«Тәуелсіздіктің таңғажайып ескерткіші- Астана» тақырыбындағы сабақ

«Тәуелсіздіктің таңғажайып ескерткіші- Астана»  тақырыбындағы сабақ 

Сабақтың мақсаты: 1. Мемлекет астанасының Тәуелсіздік туындысы екенін оқушы ұғымына жеткізу.

                               2.Астаналар тарихына шолу жасай отырып, Астананың Сарыарқаның төрінен орын алу себептерін

                             түсіну.

  1.          Астананадағы салынған ғимараттар мен орнатылған  ескерткіштердің  Тәуелсіздікпен үндестігін  танып  зерттеп білу.                         

Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:

                           Астана келбетін айшықтап көрсететін видео — фильмдер.

                          «Тәуелсіздіктің таңғажайып ескерткіші- Астана»

                         тақырыбында слайд. Кітапшалар, суреттер

Оқушылар ұсынатын жаңа инновациялық   архитектуралық жоба- макет  «Күн — қалашық», «Тәуелсіздік аллеясы»,  әдістемелік көрнекі кітапша«Тәуелсіздіктің таңғажайып ескерткіші- Астана

Сабақтың түрі:  тарихи — зерттеу

Сабақтың барысында  қатысушылар:

Жүргізуші, «Тарихшылар», «Зерттеушілер», «Болашақ» топтары

                             

 

 

 

 

 

 

 

1ж: Жас қала жағасында ерке Есілдің

Азмат тер төгуде ертеңі үшін

Жарыса  ғимараттар бас көтерген

Дәл бүгін біреулерге ертегісің.

 

Тоғысқан тоғыз жолдың торабына

Бақ берген талапкердің талабына

Елімнің жүрегі бұл жайнай түскен

Қараңыз жаңа Астана ғажабына …

 

2ж: Тоқта, тоқта … Астана ғажайыптарына таңқалатын кез әлі алдыда. «Өткен тарихқа көз жүгіртпей, болашаққа бара алмайсың» деген бар емес пе?

 

1ж:  Сен сонда «тарихты парақтап шық» дегің келіп тұр ма?

 

: Иә…

Біздің тарих! Бұл дегенің шежіре,

Тарих бетіне жазылады бәрі де.

Тарихқа көз жіберіп көрейік,

Астаналар тарихын таныстырып беретін

 «Тарихшылар»  тобына сөз кезегін берейік.

1.Семей:

Қазан төңкерісінен кейін 1917 жылы Екінші Жалпы –қазақ құрылтайы шақырылды. Құрылтайды қазақ халхының Әлихан Бөкейханов, А Байтұрсынов бастаған қазақтың қайраткер ұлдары ұйымдастырды.

Осы Құрылтайда тәуелсіз Қазақстан Үкіметінің –Жалпы қазақ Ұлттық кеңесінің Төрағасы болып  Әлихан Бөкейханов сайланды. «Алаш» Қазақ Автономиясының астанасы болып ресми түрде Ертіс жағалауындағы Семей қаласы жарияланды. Өкінішке орай,  Қазақ Автономиясының астанасы ретінде Семей көп тұра алмады. Ол 1919 жылы ақтар мен ұлттық қозғалыс Түркістан мен Сібірде талқандалғанға дейін ғана астана мәртебесін иемденді.

 

1ж:  Иә… Семей қаласын «Алаш ордасы» деп бекер атамайды  екен ғой.

 

2.Орынбор:

1920 жылы 26 тамызда   “Қырғыз (қазақ) автономиялы социалистік кеңес республикасын құру туралы” Декрет қабылдады. РКФСР БРОАК-тің 1920 жылы 22 қыркүйектегі жаңа Декретімен Орынбор губернаторлығы мен Орынбор қаласы ҚазАКСР құрамына қосылды. 1920 – 25 жылдары Орынбор қаласы Қазақстан астанасы болды. 1925 жылы Орта Азиядағы ұлттық-аумақтық межелеуден соң, Сырдария және Жетісу облыстары, сондай-ақ Қарақалпақ автономиялық облысы Қазақ автономиялық республикасы құрамына енді, сөйтіп, ел астанасын шалғайда орналасқан Орынбор қаласынан қазақтың қалың ортасына көшіру мәселесі қайта көтерілді.Кеңес өкіметі орныққаннан кейін 1920 жылдан 1925 жылға дейін Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының  астанасы Орынбор қаласы болды , яғни патша заманындағы өкілеттігі қайта қалпына келтірілді.

 

3.Ақмешіт /Қызылорда/

Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Республиканың оңтүстік облыстарында тұрып жатқан қазақ халқының басым бөлігінің Орынбордан қашық болуына байлансыты астананы 1925 жылы бұрынға Қоқан хандығының шекаралық қамалы болған Ақмешітке көшіріп, атын Қызылорда деп өзгертіп, 1929 жылға дейін Қазақстанның астанасына айналдырды.

 

  1. Алматы.

Сыр бойының экономикалық және табиғи жағдайы қолайсыз дегенді желеу еткен

Ф.И. Голощекин басқарған БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті ел астанасын Қызылордадан орысы басым Алматыға ауыстыруды жөн деп тапты. 1927 жылы 3 наурызда Қазақстан астанасын Алматыға көшіру жөнінде Қазақ АКСР-інің   қаулысы жарияланды. Ал 1929 жылы 19 мамырда ел астанасы Қызылордадан Алматыға көшірілді. Көшірілуге себеп: 1927 жылы Трансібір темір жол магистралі салынды. Ол Қазақстанның ең ірі елді мекені –Алматы қаласы арқылы өтті. Ұлы даланы негізгі көлік жолының  басып өтетіндігі және географиялық жағынан ыңғайлы орналасуы басшылыққа алынып, Алматыны  Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының астанасы жасау ұйғарылды.

 

2ж:  Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ елінің тарихы 68 жыл ел орталығы болған Алматымен тығыз байланысты. Бізге тарихшылар Алматы астана болып тұрған кездегі еліміздегі тарихи оқиғаларды тізбектеп берсін.

