Тіл мәртебесі- ел мәртебесі
Тақырыбы: Тіл мәртебесі- ел мәртебесі
Мақсаттары:
- Білімділік: Пән бойынша білімдерін тереңдету, пысықтау және жүйелеу;
- Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу әрекеттерін, танымдық қызығушылықтарын дамыту;
- Тәрбиелік: Мемлекеттік тілді қастерлеп, туған жерін, табиғатын, тарихын мақтан тұтуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жарыс сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, тапсырмаларды орындау.
Құрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Ойынның барысы
- Мұғалімнің кіріспе сөзі.
- Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі «Тіл мәртебесі- ел мәртебесі» атты сайысымызға қош келдіңіздер.
Қазақ осы — ағыл-тегіл, көл- көсір,
Қазақ осы — «Өнер алды- тіл дейтін»,
Қазақ осы — қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба — жатырқауды білмейтін,-
деп ақын ағамыз Қ.Мырзалиев айтқандай, ұлы қазақ даласында 130- дан астам ұлт өкілдері татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен мектебімізде оқитын басқа ұлт өкілдерінің арасында «Тіл мәртебесі- ел мәртебесі» атты сайыс ұйымдастырылып отыр.
Құрметті қонақтар, ұстаздар, сіздерді сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
Ойын 3 айналым бойынша өткізіледі. Бірінші және екінші айналымдарда ойыншылар өзіндік бағалары бар әр түрлі тақырыптардағы сұрақтарды таңдайды. Жауап дұрыс болса, команданың қорына аталған ұпайлар қосылып отырады. Ал ойыншы қателессе, команда ұпайлары аталған ұпай саны бойынша азаяды. Ойын барысында таңдаған сұрақтың орнына «Сыр сандық» деген белгі шығуы мүмкін. Бұл – басқа тақырыптағы сұрақ болып шығады.
3 айналымда екі командаға жалпы сұрақ беріледі. Бірінші жауап
берген команда 800 ұпай ұтып алады.
Ең көп ұпай жинап алған команда жеңеді.
Тақырыптар мен дұрыс жауап үшін берілетін ұпайлар саны:
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет | 100 | 150 | 200 | 250 | 300 | 350 | 400 |
Кең-байтақ Қазақстаным | 100 | 150 | 200 | 250 | 300 | 350 | 400 |
Қазақстан экономикасы | 100 | 150 | 200 | 250 | 300 | 350 | 400 |
- ұпай — Отан туралы мақал.
- ұпай — Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін қашан алды?
(1989 жылы қыркүйектің 22-сі)
200 ұпай – Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қашан қабылданды?
(2 наурыз, 1992 жыл)
250 ұпай – Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды және оның неше бабы бар?
(30 тамыз, 1995 жыл. 98 бабы бар)
300 ұпай – Отан туралы өлең.
350 ұпай – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды және олардың авторлары кімдер?
(Мемлекеттік Ту мен Елтаңба 1992 жылы 4 маусымда қабылданды.
Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков.
Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Мемлекеттік Гимн 2006 жылы қабылданды.
Авторлары – Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)
400 ұпай – Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылы 27 қаңтарда жарияланған Жолдауының тақырыбы қандай?
(Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыттары)
- ұпай – Қазақстан қай құрлықта орналасқан?
(Еуразия құрлығында)
- ұпай – Қазақтың тұңғыш ғалымы, географ, этнограф
(Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов)
200 ұпай – Мынау қай жердің табиғаты?
(Бурабай, Ақмола облысы)
250 ұпай – Жетісудің 7 өзенін атаңыз.
(Лепсі, Сарқан, Қаратал, Шу, Іле, Ақсу, Көксу)
300 ұпай – Бұл қай аймақтың картасы?
(Орталық Қазақстанның картасы)
350 ұпай – Ғарыш айлағы неліктен Байқоңыр қаласында орналасқан?
- Бұл аймақта жылында 3-4 рет қана жаңбыр жауады.
- Байқоңыр ендігі бойынша ғарыш кемелері бір секундта 316 метр жылдамдықпен ұшады
- Ұшырылған ғарыш кемелерін адам аз қоныстанған жерге қондыру қауіпсіз
- Осы жерден ғарыш кемелері аспан әлеміне көтерілгенде жұмсалатын әнергия арзан әрі тиімді.)
400 ұпай Әдебиет – 600. Мынау кімнің суреті? Бұл жазушының шығармаларын атаңыз.
(Мұхтар Әуезов. «Қаракөз», «Көксерек», «Қараш-қараш оқиғасы», «Абай жолы»)
- ұпай – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қашан түсті?
( 15 қараша, 1993 жыл)
150 ұпай – Қазақстан қандай экономикаға бет бұрды?
(нарықтық экономикаға)
200 ұпай – Қазақстанның экономикалық аймақтарын атаңыз.
(Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан,
Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан,
Орталық Қазақстан)
250 ұпай – Қазақстан жерінде қанша химиялық элемент бар?
(117)
300 ұпай – Өзге мемлекеттердің Қазақстан мемлекетімен бірігіп жұмыс
істейтін салалардың дамуына шетел қаржыларын тарту
саясаты қалай аталады?
(инвестиция)
- ұпай – Суреттердегі экономика салаларын атаңыз.
( 1. Мұнай өндіру
- Мал шаруашылығы
- Егін шаруашылығы
- Балық аулау
- Металлургия
- Кен өндіру)
400 ұпай Тарих – 600. Ұлы Жібек Жолы қай қалалар арқылы
өткен және қай ғасырларда қолданылды?
