Жемістер Көптік жалғаулары.
Сабақтың тақырыбы. Жемістер
Грамматикалық тақырып: Көптік жалғаулары.
Сабақтың мақсаты. Оқу, жазу арқылы оқушының сөйлеу әрекетін қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері.
Білімділік: Оқушыларды жаңа сөздермен таныстыру, сөйлеу әрекетінде қолдана алуға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың тілдерін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеуге ықпал ету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдістері: көрсету, сұрақ-жауап, жеке жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: Көкөністер, жемістер суреттері, оқулық, интерактивті тақта, жемістер макеті.
Сабақтың пәнаралық байланысы: орыс тілі, дүниетану
Дидактикалық ойын: «Жемістерді себетке жинау», «Аудармашы»
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
1) Сәлемдесу. Отырыңдар 2) Көңіл-күйлеріңіз қандай? 3) Кім кезекші?
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанады достарым
Арайлап атқан күнге.
- Үй жұмысын тексеру.
Күз туралы әңгімелеу.
- Жаңа сабақ. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.
Сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа тақырыпты анықтау.
-Сонымен, балалар, жаңа тақырыбыздың аты- жемістер. Сендер бүгінгі сабақта кездесетін жемістерді тауып, атауларын естеріңде сақтап қалуларың керек.
Сабағымызды «Мәнерлеп оқу» сайысымен бастайық.
Мәнерлеп оқу сайысы. Жемістер
Мен алмамын, алмамын,
Түрлі-түрлі боламын.
Көкпеңбек едім көктемде,
Қызарам күз жеткенде.
Мен алмұртпын, ақылдым
Күзде жинап алатын.
Балбыраған біреуін
Жесең тойып қаласың.
Мен өрікпін, өрікпін
Ерте ашатын гүлін.
Қара өрік, сары өрік,
Табиғатқа көрікпін.
Мен –анармын, анармын
Қабығы қалың болармын.
Мөлт-мөлт еткен түрлері
Моншақты еске саламын.
1) Сурет арқылы жаңа сөздермен таныстыру. Сөздікпен жұмыс.
* Мұғалім сөздердің мағыналарын түсіндіреді.
* Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландырады.
1) Мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды, оқушылар дауыстап қайталайды.
2) Мұғалім сөздерді оқиды, оқушылар тізбектеп қайталап отырады.
Мәтінмен жұмыс.
Айтылым тапсырма бойынша айтылым әрекетін іске асыру. Дұрыс оқу, түсініп айту дағдыларын қалыптастыру.
Жемістер.
Біздің саяжай қалаға жақын. Саяжайда әр түрлі жемістер, көкөністер өседі. Жемістерден алма, алмұрт, өрік, алхоры, шабдалы бар. Мен бақты суаруға көмектесемін. Құстар бақты зиянды жәндіктеден қорғайды.
Піспеген жемісті жеуге болмайды. Піскен жеміс тәтті және денсаулыққа пайдалы.
Оқушыларға тізбектеп оқыту.
- Саяжайда нелер өседі?
- Бақты зиянды жәндіктерден нелер қорғайды?
- Піспеген жемісті жеуге бола ма?
-Ал,енді, балалар, біз де саяжайға барайық.
-Мына себетке жемістер терейік.
- Сабақты бекіту.
Сергіту сәті
* сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру
Сурет бойынша жұмыс « Жемістер, көкөністер» тақырыбы бойынша қайталау жұмысын жасау. Оқушыларды сөз тіркесін жасап, тілдесімге жетелеу.
-Саяжайдан қандай алмұрт тердік?
Сөз тіркестерін құрастыр.
Дәптермен жұмыс.
Жемістерге көптік жалғауын жалға.
Жазылым. Карточкамен жұмыс
- Жемісті тауып ал да, дөңгелетіп сыз.
- Ойын «Аудармашы».
алма — ………… алмұрт-……………………
өрік -………………. анар-…………….
- Сабақтың қорытындылау. Жемістердің макеттерін көрсету, сұрау.
— Нені үйрендік? — Нені білдік?
- Үйге тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқу.
- Бағалау. Мұғалім балаларды мадақтап рахметін айтады
Кәртішке
Оқушының аты-жөні___________________________________
- Жемісті тауып ал да, дөңгелетіп сыз.
- Жемістерді аудар.
алма — ………… алмұрт-……………………
өрік -………………. анар-…………….
- Мәтінді мәнерлеп оқы.
Жемістер.
Біздің саяжай қалаға жақын. Саяжайда әр түрлі жемістер, көкөністер өседі. Жемістерден алма, алмұрт, өрік, алхоры, шабдалы бар. Мен бақты суаруға көмектесемін. Құстар бақты зиянды жәндіктеден қорғайды.
Піспеген жемісті жеуге болмайды. Піскен жеміс тәтті және денсаулыққа пайдалы.