 

  • 1929- 37 жылдар арасындағы сталиндік зұлмат
  • 1941-45 жылдардағы Ұлы Отан соғысы
  • Тарихқа өзіндік із қалдырған талай-талай бесжылдықтар
  • 1954 жылғы Тың игеру жылдары
  • 1961 жылғы Космосты игеруге алғашқы қадам
  • 1986 жылғы Тәуелсіздікке қадам басқан Желтоқсан оқиғасы
  • 1991 жылы ғасырлар бойы армандаған Тәуелсіздіктің келіп жетуі.

 

  1. Астана

1991 жылы Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін астананы елдің оңтүстік-шығысынан республиканың орталығы бөлігіне көшіру мәселесі көтерілді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттің жаңа астанасын орналастыруға оңтайлы қаланы анықтау мақсатымен республиканың бүкіл аумағы мұқият зерттелді. Талдау қорытындылары барлық нұсқалардың ішінен ең қолайлысы Ақмола қаласы екендігін көрсетті. Бұл қаланың орналасқан орны сәулетшілік тұрғысынан кез келген жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оның үстіне Қазақстанның географиялық орталығы ғана емес, қала елдің аса маңызды шаруашылық аймақтарына таяу, ірі көлік жолдарының торабында орналасқан. Мамандардың бағалауы бойынша Ақмолада тұрғын үйлер мен әкімш., іскерлік ғимараттарын салу бағасы Алматымен салыстырғанда едәуір арзанға түседі, бұл – шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Республиканың Жоғарғы Кеңесі ел Президентінің айқын дәлелдерімен келісіп, оның астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысын мақұлдады. 1995 жылы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан Республикасының астанасы туралы” Заң күші бар Жарлығы жарияланды.

1997 жылы қазанның 20-сында Н.Ә.Назарбаев «Ақмола» қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қолды. 1998 жылы мамырдың 6-сында Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы   Астана қаласы болып аталды. Осы жылғы маусымның 10-ында тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Сөйтіп, Астана қаласы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы болды.
Аз уақыттың ішінде Астана көрікті қалаға айналды.

 

1ж:

Сіздер Елбасы Н.Назарбаевтың мына бір сөзіне назар аударыңыздаршы: «Ұлттық тұтастығымыздың мәселесі ең өткір қойылған арғы Тоқтамыс пен Едіге, бергі Тәуке мен Абылай замандарында билік ордасының бұл маңайға қайта-қайта көшіп келіп, көшіп кетуінде де көп сыр бар»- деген елі Елбасы. Иә, еркіндікке қол жеткізіп,

Тәуелсіздік алып, ес жиып серпілгеннен кейін Астананы Сарыарқаның төріне көшіруде ата-бабалар арманы жатқан сияқты.

 

2ж: …, бағана сөзіміздің басында Астана ғажабы туралы жыр оқығың келген еді, Астанаға арналған жыр- шашуыңды енді айтып көрші.

 

1ж:  Астана жайлы жыр оқығысы келіп тұрған  мен ғана емес сияқтымын.

 


1-оқушы:

Асан қайғы, Қорқыт өскен  -Астана

Кенесары, Наурызбай жортып өткен- Астана.

Есіл, Нұра екі өзен нәрін тосқан –Астана,

Ақан, Ғазиз, Біржан сал әнін қосқан –Астана.

 

2-оқушы:

Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,

Тарихы оның тым әріден басталған.

Бабалардың арманы  ақиқатқа айналып,

Тәуелсіздіктің жемісі ғой Астанам.

 

 

3- оқушы:

Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,

Ұлы көште танытты халық елдігін.

Астананың мәртебесін көтерген,

Бұл- Елбасының ұмытылмас ерлігі.

 

4-оқушы:

Астана –Ұлы  Отанымның бесігі,

Бар қазаққа айқара ашылған есігі.

Осынау 20 жылдың ішінде

Бар әлемге танылды қазақ есімі.

 

1ж:

 

Кеткенін талай басқаға кегім,

Тастарға жазып тастаған едім.

Жарқырап нұрың тұрсың ба жайнап,

Бекзада, дегдар — Астанам менің

Кіндігін тауып Ұлы даламның,

Алдымнан шықты күліп арманым.

Нұрсұлтан салған нұрлы қаланың.

Көшесіндегі гүлі боламын.

Арқаның мынау төсін жайлаған,

Бабаң да талай шешім байлаған.

Қала салсам деп Қасым қалаған-

Есілдің бойын … Есім ойлаған…

Аспаған елім, таспаған елім,

Тарихын қайта бастаған дедім.

Жұмыр жер, кенет, жүзік боп кетсе,

Гауһардай жанған – Астанам менің!

 

Астанада желбіреп Үлкен Ту тұр. Оны Ішкі істер органдарының арнайы жасақ қызметкерлері 24 сағат қарауылдайды.  Ені 15, Ұзындығы 30, биіктігі 111 метр, салмағы 96 кг болатын Қазақстанның аумағындағы ең үлкен ту –Елордамызда орналасқан. Аспенмен тілдескен алып байрақты қаланың қай жерінен болса да көруге болады. Туымыз тігілген «Атамекен» кешені – қала қонақтарының

 

 

2ж: Астананың тарихынан қоса сыр шертетін жырларыңыз бізге көп ой тастады.  Ұлылар мен даналардың арманы болған Астана жайлы  әнге кезек берейік.

Ән. «Астана»

1ж: Тәуелсіздіктің ғажап ескерткіші болған Астанада  сәулет өнерінің ғажайып туындылары өте көп. «Зерттеушілер» тобы қаладағы ғимараттар мен ескерткіштер жайлы зерттеп білді. Бізді өз жұмыстарымен таныстырсын

арнайы келіп, тамашалайтын нысанына айналды.

1-зерттеуші: Сіздердің мынау көріп тұрғандарыңыз Ұлы даланың жаңа Астанасының сәулеттік салтанатына ерекше үлес қосып тұрған –«Ақорда» Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы. Алыстан ат шалдырып келген адам алдымен «Ақ Орданың» ажарына сүйсінеді. Елордадағы еңселі ғимараттардың бірегейі. Қазақ елінің ақ ордасы екендігін айтпай-ақ ұғындырып тұрғандай.Ақорда күмбезді – әшекейлі стильмен салынған. Астананын аралап жүрсеңіз, Астананың сәулет құрылыстары мен кешендерін                   безендіріп тұрған күмбездердің көп екенін байқайсыз. Мысал ретінде , «Ақорданы», Президенттік мәдени орталықты, Есіл жағасындағы биік үйлерді, сол жағалаудағы тұрғын үйлерді атауға болады.