(Самарқанд, Бағдад қалалары арқылы өткен,
ІІ-ХVІ ғасырларда қолданылды)
Тақырыптар мен дұрыс жауап үшін берілетін ұпайлар саны:
Фонетика, лексика | 100 | 200 | 300 | 400 | 500 | 600 | 700 |
Морфология | 100 | 200 | 300 | 400 | 500 | 600 | 700 |
Синтаксис | 100 | 200 | 300 | 400 | 500 | 600 | 700 |
100 ұпай – Қазақ тілінде неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс бар?
- дауысты, 25 дауыссыз дыбыс бар)
200 ұпай – Буын түрлерін атаңыз.
(Ашық, тұйық, бітеу)
300 ұпай – Үндестік Заңының қандай түрлері бар?
(Буын үндестігі және дыбыс үндестігі)
400 ұпай – Синоним, омоним, антоним деген не?
(Синоним – мағыналары ұқсас сөздер,
Омоним – айтылуы мен жазылуы бірдей,
мағыналары әр түрлі сөздер
Антоним – мағыналары қарама-қарсы сөздер)
500 ұпай – «Қазақстан» сөзін буынға бөліп, буын түрлерін ажыратыңыз.
(Қа-зақ-стан. Қа – ашық, зақ – бітеу, стан – бітеу)
600 ұпай – Тұрақты тіркестердің мағынасын түсіндіріңдер: көзді ашып-
жұмғанша, ит өлген жер, шаңырақ құру
(көзді ашып-жұмғанша – тез, лезде; ит өлген жер –
алыс, шалғай; шаңырақ құру – үйлену, отбасы құру)
700 ұпай – «Отан» сөзіне фонетикалық талдау жасаңыз.
(Отан – 4 әріп, 4 дыбыс, 2 буын (1-ашық, 2-бітеу)
О – дауысты, жуан, еріндік, қысаң
т – дауыссыз, қатаң
а – дауысты, жуан, езулік, ашық
н – дауыссыз, үнді)
- ұпай – Сөз таптарын атаңыз?
(Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу)
200 ұпай – «Қазақстан» сөзін септеңіз.
(А.с. – Қазақстан
І.с. – Қазақстанның
Б.с. – Қазақстанға
Т.с. – Қазақстанды
Ж.с. – Қазақстанда
Ш.с. – Қазақстаннан
К.с. — Қазақстанмен)
300 ұпай – Есімдіктің мағыналық түрлерін ажыратыңыз:
(Сіздер – жіктеу
Бұл – сілтеу
Ешкім – болысыздық
Бүкіл – жалпылау
Кейбір – белгісіздік
Қашан – сұрау
Өзім — өздік)
400 ұпай – «Жеті» сан есімін мағыналық топтарға түрлендіріңіз?
(Есептік – жеті
Реттік – жетінші
Жинақтық – жетеу
Бөлшектік – жетіден бір
Болжалдық – жетіге жуық
Топтау – жеті-жетіден)
500 ұпай – Келесі зат есімдерді етістіктерге айналдырыңыз:
Бас, аяқ, ақыл, бейне
(Бас – бастау, аяқ – аяқтау, ақыл – ақылдасу,
бейне – бейнелеу)
600 ұпай – «Үлкендерге көмектесу» сөз тіркесін ауыспалы осы шақта жекеше түрде жіктеңіз
(Жекеше:
І жақ – үлкендерге көмектесемін
ІІ жақ – үлкендерге көмектесесің
ІІ жақ – үлкендерге көмектесесіздер
ІІІ жақ – үлкендерге көмектеседі)
700 ұпай – Өлең жолдарынан үстеулерді тауып, мағыналық топтарын ажыратыңыз:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім
(Жасымда – мезгіл үстеу
Көре тұра – сын-қимыл үстеу)
100 ұпай Тіл туралы нақыл сөздер — (500)
«Тіл аспап сияқты, оны жақсы білу керек, оны жақсы меңгеру керек» — Бұл кімнің айтқан сөзі?
(А.М.Горькийдің)
200 ұпай – Айтылу мақсатына қарай жай сөйлемнің қандай түрлері бар?
(Хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлем)
300 ұпай – Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін атаңыз.
(Толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш)
400 ұпай – «Еңбек түбі — береке» Бастауыш пен баяндауыштың
арасындағы сызықшаның қойылу себебі қандай?
(Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен келеді)
500 ұпай – Музыка (700). Суреттегі музыкалық аспаптарды
атаңыз.
(Домбыра, қобыз, жетіген, сазсырнай)
600 ұпай – Тура толықтауыш пен жанама толықтауыштың
айырмашылығы қандай?
(тура толықтауыш табыс септіктің сұрақтарына жауап береді,
ал жанама толықтауыш барыс, жатыс, шығыс,
көмектес септіктердің сұрақтарына жауап береді)
700 ұпай – Сөйлем мүшелеріне талдау жасаңыз: Балқаш, Алакөл – жер
бетінде сирек кездесетін су қоймалары.
(Су қоймалары – баяндауыш,
Балқаш, Алакөл – бастауыш,
Сирек кездесетін – анықтауыш,
Жер бетінде – мекен пысықтауыш)
800 ұпай – әр сөз тіркесі үшін 200 ұпай беріледі
Суреттерге қарап, әнұранда кездесетін сөздер мен сөз тіркестерін жазыңыз:
-Алтын күн аспаны
-Алтын дән даласы
-Кең-байтақ жерім бар
-Бірлігі жарасқан
ІІІ. Қорытындылау
ІV.Бағалау