Сын есім. Сын есімнің жасалуы.
Сабақтың тақырыбы: Сын есім. Сын есімнің жасалуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: сын есімнің тұлғалық, құрамдық және мағыналық түрлерін, жасалу жолдарын, өзіне тән ерекшеліктерін түсіндіру;
Дамытушылығы: сын есім туралы түсініктерін кеңейту,сөздік қорын молайту, есте сақтау, ойлау,меңгеру қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелігі: сауатты оқу-жазуға, жауапкершілікке тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жеке жұмыс, топпен жұмыс
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, бейнелеу өнері, орыс тілі
Көрнекілігі: кеспе қағаздар, интерактивті тақта, суреттер
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіздер ме?
- Бүгін нешесі? Аптаның қай күні?
- Сыныпта кім жоқ?
- Бүгін ауа райы қандай?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз айларын атаңдар.
- Қазір қай ай?
- Қазір қай сабақ?
- Қазақ тілі нешінші сабақ?
Үй тапсырмасын сұрау:
Жаңа сабақты түсіндіру:
- тақырыптың мазмұнын ашып түсіндіру
- жаңа сөздер мен сөз тіркестерімен таныстыру
- жаңа сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздырту
Сын есім – заттың түрін, түсін, сапасын,салмағын, көлемін білдіретін сөз табы.
Сұрақтары: қандай? қай?
Жауабы: далалы, орманды, білімсіз, сыртқы, баласыз, кекшіл, сөзшең, теңгедей, сәнқой, жемқор, тарихи.
Жауабы: жабысқақ, ашық, білгіш, тапқыр, ұялшақ, үйінді, аспалы, шыдамды, бөспе, көтеріңкі
Жауабы: Өнерлі бала сүйкімді. Отан – оттан да ыстық. Күздің әдемі күні туып келеді. Көне сөз – жаңа сөздің қазығы. Кіп-кішкентай бойы бар, айналдырып киген тоны бар. Айдалада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау.
Ұқсастығы: екеуі де сындық белгіні білдіреді ( әдемі, көйлекті – қандай?)
Өзгешелігі: негізгі сын есім – түбірі сын есім, туынды сын есім – түбірі басқа сөз табы ( таза, тәтті; көшпелі, сөзшең – сын есім, етістік, зат есім)
Кел, ойнайық:
Оқушылардың көздерін байлап, алдарына түрлі жемістер қоямыз (тірі,шын –живые, настоящие). Қолына бірінші болып ілінген жемісті алады. Содан соң түрлі сын есімнің сұрақтарына жауап береді:
Мысалы: — Бұл қандай жеміс?
- Оның түсі қандай?
- Дәмі қандай?
- Пішіні қандай?
- Салмағы қандай? – деген сияқты түрлі сұрақтарға жауап береді. Соңынан орамалды шешіп, яғни көзін ашып, жауаптарының дұрыс-бұрыстығына көз жеткізеді.
Үлгі: Қазір жылдың берекелі де, мерекелі күз мезгілі. Күзде құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күзде мол астық жиналады. Аспанды қою қара бұлт қаптап, жиі-жиі жаңбыр жауады.
Оқушыларды бағалау:
Жоғарыдағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындап болған соң, сабаққа өте жақсы қатысқан оқушыларды және басқа да оқушыларды бағалап, журналға, күнделіктеріне бағаларын қою.
- Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет, сабақ аяқталды,
Сау болыңыздар!