 

Күмбез- сәулет өнеріндегі біздің ұлттық ерекше белгіміздің көрінісі болып табылады. Астананың қазіргі күмбездерінің мәдениеттің дәстүрлігі мен сабақтастығы туралы айтар болсақ, күмбездердің ұлттың дәстүрге орай бірден –бңр көзге түсетін үйлесімі – қазақтың киіз үйіне ұқсайтындығынан көрінеді.

 

 

 

 

 

 

 

2-зерттеуші:

Жаңа Астананы  ерекше айшықтап, өзгешелеп тұратын символдық белгі- «Астана-Бәйтерек» кешені.Бағаналы орда «Бәйтерек» сонадайдан менмұндалайды. Бұл – елдігіміздің бетбейнесіне айналып кеткен әйгілі нысандардың бірі.    Көне мен келешектің дәнекері іспеттес.  Бәйтерек- Даланың көркем дәстүрлерін, Байырғы қазақ елі мәдениетін және ағаш жемісі өмірдің өзі болып табылатын идеяны мегзейді.

Бәйтеректің биіктігі тура 97 метр. Бұл ел ордасы Алматыдан Астанаға көшіп келген жылдың соңғы екі цифрына, 1997 жылғы сәйкес келеді.

Біздің Бәйтерегіміздің аса бірегей болып табылатынын және әлемде бұған ұқсас объект жоқ екенін атап көрсетуге тиіспіз. Бәйтеректің ұшар басында орналасқан алтын шар күмбездің өзі 76,9 метр биіктікке орналасқан.

 

2-зерттеуші:  Біз, зерттеушілер, «Бәйтеректің» ғажайып туынды екенін, Елбасы

Н.Назарбаевтың халыққа жасап жатқан еңбегі Бәйтеректей биік екендігін жырға қосқан    көптеген ақындардың жыр жолдарымен де таныстық. Соның бірі ақын  Н. Айтұлының «Бәйтерек» жырын оқып берейін.

 

 

Қазағым, қара орманым –байтақ елім,

Жақсыны, жаманды да байқап едің.

Асырған мерейіңді асқақтатып,

Елбасы бойлап өскен бәтерегің!

Нұрсұлтан –ел тірегі, алтын діңгек,

Алыптың халқы ғана нарқын білмек.

Қазағым шаттанатын кезің келді,

Алашқа қорған болар ұл тудым деп.

Танытып терезесі теғдігіңді,

Әлемге әйгіледі елдігіңді.

Тереңге тамыр жайды Бәйтерегің,

Сақтай біл ұлан-байтақ кеңдігіңді.

 

3-зерттеуші:

Астананың ажар көркі сөз болғанда , Астананың ресми гербін айтпаса болмайды. Әрине, герб сәулет өнерінің ескерткіші емес, бірақ ел ордасының барлық орталық көшелері мен ғимараттарының маңдайларында Астана гербі бейнеленгенжалаулар мен көркем плакаттарды байқамай өту мүмкін емес. Желмен желбіреген Астана гербі ел орданың эстетикалық келбетін түзейтіні , әрі қаланың қайталанбас сәулеттік бейнесін қалыптастыруға әсер ететіні сөзсіз. Астана гербінің жаңа нұсқасын 1999 жылы маусымда , қаланың ресми тұсаукесерінен кейін бір жыл өткен соң бекітілді.

 

4-зерттеуші: Астана гербінің негізі –дөңгелек шығыстық қалқан. Күрең қызыл түсті қамал қабырғасы астарында дөңгеленген көкшіл даладан ақ қанатты сақ барысы көрінеді. Барыстың бейнесі қазақ хандарының бас киімінде келетін алтын тәжді скифтік аң стилінде салынған. Күрең қызыл түсті қамал пішіні қаланың Есіл өзенінің жағасында қамал-қала ретінде пайда болу тарихын еске салады. Ақ түс қазақ ұлтының ой-ниетінің пәктігі мен тілегінің мөлдірлігін бейнелейді. Шаңыраққа қарасаңыз, бұл Қазақстанның кең даласының шексіз аспаны  астында халықтардың және мәдениеттердің қауымдасуы мен бірлесуін көрсетіп тұрғандай.

 

5-зерттеуші:      Әуежай жақтан  құрылыс қаулап жатқан сол жағалаудан ескі көпір үстімен кіріп келе жатқанынызда ,аспанға найзадай шаншылған үш тіректің , арка тәріздес әшкейлі құрылыстың астынан өтесіз. Арканың ұшы дөңгелекке барып тіреледі. Ол дөңгелек кейде күн сәулесімен құбылы, шыр айналып тұрғандай әсер береді. Бұл арка қазақтың кәдімгі ақ батасын бейнелейді. Қандай да бір ұлы іске бел буғанда, ұзақ сапарға аттанар алдында жолың болсын, іске сәтдеп ақсақалдардың бата беруі- халқымыздың байырға дәстүрі.Сол себепті  бұл символдық «бата-арка» қалаға келе жатқан, қаладан кетіп бара жатқан әрбір жолаушыға көпір үстінен ақ жол айтып, сәттілік тілеп тұрады. Есіл өзені қаланың құрылым мен архитектуралық бейнесін қалыптастыруда аса маңызды элемент болып табылады. Өзеннің қала шекарасындағы жағалауына құрылыс салу жіне оны көркейтуді жоспарлау жобалары осы жағжайды ескере отырып жасалды. Жобада өзеннің қос ернеуін бойлай созылған бүкіл жағалық белдеу жағажай, бау, спорт, сауда, демалыс ойын-сауық нысандарымен бірге ұзыннан созылған жағалаулық парк ретінде қарастырылады. Есіл өзені арқылы 22 көпір салу жоспарланған.Амангелді Иманов көшесіне бұрылып, жаңа аудандарға қарай жол тартсақ, маңдай тұсымызда – «Беласу» көпірі. Көпір демекші, халық арасында жиі айтылатын «Өзенге көпір салған бір сауап» деген даналық үнемі жадымызда жаңғырады. Егер Астана көшіп келгелі мұнда салынған көпірлерді санамаласақ, салушылардың маңдайына сансыз сауап бұйырғалы тұр. «Барыс көпір», «Бұғы көпір», «Арқар көпір», «Тұлпар көпір»… Тұрғызылып, бітуге таяғандары да баршылық. Бәрі бірдей біздің ұғымымызға сай.

