Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем.

Сабақтың тақырыбы: Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем. 2 сағ.

Сабақтың мақсаты: білімділік — Салалас құрмалас және оның түрлері туралы түсіндіру, ыңғайлас салаластың жалғаулықты, жалғаулықсыз түрлерінің жасалу жолдарын меңгерту.

дамытушылық – Зейін, ынта қабілеттерін, ой — өрістерін дамыту, ББД қалыптастыру.

 тәрбиелік – Мәдениетті сөйлеуге, тазалыққа, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабағы.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ –жауап, кітаппен жұмыс, талдау ,жинақтау т.б.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу, тарих

Сабақтың көрнекілігі: слайд, ребус,саяхатқа арналған түрлі суреттер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

-Амандасу

— Оқушыларды түгендеу

-Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Ендеше, балалар біз білім ордасына қарай саяхат жасайық!Біз бүгінгі сабағымызда екі топқа бөлінеміз.

      I    «Білімділер» тобы   

  1. «Алғырлар» тобы

        Қай топ өздерінің қабілеттерін жоғары сатыда көрсете алады екен.

Қане, байқап көрейік!

   Алдымен үйден шығу үшін алдымызда мынандай кедергілер бар екен. Сол кедергіден  өтіп көрейік.

  1. Үй тапсырмасын тексеру. «Зымыран сұрақтар»

1.Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2.Құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?

3.Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

  1. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем қалай жасалады?
  2. «Шахаң сыңғырлаған әдемі даусымен «Мақпал қараны» бастады, өзгеміз еріксіз қосылып кеттік» мына сөйлем жай сөйлем бе, әлде құрмалас сөйлемге жатады ма? Жасалу жолын түсіндіріңіз.

III. Кім көп сөз ойлап жаза  алады?

Енді балалар біз үйден сәтті шығып, автобусқа мінеміз.Онда бізді не күтіп тұр екен?

Бастауышы ойынды төмендегідей шартпен орындауды тапсырады:   бірнеше сөздер ойлап жазу керек?   Бірінші сөзде келген әріптер келесі сөздерде қайталанбайтын болуы керек. Мөлшерлі уақытта көп сөз ойлап жазған топ озады. Мысалы: мектеп, қағаз, ору, өс, т.б.

  1. «Әдемі құстар». Енді балалар автобуста келе жатырып, алдымыздан ұшып бара жатқан құсты көреміз. Білім ордасына жету үшін біз бұл кедергіден де өтуіміз қажет.

Мына сөйлемдерге толық талдау жасаңыз.

Не жайында айтылғанын түсіндіріңдер.

Абайдың қай қара сөзінен алынғанын табыңыз

І топ.   Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті.

ІІ топ.  Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды.

  1. Дәптермен жұмыс. Алдымызда тағы да кедергі бар екен балалар. Гүлдегі торғайлар бұдан енді қалай өтеміз?Дайынбыз ба?

  100-жаттығу

        Көп нүктенің орнына жай сөйлемдерді ойларыңнан қосып, берілген жай сөйлемдерді ыңғайлас салалас құрмаласқа айналдырыңдар.

     Ел орынға отырған кез еді, …  .(Қ. Қай)  …  ,  Рақымжан бастаған топ сыртқа қарай ыта жөнелді. (Қ.Қаз.) Балалар ертеңгі тамақты ішіп болды да,  …  . (Б.Соқп.) …. , осылай қарай ағылған адамдар шоғырына кезікті. (М.И.) Бауға келген еді, …  . Айсұлудың бұған күші де жетеді, …  .

  1. «Ойна да ойла!» ойыны.

І топ.

Төрт мұратты атаңыз

Жеті күнді атаңыз

ІІ топ.                                         Жеті ата

Жеті  жұтты атаңыз

Үш арсыз

Қане, балалар дұрыс жауабын тексеріп көрейік!

Төрт мұрат

Дау мұраты –біту

Сауда мұраты –ұту

Қыз мұраты –кету

Жол мұраты -жету

Жеті  жұт

  1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс.
  1. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).


Жеті күн

1.Бүгін

2.Ертең

3.Бүрсігүн

4.Арғы күн

5.Ауыр күн

6.Соңғы күн

7.Азына

 

Жеті ата

1.Бала

2.Әке

3.Ата

4.Үлкен ата

5.Баба

6.Түп ата

7.Тек ата

 

 

Үш арсыз

1.Күлкі арсыз

2.Тамақ арсыз

3.Ұйқы арсыз

Жарайсыңдар балалар! Өмірімізге қажетті  құндылығымызды біледі екенсіңдер.

VII. «Жол көлігі». Келесі біздің алдымызда  қандай кедергі тұрғанын көрейік. Енді алдымызда  келе  жатқан көлікті көреміз, ол бізге жол берер емес. Ол үшін енді оның шартын орындауымыз керек. Яғни, бізге ребус шешу екен.Оны қалай шешеді екенбіз, тапқырлықтарыңды байқап көрейік.

 

          

Қандай сөйлем шықты екен? Қай топ бірінші болып шешті екен.

«Дарын домбыраны қағып –қағып жіберді де, Әлмеш «Бозторғайды» бастап кетті.»  Бұл қандай сөйлем? Талдайық. Құрылысына қарай ыңғайлас құрмалас сөйлем екен.

Өте жақсы балалар, біз қиын кедергілерден өтіп, білім ордасына бірінші болып жеткен  «Тапқырлар» тобы құттықтаймыз. Сәттілік сендерге!

VIII. Үйге тапсырма. Ереже жаттау.

  1. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалаймын