Сөздердердің байланысу түрлерін қайталау
Сабақтың тақырыбы: Сөздердердің байланысу түрлерін қайталау
Сабақтың мақсаты: Сөздердің байланысу түрлері мен жасалуы , ерекшеліктері жайлы білімдерін кеңейту. Топтық жұмыс арқылы өзара үйретуге дағдыландыру. Даналық сөздерді оқу арқылы өз ойын жеткізуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: диалог, СТО, топтық жұмыс, рефлексия
Күтілетін нәтиже: Сөздердің байланысу түрлеріне тапсырмалар орындайды, талдау жұмыстары арқылы сыни ойлауға дағдыланады. Топтық жұмыс арқылы өзара ой бөліседі.
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
Білім | Үй тапсырмасы Сөздердің байланысу түрлерін табу 1-топ Құдіретін «құдайымның» көресің бе? Не жеміс өсер өзен дөңесінде… Арыстан демалуға суға кірсе, Балықтар шымшып ойнар терісінде.. 2-топ Адамның біліміне ақыл серік, Ақыл кен таусылмайтын жанға көрік. Талап қыл, азды-көпті жұмса ойды, Әр істің ақырын ойла көңіл бөліп. 3-топ Адамның бір қызығы бала деген, Баланы оқытуды жек көрмедім. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Топқа бөлу Қиысу, матасу, меңгеру болып үш топқа бөлінеді.
|
Дөңесінде өсер,терісінде ойнар Демалуға кірсе, суға кірсе, меңг Балықтар ойнар-қиысу,
Біліміне серік, жанға көрік, ойды жұмса-меңгеру, Адамның білімі, істің ақыры-матасу, ақыл серік-жанасу
Адамның қызығы-матасу, баланы оқыту-меңгеру, оқуды жек көрмедім-меңгеру, ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек-қабысу |
Түсіну | Венн диаграммасы Қабысу мен жанасудың ұқсастығы мен айырмашылығын табу | Қабысу-жалғаусыз байланысады,орын тәртібі, ілік септіктен басқа анықтауыштар мен сын-қимыл пысықтауыштар анықталатын мүшелермен байланысады. |
Қолдану | Ойлайық та, жазайық Төмендегі сөздерді негізге алып, сөз тіркесін жаз, байланысу түрін тап 1-топ абырой, бедел, қадыр, айыр 2-топ ақ, қамыс, түтік, химия 3-топ мектеп, абырой, ұстаз, ғажайып
|
Адамның абыройы, беделді адам, атамның қадірі Киімнің ағы, қамыстың қалдығы, түтіктің басы Мектептің табалдырығы, абыройлы ұстаз |
Талдау | Оқулықпен жұмыс 256-жаттығу Қабыса байланысқан тіркестерді жаз 1-топ Жолға шыққанша төртінші күн дегенде ұзын бойлы, қапсағай қара шал осы Етікші асуының бір орқаш биігіне көтерілді. 2-топ Салқын ызғар қамсауы жоқ, көне шекпеннен лезде өте шықты. Ол шырқау биіктен жан-жағына соңғы рет көз тастады да, ілгері жүріп кетті. 3-топ Жалаңаш жотадан көп төмен түсіп түсіп, қалың жынысты қойнауға жеткенде, жел басылып, күн жылынайын деді. Титығы құрып, әбден қалжыраған қарттың бұдан әрі жүруге халі келмеді.
| Ұзын бойлы, қапсағай қара шал, төртінші күн
Салқын ызғар, көне шекпен, шырқау биік,
Жалаңаш жота, қалың жыныс, қалжыраған қарт Оқушылар сөз тіркестерін талдайды. |
Жинақтау | Талдау –табыс кілті Сөз тіркестеріне талдау жаса, кестеге орналастыр. 1-топ темір күрек, кітаптың мұқабасы, тазалыққа үйір, үлкендер айтады, бүгін келді, мен көрдім 2-топ биік тау, аттың жүйрігі, ісімен жақсы, біреу алып кетті, жоғары өрледі, ол барған 3-топ таудай талап, мамырдың сегізі, ерге сын, Құнанбай ұқтырды, жорта айтты, алтын сақина
|
Оқушылар сөз тіркесіне талдау жасап, кестені толтырады. |
Пайымдау | Ұлы сөзде ұлағат бар Даналық сөздердің мағынасын аш, сөз тіркестерін тап 1-топ Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге. Абай Еңбексіз адам бақытты өмір сүре алмайды. А. Чехов 2-топ Ақыл бітсе дәулетке Дәулет бітпес келбетке. Абай Қоянды қамыс өлтіреді, жігітті намыс өлтіреді. 3-топ Жүректе қайрат болмаса, Ұйықтаған ойды кім түртпек? Ақылға сәуле қонбаса, Хайуанша жүріп күнелтпек. Абай Өзін-өзі билеген ел бақытты.
|
Ғұламалардың сөздерін оқу арқылы сыни ойлауға дағдыланады. Мағынасын ашады, сөз тіркестеріне талдау жасайды. |
Қорытынды | Үй тапсырмасы 264-жаттығу Кесте сұрақтарына жауап беріп,кестені толтыру Бағалау Рефлексия Екі жұлдыз, бір тілек
|
Өзін-өзі бағалауды жүзеге асырады. Сабақтан алған әсерін бөліседі. |