 

 

6-зерттеуші: Бейбітшілік пен келісім сарайы.

Барша ұлт пен барлық дінді татулыққа үндеуден туған ел төрі Сарыарқада бой көтерген

Бейбітшілік пен келісім сарайы – астаналықтар мақтан тұтатын нысандардың бірі. Сәулет өнеріндегі хай-тек стилінің хас шебері лорд Норман Фостердің жобасы негізінде, түріктің «Сзмбул-Иншат» компаниясының мықтап қолға алуымен небәрі 13 айдың ішінде жұртшылықтың көзайымына айналған ғимарат шынымен-ақ керемет. Рухани орталықтың сырты мысырлық пирамида үлгісін көзге елестетсе, іші де өнер құдіретін мойындата түседі. Биіктігі 75 метр, 25 қабатты бұл алып ғимараттың алғашқы қадасы қағылған күннен бастап, 900 шаршы метр шыны, 1200 шаршы метр гранит, 10 000 шаршы метр керамикалық плиталар, 6000 шаршы метр төсеніш кілем, 2700 шарша метр тот баспайтын арнайы болаттан жасалған панель плиталары сияқты көптеген құрылыс материалдары пайдаланылған.

 

 

 

 

7 зерттеуші:

Арқа төсінде бой көтерген тәуелсіздіктің басты туындысы – Астана қаласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай бабалардың ғасырлар бойғы арманы ел азаттығы мен елордамыздың асқақ рухын айшықтай түсер бірегей нысан – «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы бой көтерген.

«Мәңгілік ел» салтанат қақпасы Есілдің сол жағалауындағы көкке бой созған зәулім ғимараттардың ортасынан ойып орын алып, азаттықтың асқақ рухына арналған астана сәулет ескерткіштері ансамблімен ерекше үйлесімділік тапқан..

Тарихтан білетініміздей, әдетте салтанат қақпасы әскери жеңістердің немесе жасампаз жетістіктердің құрметіне арналып, қаланың кіреберісіне, үлкен жолдың бойына орнатылады. Мұндай ерекше сәулеттік-монументалды туынды бой көтерген қалалар әлемде санаулы деуге болады. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық салтанатында елордамыз – Астана қаласы да сол санаулылар қатарына қосылды.

Салтанат қақпасы елорданың үздік сәулетшілері қатысқан байқау қорытындысында Елбасының көңілінен шыққан Астана қаласының бас дизайнері Сағындық Жанболатов пен жас сәулетші Қанат Қорғановтың жобасы бойынша салынды.

 

 

 

 

 

 

8- зерттеуші:

«Мәңгілік ел» салтанат қақпасы қазақ ұлтының болмысы мен тарихын, тәуелсіз мемлекет дамуының алғашқы 20 жылда жеткен жетістігін әйгілеу үшін бой көтерді  Салтанат қақпасын орнатқан әр ел оны өзінің тарихымен ұштастырып жасайды.   «Мәңгілік ел» туындысы халқымыздың ой-арманымен өріп, ұлттық нақышта жасалынған.

Енді сәулеттік жобаға толығырақ тоқталар болсам, оның барлық төрт жақ бетінде орналастырылған композициялар мен мүсіндердің қисынды түйіні бар. Астанаға Салтанат қақпасының классикалық негізі алынды.

Әрбір қабырғаның төменгі табанында биіктігі 4,4 метр болатын көлемді мүсіндер бар. Қақпаның сол жақ қапталында даналықтың символы «Ақсақал» мүсіні орнатылған. Халқымыздың санасындағы осынау дәстүрлі бейне даналық, данышпан, ғұлама ұғымдарымен астасады. Қақпаның сол жақ қапталында от иесі – «Әйел-Ананың» рельефті мүсіні орнатылған. Ана бейнесі қазақ халқы үшін «Отан-Ана», «Жер-Ана», «Ана тілі» сынды киелі ұғымдармен ұштасады. Әрбір мүсіннің жоғарғы жағында мемлекеттің елтаңбасы орналастырылған. Елтаңба нысанға айбындылық береді және оның мемлекет үшін ерекше маңыздылығын көрсетеді. Сыртқы бөліктің жоғарғы жағында «Мәңгілік ел» жазуы бар. Ол – мемлекет пен ұлттың мәңгілік екендігін, қақпада көрініс тапқан тақырыптардың қазақ халқы үшін мәңгі маңызды болатындығын көрсетеді. Түркі халықтары үшін бұл таңбалар – бар бәле-жаладан қорғайтын, жарық пен жылу, мол мейірім әкелетін киелі бейнелер.

 

9-зерттеуші:.

Композицияның жоғарғы бөлігінде мемлекетіміздің Көк байрағында көрініс тапқан күрделі ою-өрнектер шоғыры бедерленген.Мұнда Туымыздағы күн мен қыран құс бейнесі бедерленген  Қақпаның сол жағындағы орында көшпенді сарбаздың, ал оң жағында – Қазақстан жауынгерінің мүсіні орналасқан. Көне жауынгердің мүсіні қазақ батырларының ерліктері мен қайсарлығын көрсетеді. Қазіргі жас сарбаздың мүсіні берік қорғаны бар мемлекеттің болашаққа ұмтылысын білдіреді. Бұл мүсіндер жиынтығы халқымыз үшін қастерлі ұғым – ел қорғау ісінен бастау алады. Және жалпы алғанда, жеңістер мен жетістіктердің ескерткіші ретінде қабылданатын – Салтанат қақпаларының әу бастағы идеологиялық мәнісіне сәйкес келеді.

Қақпа қабырғаларында халқымыздың ежелгі тарихынан азаттыққа қол жеткен бүгінге дейінгі даму жолы көрініс тапқан. Басты композиция бабаларымыздың ғасырлар бойғы күресінің нәтижесі, халқымыз үшін ең қастерлі құндылық – Тәуелсіздік тақырыбына арналады. Бұл қабырға осынау қасиетті ұғымның мән-маңызын ашатын Қазақстан Тәуелсіздігін жария еткен алғашқы ресми құжат – Егемендік туралы декларация, «Ақорда», «Бәйтерек» нысандарының бейнелерімен өрнектелген.

