Баспанам-менің қорғаным. Қорытынды сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Баспанам-менің қорғаным. Қорытынды сабақ.

Сабақтың мақсаты: 1.Өтілген модульдің тақырыптары бойынша оқушылардың алған білімдерін пысықтау. Пәнге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

2.Ауызекі тілде сөйлету арқылы тіл байлығын дамыту,сөздік қорын кеңейту,топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

3.Бейнелеу арқылы оқушыларды көркемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Қорытынды сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,суретпен жұмыс, ойын.

Сабақтың көрнекілігі:интербелсенді тақта, суреттер      

Сабақтың барысы:

I .Ұйымдастыру кезеңі: (3 минут)

Оқушылар 2 топқа бөлініп отырады, амандасу, қонақтармен амандасу

— Бүгін сыныпта кезекші кім?

— Сыныпта кім жоқ?

— Оқу құралдарын тексеру (оқулық,дәптер,қалам,сөздік дәптер)

Тіл дамыту кезеңі:

Қазір қай сабақ?

Қазақ тілі сабағында қай тілде сөйлейміз?

Аптаның қай күні?

Бүгін ауа  райы қандай?

Бүгінгі сабағымыз өтілген тақырыптарды қорытындылауға арналған. Алдарыңда бірнеше баспалдақтар тұр, сол баспалдақтардан өтіп «Арман шыңына» жетулерің керек.Олай болса 2 топқа бөлініп, «Арман шыңына» қол ұстасып, жолда кездескен кедергілерге шалдықпай жетулеріңе тілектеспін.

-Балалар, бір-біріңе жұмыс алдында не тілейсіңдер?

( топтар бір-біріне іске сәттілік, жетістікке жетейік деген тілектер айтады)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (5 минут)

Жұмбақ жазып,жаттау.

 

1-саты  (2 минут)

Сандарды сөйлет . Берілген сандардың нені көрсетіп тұрғанын  айту.

 

6              

                                                    7             4           5

 

                                                8                      3         2

1

Оқушылар сөздердің дұрыс жауабын тақтадағы сан ретімен іздеп табады. Сөйлем құрайды.

1-баспалдақ                                       5-терезе

2-есік                                                 6-шатыр

3-ас үй                                               7-жатын бөлме

4-қонақ бөлмесі                                8-ванна бөлмесі

2-саты  (5 минут)

« Қатесін тап» Әр топқа мәтін таратылады. Топ мүшелері мәтіннің қатесін түзейді. Екі топ алмасып тексереді. Қателер жігін арнайы параққа жазады.

Үй  біздің көшесінде Абай орналасқан. Үй біздің үлкен және әдемі.Үйіміз бес қабатты. Үшінші қабатта тұрамыз біз. Үйде төрт бөлме бар. Бөлмемде  менің тұр кереует шкаф орындық үстел. Бөлмем таза менің әдемі.

3-саты.  (2минут)

Сергіту сәті.                            Мынау-менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау-басым ақылды,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау-менің оң қолым,

Мынау-менің сол қолым,

Барлық істі басқарған.

4-саты     (3 минут)

 «Қыз қуу» ойыны.Бір ұл, бір қыз шығады. Қыз тек сын есімдерді,ал ұл тек зат есімдерді айтады. Екінші жұпта қыз сан есімді, ал ұл зат есімдерді айтып айтысады.

Қандай?                           Не?                            Неше?                   Не?

Әдемі                                үй                                 Бір                      есік

Кең                                 бөлме                            Төрт                     терезе

Қызыл                             перде                              Екі                      бөлме

Қара                                 есік                                Үш                    кереует

Қоңыр                              еден                               Жеті                     гүл

5-саты  (5 минут)

«Біздің үй» .

  1. Лото ойыны. Әр баланың алдында билет жатыр. Сол билеттер бойынша лото ойыны ойналады.

1.Үстел    3. Қасық   5.Құлақшын  7. Тоңазытқыш   9. Айна  12. Кереует   13.Теледидар 15.Диван   17. Орындық   20. Кресло   25.Шкаф    27.Гүл   30.Үстел

  1. Енді осы ұтып алған заттарды атап, әр бөлмелерге сай жинастыру керек. Жинастырғаннан кейін  топ басшылары тексеріп шығады.

3.Бір бөлмені таңдап, мәтін құрастыру.

Ас үй
Жатын бөлме
Қонақ бөлмесі

 

 

 

6-саты  (5 минут)

  1. Дыбыстар әлемі. Берілген дыбыстарды үйге дұрыс жинау.

А               Т               М               Е                    К        Ғ          Қ              Ы     І    Ә    Ұ                 Ү           Ң             Р                            Д

Дауысты                                      Дауыссыз

  1. «Біліміңді шында» (Фонетикалық талдау)

   І топ                                                                           ІІ топ

Орындық                                                                    Кереует

7-саты   (5 минут)

« Cиқырлы сандық» . Берілген сандарды таңдап,жасырынған сұрақтарға жауап беріп,тапсырмаларды орындау.

1    2    3    4     5    6      7      8      9    10

 

 

1.Қай қалада тұрасың?

  1. Мекен-жайың қандай?

3.Заттарды бір сөзбен ата.

Кесе,қасық,пышақ,шанышқы.

4.Пәтерің неше бөлмелі?

5.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

6.Төртінші артықты тап.

Қасық,кесе,пышақ,орындық.

7.Пәтерің нешінші қабатта?

8.Сенің бөлмең қандай?

9.Берілген сөздерді буынға бөл.

Жиһаз,кереует,орындық.

  1. Төртінші артықты тап.

А,Е,Ә,И

Қорытынды

Тест

1.Қандай үй биік?

А) бір қабатты

Ә)бес қабатты

Б)тоғыз қабатты

 2.Шайды немен ішеді?

А)кесемен

Ә)қасықпен

Б)тәрелкемен.

3.Ыдыс- аяқтар қай бөлмеде тұрады?

А)жатын бөлмеде

Ә)демалыс бөлмесінде

Б)ас бөлмесінде

4.Қонақты қай бөлмеде қабылдайды?

А)қонақ бөлмесінде

Ә)демалыс бөлмесінде

Б)жатын бөлмеде

5.Оқушының кітаптары қай бөлмеде тұрады?

А)қонақ бөлмесінде

Ә) балалар бөлмесінде

Б)ас бөлмесінде

6.Қай бөлмеде ұйықтайды?

А)ас бөлмесінде

Ә)сөреде

Б)жатын бөлмеде

(Тест тапсырмаларын кілтпен тексеру, бағалау)

Бағалау. (5 минут)

Үй тапсырмасы:  «Менің болашақ үйім»  (2 минут)

І.Сурет салу

ІІ.Мәтін құрастыру

Қорытындылау. (3 минут)

Сонымен, балалар, «Арман шыңына» шығу оңай ма екен? Жолда қандай кедергілер болды?  Кімге рақмет айтқыларың  келеді?