жарты шар материктері жайлы білімдерін жетілдіру.
Тәрбиелік: оқушыларды іздемпаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтыңтүрі: жаңа сабақ
Сабақтыңәдісі: түсіндіру, оқулықпен, картамен жұмыс, іздену.
Көрнекіқұралдар: Электронды оқулық, жарты шарлардың физикалық картасы, Оңтүстік Американың физикалық картасы, презентация, таратпа материалдар.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру
Әр оқушыға бағалау парағы таратылады
Критерий
| Рубрикатор | Дискриптор | балл | Аты-жөні | баға |
Тәжірибелік | 1.Картаға белгілей білуі 2.Зерттеушілердің саяхатын білуі 3.Білімді шығармашылықпен ұштастыруы (тапқырлығы) 4.Тақырып мазмұнын меңгеруі
| 2
3
2
3
| |||
Білімді қолданысқа енгізе алуы | |||||
Барлығы | 10 |
Критерии-оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер
Рубрикатор-оқушылардың білімін бағалауға арналған критериилердің жиынтығы
Дискриптор-оқушылардың жетістігі баллдар арқылы анықталады
1б – 4б = «3»
\5б -7б = «4»
8б -10б = «5»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Ымды білмеген дымды білмейді!
Материктерді, плиталарды,жағалауындағы мұхиттарды мұғалім ымдап келтіреді, оқушылар жауабын табуы керек
1.Оңтүстік жарты шар материктері деп аталатын А-А-А-А ұзақ уақыт бойы ежелгі Гондвана материгінің құрамында болған.(Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия, Антарктида)
2.Литосфералық плиталардың қозғалысы нәтижесінде Гондвана А-А-А-А плиталарына ажырады(Оңтүстік Америка,Африка-Аравия,Үндістан,Аустралия-Антарктика).
3.Сонымен қатар плиталардың ажырау аймағында қазіргі А-А мұхиттарының табандары ашылды.(Атлант,Үнді).
4.КейінірекА-А плиталары Еуразияға,ал Оңтүстік Америка А- мойнағы арқылы А-материгіне жалғастыАфрика-Аравия,Үндістан),(Панама,Солтүстік Америка). Нәтижесінде оңтүстік жарты шар материктерінің қазіргі пішіні қалыптасты.
ІІІ. Жаңа сабақ
1.Кім тапқыр! 6 оқушыға бір-бірден қорап таратылады Қораптың ішіндегіні табу керек
1 қорап: Бұл жемістің отаны Оңтүстік Америка. Ол ең алғаш жабайы түрінде кездесіп, биіктігі 1,5 м жеткен, өз отанында арам шөп саналған. Өсімдіктің екі кең таралған аты бар. Италиян тілінен аударғанда «алтын алма» деген мағнаны білдіреді. (Қызанақ)
2 қорап: Бұл жемістің Отаны О Америка Еуропалықтар Оңтүстік Американы ашқан кезде «малс» деп атаған. Оны алғаш Еуропаға Колумб әкелген. Оны Колумб испан короліне сыйға тартады. (Жүгері)
3 қорап: Отаны Оңтүстік және Орталық Американың таулы аудандары. Еуропаға 1565 жылы әкелінген. Оны көптеген елдерде «екінші нан» деп
атайды. (Картоп)
- 2. Интерактивті тақтадан Оңтүстік Американың шеткі нүктелерін белгілеу.
- Білгірлер!
Мұнда саяхатшылардың суреттері көрсетілген енді сіздер аттарын тауып, зерттеген аудандарын картадан көрсету
Интерактивті тақтадан Дүние жүзінің картасынан кемемен жүзген жолдарымен жүріп өту керек
- Бекіту
Жаңа тақырып бойынша Оңтүстік Американың физикалық – географиялық орнына сипаттама(Кесте бойынша)
Оңтүстік Американың физикалық-географиялық орны.
- Берілген жоспарды пайдаланып Оңтүстік Американың физикалық-географиялық орнының сипаттамасын жаса:
Жоспар | Атқарылатын жұмыс |
1. Материктің көлемі | А) Оңтүстік Американың көлемі_________млн.км2 Ә) Оңтүстік Америка көлемі бойынша басқа материктердің арасында нешінші орында?_______ Б) Қай материктердің көлемі Оңтүстік Америка материгінен үлкен?_________________________________________________ |
2. Материктің экваторға, нөлінші меридианға, тропиктерге қатысты орны | А)Дүниежүзі картасынан қай бөлігінен экватор кесіп өтетінін анықта_______________________________________________ Ә) қай жарты шарда, оңтүстік немесе оңтүстік, материк аумағының көп бөлігі орналасқан?_______________________ Б)қ ай бөлігін нөлінші меридиан кесіп өтеді?________________________________________________ В) қай жарты шарда, батыс немесе шығыс, Оңтүстік Америка материгінің көп бөлігі орналасқан? қорытынды:___________________________________________ ______________________________________________________
Г) Оңтүстік Американың тропик сызықтарына қарағанда орналасуы туралы қорытынды жаса__________________________________________________ ______________________________________________________ Бұл географиялық орны материктің табиғат жағдайларына қалай әсер етеді?_________________________________________________ ______________________________________________________
|
3. Материктің шеткі нүктелері. Олардың координаталары, солтүстіктен оңтүстікке және батыстан шығысқа қашықтықтары. Климаттың белдеулердегі орны. | А) Оңтүстік Америка физикалық картасынан шеткі нүктелерін және олардың координаталарын анықта? -солтүстік______________________________________________ — оңтүстік ______________________________________________ — батыс ______________________________________________ — шығыс ______________________________________________ Ә) Оңтүстік Американың ұзындығын анытаңдар: Батыстан шығысқа ________________________________ Cолтүстіктен оңтүстікке Б) Оңтүстік Американың аумағы қандай климаттық белдеулерде орналасқанын анықта:
|
4. Мұхиттар мен материктерге қарағандағы орны | А) Оңтүстік Америка материгін қай мұхиттардың сулары шайып жатыр? _______________________________________________________ Ә) Оңтүстік Америка жағалауларынан қандай ағыстар өтеді? _______________________________________________________ Б) Оңтүстік Америкаға материктердің қайсысы ең жақын орналасқан?
|
V.Достарыңды бағалағанда қандай көңіл-күйде болдың?
Тақтада,қабырғада ілініп тұрған өздеріне ұнаған смайликтерге аттарын жазып досын бағалағанда қандай көңіл-күйде болғанын түсіндіреді.
VI Бағалау
VII Үйге тапсырма
- 37 оқу, кескін картамен жұмысты,жұмыс дәптерін аяқтау.