Дәстүр бойынша салтанат қақпалары қалаға кіретін үлкен жолдың бойына салынған. Сондықтан оның негізгі мән-маңызын сақтау мақсатында Астананың Салтанат қақпасы Орынбор даңғылының ортасынан орын тепті.Көп ұзамай-ақ Салтанат қақпасы Астананың ең көрікті жерлерінің біріне айналды .

Еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылдығы елордамызда бой көтерген тағы бір қайталанбас ескерткіш – «Мәңгілік ел» салтанат қақпасымен айшықталды. Бабалардың сан ғасырлық арманының орындалуы, міне, енді Қазақ елінің мәңгілігі мен жасампаз жеңістерінің бейнесіндей сәулет туындысы тұғырында көрініс тапты.

 

11зерттеуші: Астана ажарын айшықтап тұрған сәулет өнерінің қатарына Астанадағы Ислам орталықтары мешіттерін атауға болады . Ақ мәрмәрдан салынған мешіттер алыстан-ақ көз тартып, адамдардың жүрегіне имандылық нұрын себуде. Жан –жағында әдемі  хауыздардан атқылаған фонтандар, жап-жасыл болып егілген ағаштар бір-бірімен үйлесімін тапқандай. Жыл өткен сайын ислам дініне бет бұрған жастарымыздың мешітке көптеп келуі бізді қуантады.  Бұл да болса Тәуелсіздіктің жемісі. Жастарымыз дінінен, тілінен айрылмаса, еліміз мәңгі тәуелсіз ел болады.

«Әзірет Сұлтан» мешіті — қазіргі әлемдік сәулет өнерінің барлық талаптарына сай жасалған сәулетті ғимарат. Мешіттің төрт мұнарасы бар. Әрқайсысының биіктігі — 77 метр. Бас күмбездің биіктігі — 51, ал диаметрі — 28 метр. Бұл —  еліміздегі Алла үйлерінің арасында ең үлкен күмбезді ғибадатхана.  Мешітте ғибадатханалар, неке қию рәсімін өткізуге арналған бөлмелер, Құран оқу залдары, мешіт қызметкерлері үшін жасалған бөлмелер, кітапхана, жалпы саны 130 адамға арналған 5 дәрісхана бар.

 

12-зерттеуші:

Астананың 10 жылдық мерейтойына орай ашылған «Қазақ елi» монументiнiң төрт құбыласы түгенделіп, толықтырылған нұсқасы биылғы тамыздың 30-ы, елiмiздiң Ата Заңы күнi жұртшылықпен қайтадан қауышты.         Жалпы аумағы 5,2 гектарды алып жатқан стела мен бағаналардан тұратын, орталық өзегi 1 гектар аумақты қамтитын архитектуралық – скульптуралық кешеннiң төменгi деңгейi – биiктiгi 2 метрлiк қызыл граниттен жасалған баспалдақты платформа. Ал аспанға шаншылған өзегi ақ мәрмәрдан қаланған. Бұл қазақ елiнiң әлi де көкке өрлей түсетiнiнiң хас белгiсi. Қазақ елiнiң егемендiгiн өткен ғасырдың 91 жылы алғандығын бiлдiретiн 91 метрлiк бұл ескерткiш төрт қырлы тұғырға қондырылған. Стеланың арқа тұсын тағаға немесе доғаға ұқсатып орналастырған, ұзындығы 120 метр болатын, биiктiгi тоғыз метрлiк ұзын-саны 28 бағаналар иiнi қамтып тұр.                                                                                                               Ескерткiш – кешеннiң авторы – Астана суретшiлер одағының төрағасы, Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi Сембiғали Смағұлов  «Қазақ елi» жобасының дүниеге келуiне Нұрсұлтан Назарбаевтың ой қосқанын айтқан .

Монументтiң төрт жағын ала, қосымша «Халық және Президент», оңтүстiк жағында – «Қаһармандық», батысында – «Жасампаздық», сондай-ақ күншығыс тұсында «Болашақ» атты төрт барельеф орнатылады.  Қазақ елінің тұңғыш Президентi Нұрсұлтан Назарбаев мүсiнiнiң «Халық және Президент» барельефiндегi қаумалаған халқының ортасынан орын алуы – елдiгiмiздiң бiр нышаны. Өйткенi сан-тарау соқпақтан, сындарлы жылдардан аман алып келе жатқан халқының ары мен ұжданы, болашағы мен мемлекеттiлiгiнiң кепiлiндей Ата Заңға қолын қойған сәтi мүсiнге айналдырылғаны – Ел мен Елбасының бiр-бiрiне деген анты мен аманатындай.

Оңтүстiк беттегi «Қаһарман» композициясы елдi, жердi қорғау қазақ халқының ғасырлар бойы атадан балаға  үзiлмей келе жатқан қасиеттi парызы екенiн айғақтайды.  Монументтiң батыс тұсындағы «Жасампаздық» барельефiнде көшпендi өркениетiнен ғарышқа аттанған аралықта жүрiп өткен қазақтың сан-мыңдаған жылдар бойы жиған ұлағаты мен өнегесi, өмiр тәжiрибесi қашалған. Мұнда   бүгiнгi тәуелсiз қазақ мемлекетiн нығайтуға құлшына кiрiскен кеншi, диқан, мұнайшы, құрылысшы мен ғарышкер бейнелеген.   Ал ең бастысы, «Болашақ» жаңа күн сипатты, ендi туып, шығыстан ендi атқан таңдай жалын жастарды танытқандай. Жастардың болашағы алда деген сөз. Мұнда жастардың биiкке, iлiм-бiлiмге, мәдениетке ұмтылып, спорттық жетiстiктерге қол созған қалпы бейнеленген. Олардың ортасын ойып жас жұбайлардың орналасуы да кiндiк жалғастығының белгiсi! Осы барельефтердiң барлық идеясын бiрiктiрiп тұрған «Бiрлiк» монументi төрт жағының бiр ортадан табылуын мақсат етедi. Талайлы тағдыр басынан өткен қазақты бiрлiк қана сақтап, болашаққа бiрлiк деген қасиеттi ұғым жеткiзетiндiгiн бiлдiрiп тұр.    «Қазақ елi» монументi елiмiз астанасының Еуразия жүрегiнде орын тепкенiн көрсетудi, қазақ қоғамының әлеуметтiк жайы мен экономикалық жағдайы, руханият пен саясат деп аталатын елдiң өзегiн қамтамасыз ететiн төрт тағанды, сондай-ақ, төрт құбыламызды теңестiруге деген игi ниетiмiздi, сол жолда атқарып келе жатқан жұмыстарды дәрiптейдi.

 

 

 

 

 

 

 

 

13-зерттеуші: Астанада Жоғарғы соттың жанында қазақ халқының Үш Ұлы биінің ескерткіші орын тепкен. Сонау «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» заманында алауыз болған хандарды бітімге келтіріп,қазақ халқының басын біріктірген. Жоңғар басқыншыларына қарсы ұлы жорыққа көтерген дана билар- Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би бабаларымыз –әділеттіліктің, бірліктің, даналықтың, ұлттық рухтың символы ретінде қазақ халқының тарихынан мәңгілік орын алған ұлы тұлғалар. Олардың айбынды мүсіндері «бірлік жоқ жерде тірлік жоқ» екенін, даналық болмаса даму болматындығын әрдайым біздің есімізге салып тұрғандай.

14-зерттеуші:

Тәуелсіздік Сарайы — мемелекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады. Ғимараттың сыйымдылығы, техникалық жабдықталуы, жайлылығы іс-шараларды жоғары халықаралық деңгейде өткізуге және көрсетуге мүмкіндік береді. Ресми іс-шаралармен қатар концерттерді, көрмелерді, мерекелік жиындарды өткізуге барлық мүмкіндік бар. Тәуелсіздік Сарайы 3 қабаттан тұрады. Бірінші қабат — ұлттық және қазіргі заман стильдерінің біртума үйлесімділігі. Осында 3082 адамға жасалған Конгресс-зал, 268 орны бар Рәсімдеу залы, 220 орны бар Пресс-орталық, сыйымдылығы 678 адамға арналған және сахна мен дыбыс аппаратурасымен жабдықталған кең мейрамхана орналасқан.  Композициялық үйлестірілген археология залы Алтын адам, Сармат батыры, Берел аттары, құпия жазулары бар тастар сияқты сирек кездесетін ежелгі экспонаттарымен қуантады. Адам киімі, аттардың әшекейлері, аң стилінде жасалған скиф-сақ әлемінің бұйымдары таңдандырады

 

15-зерттеуші:

Хан баласына бергісіз «Хан Шатырдың» орны Астана үшін мүлдем бөлек. Шатыр түрінде салынған мынадай алып ғимарат әлемнің өзінде кемде-кем көрінеді

«Хан-шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы.Танымал британ сәулетшісі Норман Фостердің жобасымен салынған. Қала орталығында бой көтергенбұл орталықсалмағы 2300 тонна болатын металл қондырғылардан тұрғызылған. Шатыр биіктігі 150 метрге дейін жетеді, сыртқы жағы тұтас әйнектермен қапталған.

Арнайы қондырғылар ішкі температураны бірқалыпты сақтайды. Алты қабатты орталықта сауда нүктелерімен қатар, ойын-сауық орындарыжұмыс істейді.

«Хан Шатыр» — Қазақстанның астанасы Астана қаласындағы ірі ойын-сауық және сауда-саттық орталығы (Астананың жаңа символы) 2010 жылы 6-шілдеде Астана күніне орай ашылған.

Хан Шатыр, әлемдегі шатыр түрді құрылыстардың ең орасан зоры болып, және Қазақстандағы сауда орталықтарының ең үлкені, әрі бірегей сырт пішініменайшықталады. Хан Шатыр ОССО – бір шатырдың астында әлем деңгейіндегі ойын-сауық және сауда-саттықты біріктірген, алғашқы лайфстайл-орталық болып саналады.

Лорд Норман Фостердің қия­лынан шыққан сәулет ға­жайыбы – “Хан Шатыр” сауда және ойын-сауық орталығының ғи­ма­раты Орталық Азиядағы баламасыз әрі ең ірі архи­тек­ту­ра­лық жоба болып табылады.

                                                                

                       «Қазақ» деп аталатын хандықтың алғашқы қадасын қадаған

 

 Асқақ Астанамызда   тағылымы мол сәулет-көрінісінің бірі  — ұлы­сы­мызды заманында ұйыстырған Керей мен Жәнібектің еңселі ескерткіші.

« Бұл – тұғырлы та­рихымызға, біздің қазақы елдік дәстүрімізге, мызғымас мем­лекетімізге ар­налған мәң­­гілік белгі» –  деген еді Мемлекет басшысы Н.Назарбаев .

Керей мен Жәнібек хандар «Қазақ» деп аталатын хандықтың алғашқы қадасын қадағанын, Алтын Орданың заңды мұрагері ретінде Шу мен Сырдың ортасында бой көтерген Қазақ ордасы уақыт өте келе ұлан-ғайыр далаға иелік еткенін тілге тиек етті.
Алаш жұртының алғаш­қы қос хандарына арналған бұл ескерткіштің бас қаламыз Астанада бой көтеруінің астарында да үлкен мән бар. Себебі бүгін­де тәуелсіздігіміздің бой­тұмары­на, еліміздің рәмізіне айнал­ған асқақ Астананың алғашқы кірпіші осында қаланған-ды. Алғашқы Ақор­да­мыз Қазақ­стан Республикасы Тұңғыш Прези­дентінің Мұражайы­ның орнында орналасып, маңайы­на маңызды мекемелер орын тепкен еді.

Ескерткіште еркіндік алып, жаңа орданың іргесін тіккен хандарымыз ұлыстың байрағын мығым ұстап тұрғаны көрініс тапқан.   «Расында, Керей мен Жәнібек тіккен сол киелі ту жығылған жоқ. Ол Қазақстанның тәуелсіздік алуы­мен бірге аспан астында қалықтаған қырандай шырқау биікке көтеріле түсті. Сондықтан да тәуелсіздігіміздің көк байрағын берік ұстап, елдігімізді көзіміздің қарашығындай қорғауға тиіспіз», – дейді  Нұрсұлтан  Әбішұлы.
Ескерткіштің ұшар басына дейінгі жалпы биіктігі – 12 метр. Мүсіндік композицияның барлық элементтері бір қалыпта әзірленіп, таза қоладан құйылған. Салмағы – 16,20 тонна. Жәнібек ханның тік тұрғандағы бойы – 5,25 метр болса, плитімен есептегендегі биіктігі – 5,45 метр екен. Ал Керей ханның мүсінінің биіктігі – 4 метр.
Ескерткіштің авторы — Астаналық жас мүсінші Ринат Әбенов­.

 

 Кенесары хан ескерткіші

Жағалаумен серуендеп отырып, біз қоладан жасалған, граниттік  тас  үстіндегі атты сарбазға тап боламыз. Бұл ескерткіш қазақ  мемлекетінің атынан Кеңесары хан ескерткіші болып табылады. Кеңесары Қасымов – Абылай хан немересі, соңғы қазақ ханы. Бүкіл өз өміріңде елімізге тәуелсіздікті алуға тырысып, қазақ халқының бостандығы үшін белсенді күрес жүргізген.
Монументтік өнер шығармасының авторы мүсінші Нұрлан Далбай және сәулетші Шота Уәлиханов. Ат салтшысының биіктігі – 7 м, ал созылымдылығы – 6 м тұрады. Жалпы салмағы – 10 тонна. 2001 жылы 10 мамырда ескерткіш ресми түрде ашылған.

 

 

 

ОТАН-АНА   МОНУМЕНТІ

Монумент 2001 жылдың 9 мамырында ашылды. Ескерткіш Ұлы Отан соғысында құрбан болған жауынгерлерге арналған. Қола стеллада «Мәңгі алау» жанып тұр. Алғаш  рет, мұндай мемориалдық   кешенде мұңайып, жоқтап тұрған «әйел» емес, келісім мен бірлікке  күлімдеп  шақырып тұрған «әйел» бейнеленген. Стелланың биіктігі – 40 м.  Монумент Қазақстанда   тұрып   жатқан   барлық   ұлттардың   бірлігін   бейнелейтін 101 мақсаттан   тұрады.

 

 

 

БӨГЕНБАЙ БАТЫР ЕСКЕРТКІШІ                                                   

  2007 жылы 5 шілде Астана күні қарсаңында елордадағы Сарыарқа мен Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысында қазақ халқының даңқты қолбасшыларының бірі, жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресін ұйымдастырушы, Абылай хан заманындағы атақты тұлға – Бөгенбай батырдың (1680-1775) ескерткіші ашылды. Қала күніне орайластырылған салтанатты шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, Парламент Сенатының депутаты Өмірбек Байгелді және Кәкімбек Салықов, Алдан Смайлов, Мырзатай Жолдасбеков сынды жазушылар қатысып сөз сөйледі. Қаракөк граниттен жасалған ескерткіштің жалпы биіктігі – 11,3 метр. Ескерткіштің авторы – мүсінші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Тоқтар Ермеков. Қазақ даласын басқыншылардан қорғауда ерлігімен көзге түскен Бөгенбай батыр, ұлт тәуелсіздігі жолында талай қанды айқастарға қатысқан. Батырдың қалмақтармен және қытай әскерлерімен болған қиян-кескі шайқастарда көрсеткен ерлігі мен қайраты сол кезеңдегі жорық жырауларының толғауларында өшпес өлең тілімен өрнектелді. Бөгенбай батырдың ХVIII ғасырда Қазақ халқына көршілес елдермен келіссөздер жүргізу мәселесіне де етене араласқаны тарихтан белгілі. Ол Қытай империясы мен Қазақ хандығы арасындағы келісімге, қазақтар мен орыстар арасындағы мәселелерге де кеңінен араласқан ұлы тұлға. Бөгенбай 1710 жылы бүкіл біріккен қазақ елі жасағының бас қолбасшысы болып бірауыздан сайланған. Батыр 50 жыл бойы қазақ жасақтарын басқарып, басқыншыларға қарсы 100-ден астам соғыстарға қатысты

 

  ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА ЕСКЕРТКІШІ

Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова Қобданың жағасындағы Бұлақ селосында 1925 жылы 15 маусымда Сарқұлов Нұрмаханбет пен Маржан Молдағұлованың жанұясында дүниеге келді.   1942  жылы  Алия  Молдағұлова  мергендер   мектебін  жаксы  бітіріп, 1943  жылы  26-шы  атқыштар  дивизиясына  қосылады. 1944 жылы  14  қаңтарда  Новоскол станциясында  ерлікпен  қаза  тапты. Кеңес өкіметінің  бұйрығымен   батырлығы мен  көрсеткен  ерлігі  үшін  Кеңес  Одағының  Батыр   атағы  берілді.

Қазақ халқының аяулы қызы Ә.Молдағұлова 1944 жылы 14 қаңтарда Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапты.   Астана қаласының Жеңіс даңғылы Әлия Молдағұлова көшелерінің қиылысында  мәңгі есте қалу үшін Ә.Молдағұловаға арнап ескерткіш орнатылды.

 

 

1ж:  Сонымен бүгінгі Астанамыз қандай қала?

ЮНЕСКО- ның 1999 жылғы 16 шілдедегі шешімімен егеменді еліміздің Елордасы Астанаға Бейбітшілік қаласы деген атақ берілді.  Бұл атақты халықаралық беделді ұйым мына қазақ деген халық астанасын жаңа қонысқа  көшірген екен , байғазымыз болсын деп бере салған жоқ. Бұл біздегі шынайы ынтымақ пен татулыққа, халықтар достығына әбден көзі жеткен соң берген бағасы. Астана 21 жыл ішінде айдай әлемге танылып, төрткүл дүние көз тіккен қалаға айналып отырғандығы осы татулық пен бірліктің, Тәуелсіздіктің жемісі деп нық сеніммен айтуымызға болады.

 

2ж: Астана – Қазақстан Республикасындағы әкімшілік орталығы және 600000 адам тұрғыны бар, әрі елорда тұрғындары мен қонақтарына жайлы тұрмысты қамтамасыз ететін қауырт даму үстіндегі қалалық инфроқұрылымы бар үлкен шаһар.

 

1ж: Тамаша тұрғын үй кешендері, еңселі әкімшілік ғимараттары, гүлзарлары мен фонтондары, әсем монументтері мен сәулет ескерткіштері бар бүгінгі Астана көз алдымызда күн сайын өзінің керемет сымбатымен құлпырып барады.Сәулеттік пішінінің әсемдігі мен сән –салтанаты жағынан әлемнің көптеген астанасынан кем түспесі анық.

 

2ж: Келесі кезекті «Болашақ» тобына берсек. Олар өздерінің Астана болашағына қосар үлесін қандай жұмыстарымен көрсетер екен.

 

1ж:

  1. Біздің «Болашақ» тобы Жаңа инновациялық жобалардың сан түрін қарастырдық. Соның ішінде бүгін сіздерге «Күн-қалашық» макетін әкеліп отырмыз. Бұл біздің 2017 жылы болатын EXPO көрмесіне қонақ үйлер жобасы болмақ. Ортасында күннің дөңгелек бейнесі ретінде цилиндр тәрізді көп қабатты ғимарат. Шетін қоршай орналасқан күн сәулесін білдіретін ғимараттар. Алтын сары түсті құрылыс материалдары пайдаланылады. Ортасында жаяу жүргіншілерге арналған жолдар мен гүлзарлар. Көлік тұрағы қалашықтың сырт жағында орналасады. Бұл қалашық кейіннен еліміздің болашағына үлес қосатын жастарға пәтер ретінде берілсе деген ойымыз бар.

                                                                                                                                                                                                                                                                               2.«Болашақ» тобының екінші  жобасы«Тәуелсіздік» аллеясы                                                                                                                                                     Астана – еліміздің байтағы ғана емес, айбынды мемлекеттігіміздің бет-бейнесі, даңқты өткен тарихымыздың шежіресі. Жас елордамыз тарих-уақыт-кеңістік өлшемдерін тоғыстырып тұрар, сырт көзді тамсандырар, жұртымызды рухтандырар асқақ тарихи ескерткіш, ұлттық нақыштағы тамаша архитектуралық нысандармен, мазмұнға бай саябақ-аллеялармен айшықталып тұруы тиіс. Сол үшін біз Астанада «Тәуелсіздік» аллеясын ұсынамыз. Саябақтың ішіде Қазақ тарихындағы ел тәуелсіздігі үшін күрескен батырларымыздың бюстісі тұғырлар үстіне орнатылып, батырдың аты-жөні мен өмір сүрген кезеңінан шағын мағлұмат жазылса. Саябақты қыдырып жүрген кез келген адам көз тоқтатып қарап, өсіп келе жатқан ұрпаққа тарихтан дерек беріп тұрар еді.

 

3.Жас Астана ежелгі архитектуралық тарихи-мәдени ескерткіштерге бай болмаса да, жаңадан өткен мен бүгінді сабақтастырар нысандар, әсіресе, Алашорда аллеясы немесе кешенді мемориалдық саябағы бой көтерсе, нұр үстіне нұр болар еді.

Жалпы, Астанада Алаш қайраткерлеріне ескерткіш қою мәселесін көтеріп, 2007 жылдың аяғында «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының атынан Елбасының атына хат жолдағанын білеміз.   Елбасы бұған қолдау білдірді. Осыған байланысты даярлық жұмыстары басталып, 2008 жылы ескерткіш орнатылады деген ойда болдық.   Алайда әлі күнге дейін бұл бастама кешеуілдеп келеді. Астанаға келген-кеткен шетелдіктер, елорданың мәдени-ғылыми зиялы қауымы және  ел болашағы біз,жастар,  Есілдің сол жағалауында үлкен аллеяда Алаш қайраткерлеріне ескерткіш орнатылғанын қалаймыз. Жаңа мемлекеттілігіміздің, демократиялық ізденістердің бастауында Алаш зиялылары тұр, бұл – дәлелденген ақиқат

 

  1. Тарихымыздың жарқын және трагедиялық парақтары болып қалған Алаш арыстарының  ісі  Тәуелсіздікке сара жол салды, ұлт ретінде ұйысуымызға негіз қалады. Елін сүйген Алашорда қайраткерлері нағыз бренд емес пе? Кезінде Ресейдің ең озық оқу орындарын бітіріп, әлемдік деңгейдегі саясаткер  және  интеллигенттермен иық тірестіретін  дәрежеге ие болған Әлихан Бөкейханов, Бақытжан Қаратаев, Бақыткерей Құлманов, Ахмет Бірімжанов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіров, Жаһанша Сейдалин, Барлыбек Сыртанов, Айдархан Тұрлыбаев, Жанша Досмұхамедов, Халел Досмұхамедов, Мұстафа Шоқай, Жақып Ақбаев, Халел Ғаббасов, Райымжан Мәрсеков, Санжар Асфендиаров, Мұхаметжан Тынышпаев, Шафқат Бекмұхамедов,Иса Қашқынбаев, Отыншы Әлжановтардың еңселі ескерткіштері бой көтеріп, Алашорда аллеясы ашылса, Астанамыздың, еліміздің мақтанышына айналып, ұлт бойында әлі де бұғып жатқан руханият қауызын жарып шығар ма еді. Осынау мақсатты жүзеге асыру сіз бен біздің перзенттік парызымыз, әзиз Алаш баласы!
  2. Әдістемелік көрнекі кітапша «Тәуелсіздіктің таңғажайып ескерткіші- Астана»

Бұл кітапта Астана қаласының тұрғызылуы Тәуелсіздіктің  жемісі  екендігін  оқушыларға суреттер мен мәліметтер арқылы жеткізу қарастырылған.  Еркіндікке қол жеткізіп,  Тәуелсіздік алып, ес жиып серпілгеннен кейін Астананы Сарыарқаның төріне көшіруде ата-бабалар арманы жатқаны көрсетілген.. Астана қаласындағы әр ғимарат пен ескерткіштің айтар ойы мен  жеткізер мағынасының зор екені көрсетіледі.

Кітап Астана жайлы білгісі келетіндер үшін, сынып сағаттарын өткізу үшін көмекші құрал ретінде әзірленген.

Суреттер мен  мәліметтерді, деректерді әзірлеп құрастырушы:

Какарманова Райгүл Ғалымқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,

№56 мектеп-лицей,   Астана қаласы .